Олимпиадалар » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
5-6 сынып оқушыларына арналған РО
02
ақпан
2024
5-6 сынып оқушыларына арналған РО
«Шымкент қаласының Дарын орталығы» КММ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2024 жылғы 26 қаңтардағы №68/15-11-04 хатын орындау мақсатында   ж алпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі а.ж. 1-2 ақпанда онлайн форматта өткізілді. 
Мектепішілік олимпиада
09
ақпан
2023
Мектепішілік олимпиада
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде жас мамандардың ұйымдастырумен мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 2-7 сыныптар аралығында оқушылар қатысты. Мектепішілік олимпиаданың математика пәні бойынша Хайдарова Алинур, бастауыш сыныптар бойынша математика және қазақ тілі мен орыс тілі пәндерін Шарибаева Мадина, орыс тілі мен әдебиеті пәндерін Қалиева Гүлжайна, ағылшын тілі пәндерін Тынышбекова Сымбат ұйымдастырды. Олимпиада өз деңгейінде өткізілді.   
"Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
03
ақпан
2023
"Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде 03.02.2023  күні «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. 3 сыныптан – 26 оқушы, 4 сыныптан – 22 оқушы қатысты.
2-7 сынып оқушыларына арналған "Зерде" зерттеу жобалар конкурсы
12
қаңтар
2023
2-7 сынып оқушыларына арналған "Зерде" зерттеу жобалар конкурсы
11 қаңтар 2023 жылы 2-7 сынып оқушыларына арналған "Зерде" зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңі онлайн форматта өткізілді. Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінен математика секциясы бойынша 4 "Ә" сынып оқушысы Нұртуған Нұрболат Талғатұлы "Көбейту амалдарының оңай да қызықты тәсілдері" тақырыбында өз зерттеу жобасын қорғап, 2-орынды иемденді. Жеңісің құтты болсын! Талабыңа нұр жаусын!