Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қаз » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қаз
13
ақпан
2020

Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қаз

Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17657 болып тіркелді.
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 1-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгілік қағидалары;
      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;
      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
      Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2018 жылғы 30 қазандағы
 № 595 бұйрығына 2-қосымша

Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) сәйкес әзірленген және "Назарбаев зияткерлік мектептері" Дербес білім беру ұйымын қоспағанда, олардың меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін айқындайды.
      2. Білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды және білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.
      3. Білім беру ұйымдарының міндеттері:
      1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;
      2) "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;
      3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
      4) азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
      5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу болып табылады.
      4. Білім беру ұйымдары өз қызметін "Білім туралы" Заңның 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
      5. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім алудың қолжетімділігіне жағдайлар жасалуына қарай барлық деңгейлерде оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат және ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады.
      6. Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
      7. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе тиісті үлгілік оқу жоспарларына сәйкес стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
      8. Білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
      9. Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір орта білім беру ұйымынан басқасына ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
      Білім беру ұйымынан шыққан адам басқа білім беру ұйымына келуі туралы талон ұсынады, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетіледі, содан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетілген кету туралы есептен шығару талоны және оның жеке ісі беріледі.
      Кету туралы есептен шығару талоны білім алушының келуі және жеке ісін тапсыруы үшін білім беру ұйымына ұсыну үшін беріледі.
      10. Бұрын шетелдік мектептерде оқыған білім алушылар Қазақстан Республикасына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде оқуды жалғастырады. Мектептердің әкімшіліктері жергілікті білім беру басқармаларымен бірлесіп, олардың білім деңгейін анықтау үшін Комиссиялар құрады, оның жұмысының қорытындысы бойынша оқушыны қазақстандық мектептің тиісті сыныбына қабылдау туралы шешім қабылданады.
      11. Білім беру ұйымдарында білім алушының, заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін, жекеменшік білім беру ұйымдарында оқу төлемінің мөлшерін айқындайтын шартпен реттеледі.
      12. Он алты жасқа дейінгі балаларды білім беру ұйымдарынан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
      Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.
      Білім беру ұйымдарынан шығарылған кәмелетке толмаған балалардың жалпы орта білім алуы жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жалғастырылады.
      13. Оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап келесі жылғы 25 мамырға дейін жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.
      14. Білім беру ұйымдарындағы сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды.
      15. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

2 -тарау. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

      16. Білім алушылар, педагог қызметкерлер, білім алушылардың заңды өкілдері білім беру процесінің субъектілері болып табылады.
      17. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білім беретін үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары береді.
      18. Педагогтік қызметпен айналысуға тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдарға рұқсат етіледі.
      Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа "Білім туралы" Заңның 51-бабында көзделген адамдарға рұқсат етілмейді.
      19. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      20. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері "Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
      21. Білім беру ұйымдары оқу процесін "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) жүзеге асырады.
      Білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
      22. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтарын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, коммуникативтік дағдылардың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
      23. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған.
      Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.
      Әрбір оқу пәнінің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.
      24. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленген.
      25. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларды инклюзивтік білім беру жағдайларында оқыту (бір сыныпта білім алуға ерекше қажеттілігі бар кемінде екі баланың оқуына рұқсат етіледі) және (немесе) дамудағы бұзылулардың түрлері бойынша арнайы сыныптарды ашу көзделген.
      Инклюзивті білім беру жағдайларында білім алатын білім алуға ерекше қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы және ұсынымдары бойынша үлгілік оқу немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша оқиды.
      Инклюзивті білім беру жағдайларында және (немесе) арнайы сыныптарда білім алатын білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін түзету сабақтарын арнайы педагогтар (дефектолог олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүргізеді.
      26. Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      27. Білім беру ұйымдарында қосымша білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары іске асырылады.
      28. Білім беру ұйымдарында оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.
      29. Меншік нысандарына қарамастан,барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің МЖМС-ге сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.
      30. Білім беру ұйымдары үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компоненттерінің сағаттарын мектептен тыс (мәдениет мекемелерінде, спорт ғимараттарында, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, табиғатта) өткізеді.
      31. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі МЖМС, санитариялық қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
      32. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген).
      33. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.
      34. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.
      Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.
      35. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымдары "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.
      36. Білім беру ұйымдары бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде, өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады.
      37. Барлық білім беру ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
      38. Білім беру ұйымы ақпаратты автоматтандырылған алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі бар деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
      Білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
      39. Білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      40. Білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      41. Білім беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық және әдістемелік кеңестер білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив