18
мамыр
2026
"Педагогика және тәжірибе: Үздік инттеллект шеберханасы" тақырыбында интеллектуалды КВЕСТ ойын
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтер арасында "Педагогика және тәжірибе: Үздік инттеллект шеберханасы" тақырыбында интеллектуалды КВЕСТ ойын өткізілді. Интеллектуалды ойынға 10 команда, барлығы 100 педагог қатысты. 6 кезеңнен тұратын интеллектуалды ойынға белсене қатысып, тапсырмаларды дұрыс орындап, жоғары ұпай жинаған, жеңімпаз атанған командалар марапатталды. І, ІІ, ІІІ орын иеленген командаларға дипломдар табысталды. AQYL+, BILIMAPP орталығының мамандарымен бірлесіп өтікізілген интеллектуалды ойын өте қызықты өтті, алғыс білдіреміз!