Математика және информатика пәндер онкүндігінің ашылуы » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика және информатика пәндер онкүндігінің ашылуы
18
сәуір
2024

Математика және информатика пәндер онкүндігінің ашылуы

Шымкент қаласы, білім басқармасына қарасты Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде "Математика және информатика" пәндерінің онкүндігі басталды. Онкүндік 18.04-30.04.2024ж. аралғында өткізіледі. Әдістеме бірлестігімізде білікті мамандар жұмыс жасайды. Онкүндіктің арнайы жоспары құрылып,бекітіліп,  сол жоспар бойынша барлық пән мұғалімдері ашық сабақ, сайыс сабақ, интеллектуалды ойындар өткізеді.  Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, жан-жақты ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Әр баланы білім нәрімен сусындатып, адамгершілік қасиеттерін дарытып, ұлттық тәрбие беріп, компьютерлік сауаттылықтарын арттыра білсек еңбегіміздің жемісті болары сөзсіз. Онкүндіктің ашылуына мектебіміздің барлық пән мұғалімдері, І, ІІ ауысым бойынша оқушылар белсене қатысты. Барлық тапсырмаларды толық орындаған оқушыларға арнайы ынталандыру сыйлықтары берілді. Алдағы уақытта да оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға қызықты тапсырмалар мен пәнге байланысты ойында өткізілетін болады. Баршаңызға сәттілік. Онкүндіктің талапқа сай және жоғары дейгеіне өтілуіне баршаңызды шақырамыз! Сәттілік!!!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив