19
мамыр
2026
«Эстетика пәндер апталығының» салтанатты ашылуы
Білім басқармасына қарасты Шымкент қаласы «Кенесары Қасымұлы атындағы №33 мектептебінде «Эстетика пәндер апталығының» салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өтті. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Апталықтың ашылу барысында оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қызықты ойындар «Көңілді бет-бейне» ойынның мағынасы — оқушылар бет мүшелерін (көз, мұрын, ауыз т.б.) дұрыс орналастырып, кейіпкердің бейнесін құрастырады , «Суретті толықтыр» жартылай салынған суреттер ұсынылып, олар өз қиялдары мен шығармашылық идеяларын пайдалана отырып, суретті толықтырды. Сонымен қатар мектеп дәлізінде оқушылардың қолынан шыққан шығармашылық жұмыстардан арнайы көрме қойылды. Көрмеге ұлттық нақыштағы паннолар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, суреттер, қолөнер жұмыстары мен заманауи стильдегі композициялар ұсынылды