Эстетикалық пәндер ӘБ есебі » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
мамыр
2019

Эстетикалық пәндер ӘБ есебі

«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Эстетикалық пәндері бойынша 
2018-2019 оқу жылында атқарған жұмысының есебі
Шымкент
К.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектебінің 
эстетикалық пәндері  бойынша 
 2018– 2019 оқу жылында
 атқарған жұмысының есебі
           1. Мектептің әдістемелік тақырыбы.
            2018 – 2019 оқу жылында Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектебінің мұғалімдері «Оқудағы және оқытудағы орта білім беру мазмұнын жаңартылған оқу бағдарламасын оқушыларға білім беру сапасын арттыру» тақырыбымен жұмыс жасады.
            Эстетикалық пәндерінің әдістеме бірлестігінің тақырыбы: «Жаңа технология  үлгісінде оқыту арқылы білім сапасын арттыру» осындай болды. Оқушыларды   эстетикалық тәрбиелеудегі және оқытудағы негізгі мақсат: баланың толық білім алуына ықпал жасау. Оқушыларды сулулыққа үйрету процесінде ғылым мен еңбекті өнермен ұштастырып, баланың ой-өрісін жан-жақты дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізде білім беру.
2. ӘБ-тегі мұғалімдерінің  сандық және сапалық құрамы. Жасына, ұлтына қарай біліктілік санатын көрсету.
Эстетикалық пәндерінің әдістеме бірлестігінде 5 мұғалім жұмыс істейді. Олар: Раимбекова Ж.А., Алимова Г.С., Оралбаева А.А., Нуралиева Г.К., Кулжанова М.К. 
             Аталған мұғалімдердің ішінде Раимбекова Ж.А., Алимова Г.С., Оралбаева А.А.,  Нуралиева Г.К. - жоғары оқу орындарын бітірген, ал Кульжанова М.К.,   арнаулы орта білімі бар мұғалім. Барлығы қазақ ұлтты мұғалімдер.
          Жоғары білікті санатты мұғалімдер саны – 2. Олар: Раимбекова Ж.А., Алимова Г.С.
Бірінші біліктілік санатты мұғалімдер саны – 1. Олар: Кульжанова М.К., Нуралиева Г.К.   
    Екінші санатты мұғалімдер саны  – 2. Ол: Оралбаева А.
3. Мұғалімдердің  біліктілігін көрсету.
      Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алимова Г.С. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Графика және жобалау»  пән   бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша «Өрлеу» орталығында оқыту курсын аяқтады.
    Мұғалімдер әдістемелік жұмыстарын біліктілік санаты бойынша өз дәрежесінде атқарды.
             4. Дарынды балалармен жұмыс.
             Әр мұғалім өздері сабақ беретін сыныптарында дарынды оқушыларды анықтап, дарынды оқушылармен атқарылатын жұмыс түрлерін оқу жылының басында жоспарлынған болатын. Сол жоспарға сай пән мұғалімдері өз жұмыстары туралы есептерін тоқсан сайын беріп отырды. Көркем еңбек, технология, бейнелеу өнері және музыка  пәндері бойынша оқушыларға тоқталатын болсақ.
Көркем еңбек, технология
                                                                                                                                 
Оқушының аты-жөніСыныпМұғалім
1Мусаева Дильбар11 «В»Раимбекова Ж.А.
2Анепкина Александра9  «В»Раимбекова Ж.А.
                                    
3Султанова Саида7 «В»Алимова Г.С.         
4Нуралиева Зиеда7 «В»Алимова Г.С.         
            
                                                                
5Абылай Анель5 «А»А.А.Оралбаева 
6Базарбай Балмина3 «А»А.А.Оралбаева
7Абайқызы Қарақат5 «А»Г.К.Нуралиева 
8Ибрашов Жаннұр5 «А»Г.К.Нуралиева 
Музыка
9Абдуакасова Диана8 «Ә»Кулжанова М.К
10Қанықбай Балнұр6 «А»Кулжанова М.К
            Жоғарыда көрсетілген пән мұғалідері өздері көрсеткен дарынды оқушылармен жұмыстар атқарады. Олар жыл бойы мектептегі ұйымдастырылған үйірмелерге қатысып шықты. Мектепте  танымдық қабілетін арттыру және шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында сүрет сайыстарын өткіздік.Шығармашылық ізденісте оқушылар өз бетінше ғылыми жобаларын мектепішілік ғылыми-практикалық конференцияда қорғады. Жобаның мақсаты: оқушыларға өздеріне қалаған бұйымдарын өз қалауынша, өз талғамдарымен мұғалімдердің көмегі арқылы, жеке-дара немесе топталып өтеулеріне мүмкіндік беру. Эстетикалық талғамдарын толтыру. Ізденістеріне мүмкіндік беру.Оқушылардың еңбек 
дағдысын дамыту.    
  
           Оқушылар шығармашылық ізденісте, өз бетінше рефераттар, баяндамалар, сүреттер, мүсіндер жасады. Дәстүр бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін әдістемелік конференцияда ұйымдастырлыды. Жоғарыда аталған дарынды балаларды қабілетін өзіндік қызығушылығы мен қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасауы қажет. 
             Әдістемелік бірлестік отырысында кемшіліктер туралы сөз қозғалып, дарынды балалармен жұмысты нығайта түсу оқушыларды барынша өз қабілеттерімен көзге түсе білүге баулу мақсат етіледі.
             5. Іс-шаралар, байқаулар, олимпиядалар, семинарлар, пән онкүндігі.
         Әдістемелік бірлестігінің  отырыстары өз уақытында өтілді. Ашық сабақтарды талдау жұмысы жүргізілді. Әдістемелік бірлестігінің  отырысында мұғалімдердің байқау жұмыстарымен, баяндалармен танысты, талқыланды. Сызу пәні бойынша мектепішілік оолимпиаданы өткіздік.   Бірлестік мұғалімдері жоспар бойынша сабақтарын беріп отырды.
      Онкүндік 2018-2019 оқу жылы жоспарға сәйкес болып өтті. Мақсаты: сапалы оқыту мен тәрбиелеу арқылы рухани бай, ел болашағын ойлайтын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың сауатын ашу, шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту. Онкүндікке мектептегі 1-11 сынып оқушылары және пән мұғалімдері қатысты. Бірлестіктегі мұғалімдер онкүндік жоспарларын жасады, мектеп басшылары тарапынан      жасалған жоспар бекітілді, таңдап алынған тақырыпқа сай баннерлер жасалды. Әдістеме бірлестігінің пән мұғалімдері сабақтарында пайдаланып жүрген жаңаша әдіс-тәсілдер қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді. Сабақ барысында СТО технологияларды, треннинг, сергіту сәті тиімді қолдана білді. Эстетикалық пәндерінің онкүндігі аясында «Қалыптастырушы бағалаудың оқу үрдесіндегі орны» атты семинар өткізілді. Эстетикалық пәндер мұғалімдері өз сабақ барсында қолданатын қалыптастырушы бағалау түрлерін көрсетті.
   Ашық сабақтар. Жоспар бойынша «Разработка сценария. Создание героев и декораций» атты сабақты 6 «В» сыныбында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алимова Г.С өткізді. Сабақ үстінде бірнеше жаңартылған бағдарлама бойынша әдістерді қолданды. Сабаққа қатысқан  ұстаздар сабақтың құрылымы жағынан өте жақсы өткені және осы сабақтан көп әдістер мен өздеріне керекті ақпараттар алғандарын айтты. 
Келесі ашық сабақтарды көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Оралбаева А.А. «Пластикалық пішіндер өнері.Мүсін өнері»  атты сабақты 5 «А» сыныбында өткізді. Бұл сабақта орта буын тобының сабаққа қатысу ерекшеліктері айқын байқалды. Олар өз қызығушылықтары мен куаныштарын жасыра алмады, сондықтан сабақ тартымды және қызықты өтті. 
     Ал Нуралиева Г.Қ. 10 «А» және 10 «Ә» сыныптардың арасында «Кондитерлік тағамдар»  атты ашық сабақты өтті. Сабақта жаңа тәсілдерді қолданды. Оқушылар еңбегі уақытылы бағаланып, тағы да білімдерін кеңейтетін мағлұматтар беріліп жатты. 
      Өте қызықты ашық сабағымызды музыка пәнінің мұғалімі Құлжанова М.Қ. «Профессиональная музыка Казахстана» атты сабақты 5 «Б» сыныбында өткізді. Мария өз сабағында  АҚТ, диалогтық әдістерді тиімді пайдаланды. Сабақ мақсатына жетті. Жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданып ашық сабақтарды өткізді.
     Сызу пәнінің мұғалімі Ж.А. Раимбекова «Общие сведения об аксонометрических проекциях. Аксонометрические проекции многоугольников атты 9 «Г» сыныбымен ашық сабақты өткізді. Сабағын сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша құрды.   Өзінің көп жылғы іс-тәжірибесін, шеберлігі көрсете білді. Оқушылардың шығармашылық деңгейін тексеру мақсатында бірнеше жұмыстар атқарды. Барлық мұғалімдер жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданып ашық сабақтарды өткізді.
    Сыныптан тыс іс-шаралар. Көркем пәнінің мұғалімдері Алимова Г.С.   5-7 сыныптар арасында «Менің сүйікті қалам» атты сурет байқауын откізді. Көркем еңбек  пәнінің  мұғалімі Раимбекова Ж.А. 11 сынып  оқушысының Мусаева Дильбардың шығармашылық жұмыстарының  жеке  көрмесін үйыдастырды. 
Технология пән мұғалімі Нуралиева Г.К.  10 «А» және 10 «Ә» сыныптардың арасында «Кондитерлік тағамдар»,  ал   Оралбаева А.А. «Өрнектер әлеміне саяхат» тақырыбында 4 сыныптардың арасында сайыс-сабақтарды өткізді. Сайыстар таныстыру, логикалық сұрақтар, капитандар сайысы, әртүрлі танымдық ойындар, музыка минуты кулинария, би секілді турлардан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы сайыстардан сүренбей өтті. Сайыстар қызықты өтті. Сайысқа қатысушылар өз білімдерінің шыңын көрсетіп қоймай, білімдерін одан әрі жетілдіре түсті. Сайысқа қатысушы оқушылар өз білімдерін мен тапқырлықтарын көрсете білді.
       Онкүндік барысында бейнелеу өнері және технология пәндері бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Соңғы күні онкүндіктің қорытындысы өткізді. Музыка пәнінің мұғалімі Құлжанова М.Қ. 2-7 сыныптардағы оқушылармен «Ән көңілдің ажары» атты концертті ұйымдастырды. Онкүндікке белсене қатысқан оқушылар және сыныптар мадақтама қағазымен марапатталды.Қатысқан ұстаздар өз пікірлерін айтты. Пікірлер бойынша іс-шаралардың жетістіктері мен кемшіліктерді білдірілді.
                    6. 2018-2019 оқу жылындағы  эстетикалық пәндері бойынша  мұғалімдерінің   қол  жеткізген жетістіктері.      Диплом ІІІ дәрежелі.Рамазанова Сара Ақзамқызының 75-жылдық мерейтойына арналған «Жаратылыстану ғылымдары мен ғалам» атты халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференция аясында өткен «Жас ғалым» атты мектеп оқушылырына арналған көрмесіне қатысқаны үшін.                          
Мұғалімдердің аты -жөніМадақтамалары 
1.Раимбекова Ж.А.1. Диплом  І дәрежелі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Табиғат әлемі балалар көзімен» көркем өнер байқауына қатысу үшін.
2.Диплом  І дәрежелі М. Әәуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Архитектура» кафедрасы «Сызу»  пәнінен өткізген қалалық мектеп оқушылары арасындағы олимпиадаға белсене қатысып, жоғары деңгейде білім көрсеткені үшін.
3.Сертификат. М. Әәуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми зерттеу басқармасы. «Шығармашылық» номинация бойынша Ғылыми – зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының қатысушысы.
4. Сертификат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Academia.kz» Педагогикалық шеберліктің виртуалды зертханасымен әріптестікте әзірленген «Оқудың белсенді әдістері» онлайн курсын аяқтаған үшін.
      7. Оқушылардың жетістіктері.
1. Диплом  І дәрежелі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Табиғат әлемі балалар көзімен» көркем өнер байқауына қатысу үшін. Мусаева Дильбар, 11 «В» сынып.
2.Диплом  І дәрежелі М. Әәуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Архитектура» кафедрасы «Сызу»  пәнінен өткізген қалалық мектеп оқушылары арасындағы олимпиадаға белсене қатысып, жоғары деңгейде білім көрсеткені үшін. Камилжанова Диана, 11 «В» сынып.
3. Диплом.  М. Әәуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Архитектура» кафедрасы «Сызу»  пәнінен өткізген қалалық мектеп оқушылары арасындағы олимпиадаға белсене қатысқаны үшін  Абдукарим Ұлбала, 9 «Ә» сынып, Кулумбекова Даяна 9 «Ә» сынып, Хамракулова Розалина, 9 «Г» сынып.
4.Сертификат. М. Әәуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми зерттеу басқармасы. «Шығармашылық» номинация бойынша Ғылыми – зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының қатысушысы. Анепкина Александра, 9«В» сынып. 
8. Пән бойынша білім сапасының көрсеткіші (үлгерімі, білім сапасы)
2018-2019 оқу жылындағы сызу, бейнелеу өнері? Көркем еңбек және музыка пәндері бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері:
ПәндерҮлгеріміБілім
 сапасы
1Бейнелеу өнері100%97,5%
2Сызу100%55%
3Музыка100%95,5%
4Көркем еңбек100%100%
           Мұғалімдер оқушылардың білім сапасын көтеру үшін барынша тиімді және жаңаша   әдіс – тәсілдерді қолданды.
9. Жаңа технология элементтерін енгізү.
             Әдістемелік  бірлестіктің мұғалімдері жаңаша әдіс-тәсілдерді, 7 модуль технология элементтерін  сабақтарында пайдаланып, балаларға барынша түсінікті жолдар  таңдалып алып отырды. Дамыта оқыту, деңгейлік оқыту, ой қозғау, топтастыру, модульды оқыту, сканвордтар, ребустар шешу,  сабақтарда ойын элементтерін пайдалану өз нәтижелерін көрсетті. Баланың сабаққа деген ынта – ықыласын, қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарды түрлендірріп оқыту  әдістеме бірлестігінің басты мақсаты болып табылады.  Биылғы оқу жылында мұғалімдер интерактивті тақтаны пайдаланып тиімді сабақтар өткізді.
        10. Авторлық бағдарлама. 
          2018-2019 оқу жылында сызу, бейнелеу өнері, көркем еңбек және музыка пәндері бойынша авторлық бағдарлама жасап көзге түскен мұғалім болған жоқ.
          11. Сыныптан тыс жұмыс.
       Сыныптан тыс жұмыстары жоспарға сай жыл бойы өткізілді. Осындай сабақтарда оқушылардың еңбегі уақытылы бағаланып, тағы да білімдерін кеңейтетін мағлуматтар беріліп жатты.  Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері  Ж.А.Раимбекова және Г.С.Алимова бірнеше сурет байқауларын өткізді. Олар: «Зомбылыққа жол жоқ», «Тәуелсіздік ел тұғыры», «Менің отбасым», «Менің отаным Қазақстан» атты асфальттағы сурет байқауын өткізді. Байқаулар өте қызықты өтті. Әр оқушылар және сыныптар жұмысына қарай марапатталды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын орындау үшін, «Табиғат әлемі балалар көзімен», «Қылмыссыз жарқын болашақ» атты сурет байқауларын өткіздік.
           Осындай байқаулар талантты және дарынды оқушылардың қабілеттерін анықтайды,   дамытады. 
         13. Жас мамандармен жұмыс.
                Бейнелеу өнері және сызу пәндері бойынша 2018 – 2019  оқу жылында   жас мамандар    болған жоқ.
            14. Кемшіліктер.
         Бейнелеу өнері, сызу, көркем еңбек және музыка пәндерінің көрнекіліктерін, құралдарын жаңартылуы қажет. Пәнге арналған кабинеттерді оқу әдістемелік құралдармен, көрнекіліктермен толтыру керек.
            16. Келесі оқу жылының міндеттері. 
Келесі оқу жылында, яғни 2019-2020 оқу жылында  бірлестік мұғалімдеріне мынадай міндеттер жүктелінеді:
1. Оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша аянбай еңбектену.
2. Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға өз үлестерін қосу.
3. Білім стандартына   және бағдарламасына сай сабақты жоспарлап сапалы білім беру.
4. Шығармашылық ізденісте болу, нәтижеге қол жеткізу.
5. Оқушыларды ғылыми жобаға қатыстыру.
6. Сабақтарында жаңаша әдіс – тәсілді тиімді пайдалана отырып, оқу мен тәрбиені  қатар алып жүру, оқу - тәрбие процессіне жаңаша мазмұн беру.
7. Өзара сабақтарға еніп, тәжірибе алмасу, кемшіліктер мен жетістіктерін талқылап отыру.
8. Пән кабинеттерін заман талабына сай жабдықтау.
9. Көрнекті құралдарды көбейту. Электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны тиімді пайдалану.
10. Интернет жүйесінен қалалық, облыстық, республикалық өнегелі ұстаздарды өзық тәжірибесімен бөлісу.
11. Дарынды,   үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту.
12.  Облыстық, қалалық,  мектепшілік байқауларға қатысу, оқушыларды дайындау, нәтижеге жету.
13. Өз білімдерін жетілдіріп отыру. 
       Эстетикалық пәндерінің әдістемелік                                                    Раимбекова Ж.А.
бірлестігінің жетекшісі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив