18
мамыр
2026
SMART бала жобасы
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде SMART бала жоба сы аясында информатика пәні мұғалімдері Н.А.Сагындыкова, Л.Л.Жумабаева, А.А.Байрова, Т.И.Зейнуллаева, А.Б.Сағындық 2-9 сынып оқушылары арасында "Мен, болашақ IT маманымын!( атты тақырыпта бағдарламалау байқауын өткізді. Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. І кезең: Тест тапсыру ; ІІ кезең: Бағдарламалау, практикалық тапсырма; ІІІ кезең: Шығармашылық тапсырма. Оқушылар өте белсене қатысып, пәнге деген қызығушылықтары артты. Алдағы болатын түрлі байқау, олимпиадаларға дайындықты бүгіннен бастау керек деп ой түйді. Информатика - жаңа ғылым саласы. Компьютер ол - барлық пәннің панасы! Ұстаздарға алғыс білдіреміз!