20
мамыр
2026
МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША САБАҚТАСТЫҒЫ: БОЛАШАҚ ШӘКІРТТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ
МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚША САБАҚТАСТЫҒЫ: БОЛАШАҚ ШӘКІРТТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ
Мектеп табалдырығын алғаш аттау — әр баланың өміріндегі үлкен белес. Осы өтпелі кезеңді бала үшін қызықты әрі сенімді ету мақсатында Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің ДОЖЖО У.А.Алменбетова мен бастауыш сынып мұғалімдері «Аружан» №11 бөбекжай-бақшасына арнайы барып қайтты.
Мақсатымыз балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту, болашақ 1-сынып оқушыларымен еркін қарым-қатынас орнату және олардың мектепке деген қызығушылығын арттыру.
Ерекше тәнті болдық! Кездесу барысында бүлдіршіндер өздерінің зеректігін, жан-жақтылығын және білімге деген құштарлығын көрсетіп, бізді ерекше тәнті етті. Балалардың логикалық ойлау қабілеті, тіл байлығы мен мектепке деген танымдық дайындығы жоғары деңгейде екені байқалды. Бұл — балабақша тәрбиешілері мен ата-аналардың бірлескен үлкен еңбегінің жемісі.
Мектеп пен балабақша арасындағы мұндай алтын көпір баланың мектеп ортасына тез үйреніп, алғашқы күннен бастап өзін сенімді сезінуіне көмектеседі.
«Аружан» №11 бөбекжай-бақшасының ұжымына жылы қабылдау мен балаларға берген сапалы тәрбиесі үшін алғыс айтамыз. Болашақ зерек шәкірттерімізді қыркүйекте мектебімізде қуана қарсы алуға дайынбыз!
Білімге бірге қадам басайық