"Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі. » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
мамыр
2026

"Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі.

Қадірлі біздің асыл ұстазымыз, ардақты ардагер!
Сізді бүгінгі Алғыс айту күнімен Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері атынан шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздық жол -ең қиын, бірақ ең асыл жол. Сіз осы жолда талай шәкірттің «әліппесін» ашып, олардың алғашқы қалам ұстаған саусақтарына күш, санасына сәуле бердіңіз. Сіздің мейірім толы жанарыңыз бен сабырлы үніңіз қаншама баланың тағдырына жол сілтеді. Баланы тек біліммен емес, жүрекпен тәрбиелеуді, қандай жағдай болмасын, ұстаздық абыройды биік ұстауды ту еткен ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! "Жақсы мұғалім — мектептің жүрегі." Сіз біздің мектептің соғып тұрған жүрегі, сарқылмас тәжірибе мектебісіз. Біз Сіздің ізіңізді басып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз. Сіздің жүріп өткен жолыңыз — біз үшін нағыз мектеп, нағыз өнеге. Төріміздің сәні, ұжымымыздың мақтанышы болып аман-есен жүре беріңіз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив