ЕЛІМНІҢ ЕРКІНДІГІ-АТА ЗАҢЫМ
КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Құрметті ата-аналар, оқушылар және біздің сүйікті оқырмандар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан халқының саналы таңдауы, ол кемел келешектің кепілі. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық. Ата Заң тек қана міндеттер мен талаптар жиынтығы емес, ол күллі халқымыздың ортақ мүдде, бір Отан ұғымын білдіретін басты құжат.