17
қыркүйек
2025
Үздік оқырман
Батыр қыздар – ел мақтанышы» атты кітапханалық оқу сағаты
Кітапханалық оқу сағатында оқушылар қазақ халқының ержүрек батыр қыздары — Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағылова туралы эссе жазып, олардың өмір жолы мен ерлік істері жайында тереңірек танысты.
Іс-шара барысында оқушылар батыр қыздардың Отан үшін жанын қиған ерлігіне тәнті болып, патриоттық сезімдерін білдірді. Әр оқушы өз жүрегінен шыққан эссесін оқып, Мәншүк пен Әлияның батылдығы мен қайсарлығын өнеге етті.
Сонымен қатар, балалар батырлар туралы қызықты кітаптар мен деректерді оқып, олардың өмірінен алынған тағылымды әңгімелер тыңдады. Кітапханашы Отансүйгіштік пен ерлік туралы ой қозғап, оқушыларды туған жерді сүюге, елін қорғауға әрқашан дайын болуға шақырды.
Іс-шара оқушыларға үлкен рухани әсер қалдырып, батырлықтың мәңгілік үлгісі болған Мәншүк пен Әлияның есімін тағы бір мәрте жүректеріне ұялатты.