Ата - аналарға
1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде жүргізіледі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
01 сәуір 2025 ж. – 31 тамыз 2025 ж.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ
www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталына:
1) мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) № 065/у нысанды "Профилактикалық екпелер картасы" және № 052-2/у нысанды "Бала денсаулығының паспорты";
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
Көрсетілетін қызметті берушіге (мектеп қызметкеріне) (қағаз түрінде):
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
(Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі)
3) № 065/у нысанды "Профилактикалық екпелер картасы" және № 052-2/у нысанды "Бала денсаулығының паспорты" медициналық анықтамалары;
4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ – ГРАФИК РАБОТЫ
Дүйсенбі – жұма - 9.00 - 18.30
Түскі үзіліс - 13.00 - 14.30
Мектептің мекен-жайы:
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Курманбекова 36
Байланыс телефоны: 8(7252)95-49-95, 95-49-94
Бағдар : аялдама Қатын көпір , автобустар № 12, 138,23,6, 158, 66, 96
Аялдама Алпысбаев көшесі ,автобустар № 20, 68,


