2025-2026 оқу жылындағы педагог ұйымдастырушы бойынша қорытынды талдау есебі
"Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
жылдық талдау есебі
Қорытынды
Жанбосынова М.Ш
пЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
2025-2026 оқу жылы
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі Педагог ұйымдастырушы Жанбосынова Меруерт
2025-2026 оқу жылындағы педагог ұйымдастырушы бойынша
қорытынды талдау есебі
ҚР Оқу- ағарту Министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бекіту туралы 26.05.2025 ж. № 123 бұйрығы негізінде 2025-2026 оқу жылына жылдық жоспар бекітілді.
Ағымдағы оқу жылында бірінші жартыжылдығында педагог ұйымдастырушының жылдық жоспарға сай жүргізілді. Бұл кезеңде мектептің педагог ұйымдастырушыға қатысты іс-шаралар мен сыныптан тыс жұмыстарға баса назар аударылды. Әлеуметтік және жобалар іске асырылды. Оқушылардың белсенділігі мен қатысу деңгейін арттыру мақсатында түрлі клубтар, үйірмелер, секциялар, балалар бірлестіктіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілердің жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп парламентінің жұмыстар,іс-шаралар ұйымдастырылды. Мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілді. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде әр айға құндылық атауы берілді. Сол құндылықты дәріптеу негізінде айлық жоспар жасалды. 2025–2026 оқу жылында Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүйелі педагог ұйымдастырушының жұмысы ұйымдастырылып, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді, отансүйгіштік пен жауапкершілікті қалыптастыру бағытында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.
| Күнделікті іс-шаралар: | Апта сайынғы іс-шаралар: |
| ·Ұлттық ойын ұлт қазынасы» ·«Өнегелі 15 минут» ·«Үнемді тұтыну» ·«Күй күмбірі»-дәстүрлі қоңырау үні | ·Менің Қазақстаным»- Гимн орындау ·«Қауіпсіздік сабағы»- сынып сағаттары |
| Жоба атауы | Іс-шара саны | Қамтылған оқушы саны | Қатысқан педагог саны | Қатысқан ата-ана саны |
| «Қамқор» | 8 | 789 | 48 | 56 |
| «Шабыт» | 4 | 1100 | 96 | 65 |
| «Смарт бала» | 3 | 56 | 15 | 10 |
| «Еңбегі адал жас өрен» | 16 | 1115 | 60 | 85 |
| «Ұшқыр ой алаңы» | 6 | 74 | 6 | - |
| «Балалар кітапханасы» | 35 | 1160 | 95 | 55 |
| Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам | 3 | 1084 | 56 | 80 |
| Буллингтен қорған | 20 | 1180 | 95 | 636 |
| Ойынға салауатты көзқарас | 3 | 439 | 22 | 85 |
| Өмірге салауатты қадам | 4 | 284 | 14 | 87 |
| Қоғамдық мүлікті қорға | 2 | 1200 | 94 | 156 |
| Қауіпсіз қадам | 4 | 284 | 14 | 90 |
| Үнемді тұтыну | 2 | 1226 | 119 | 95 |
Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім алушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, құқықтық мәдениетке, жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелеу болды.
Қыркүйек айында «Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына» тақырыбындағы айлық аясында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Білім күніне арналған 1 қыркүйек «Мектебім-мейірім мекені» салтанатты жиын 01 қыркүйек күні мектеп алаңында өтті. Салтанатты жиынға 1 сынып оқушылары, ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты. Жиын Мемлекеттік Әнұранмен басталып, салтанатты шараны мектеп директоры Мамытбаева Сауле Асетовна құттықтау сөз сөйлеп ашты. 2қыркүйек күні «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары түгел қамтылып, жауаптылар қатарында ДТІЖО Г.Ж.Ахылбекова, Б.І.Тұрғанбеков, мектеп тәлімгері А.Майлыбай және сынып жетекшілері болды.
Бұл жұмыстар оқушылардың таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты челлендж ұйымдастырылып, ата-аналармен бірлескен жұмыстар әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.
Қазан айындағы тәрбие жұмыстары «Ел-жұртымның бақыты аталған, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың» тақырыбымен жалғасты. «Қарт жүрген жер – береке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, оқушылар қарттарға көмек көрсетіп, қамқорлық танытты. Бұл іс-шараға «Адал азамат» өзін-өзі басқару ұйымы мен сынып жетекшілері белсенді қатысты.
Сонымен қатар «Ұстаздарға мың алғыс» тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізіліп, ардагер ұстаздармен кездесулер ұйымдастырылды. Оқушылардың өнерлері көрсетіліп, ұстаздарға құрмет білдірілді.
Қазан айында «Адалдық – атадан қалған мұра» тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың адалдық, әділдік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту болды. Сонымен қатар «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты қыз балаларға арналған тәрбиелік кеңестер ұйымдастырылып, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері қарастырылды. Бұл жұмыстарға педагог-психологтар мен сынып жетекшілері тартылды.
Қараша айындағы іс-шаралар «Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым» тақырыбында ұйымдастырылды. «Ұлттық валюта» күніне орай тақырыптық шаралар өткізіліп, оқушыларға қаржылық сауаттылық туралы түсінік берілді. Сонымен қатар «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты челлендж ұйымдастырылып, жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қараша айында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, аналар мектебінің жұмысы жандандырылды. Бұл шараларға ата-аналар белсенді қатысып, ұлттық тәрбие мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «Әкелер мектебі» аясында тәрбиелік кездесулер өткізілді.
«Адал азамат» бағдарламасы аясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы тұрақты жүргізілді. «Оқырман ана», «Ең көп оқитын сынып», «Өзің оқы, өзгеге ұсын» акциялары ұйымдастырылып, оқушылар арасында кітап оқуға қызығушылық артты. Мектеп кітапханашысы Н.Иманбердиева аталған жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастырды.
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында мамандық таңдауға бағытталған іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру кездесулері ұйымдастырылды. Оқушылар әртүрлі мамандық иелерімен кездесіп, еңбек адамының қоғамдағы рөлін түсінді. Сонымен қатар ата-аналардың қатысуымен «Мамандықтар әлемі менің таңдауым» тақырыбында саяхат алаңы өткізілді.
Тәрбие жұмыстары барысында ұлттық тәрбиеге ерекше мән берілді. «Ұлттық валюта», «Мемлекеттік рәміздер», «Туған жердей жер болмас», «Отаным – алтын бесігім» тақырыптарында өткізілген іс-шаралар оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыруға ықпал етті.
Психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары да тұрақты жүргізілді. Педагог-психологтар оқушылар арасында тренингтер, сауалнамалар, түсіндіру жұмыстары мен жеке кеңестер өткізді. Әсіресе буллингтің, құқықбұзушылықтың және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қараша айында «Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым» тақырыбындағы іс-шаралар ұйымдастырылды. 3 қараша күні «Шабыт» жобасы аясында шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында театр қойылымы өткізілді. Сонымен бірге «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты челлендж ұйымдастырылып, жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
7 қараша күні «Әжелер мектебі» аясында тәрбиелік кездесу өткізілсе, 10 қараша күні «Ұлттық валюта» күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушыларға қаржылық сауаттылық пен ұлттық құндылықтардың маңызы түсіндірілді. Ай барысында «Құқықтық сауаттылық заман талабы», «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыптарында кездесулер мен түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Қараша айының соңында «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» тақырыбында ата-аналармен және педагог-психологтармен бірлескен семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Желтоқсан айында «Бірлігі күшті ел озады» тақырыбындағы тәрбие жұмыстары жүргізілді. 1 желтоқсанда «Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында «Оқы және білім ал» челленджі өткізілді. 2 желтоқсанда «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты дебат турнирі ұйымдастырылды. Дебатқа жоғары сынып оқушылары қатысып, өз пікірлерін еркін жеткізе білді.
5 желтоқсан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша тіл байлығын дамытуға арналған оқыту сабақтары өткізілді. Ал 8 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.
15 желтоқсанда буллингтің алдын алу мәселелері қарастырылды. 17 желтоқсанда «Біз біргеміз – буллингке жол жоқ!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Бұл жұмыстарға педагог-психологтар Т.Нарметова, А.Жұман сынып жетекшілері және мектеп тәлімгерлері қатысты.
Сонымен қатар «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстелдер өткізілді.
22 қаңтар күні АПҚО жоспары аясында, «Даналық мектебі» жобасын іске асыру мақсатында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі талқыланды. «Тәжірибең ұшқыр және ішкі күш» тақырыбында психологиялық қолдау кездесулері ұйымдастырылды.
19 қаңтарда «Құқықтық сауаттылық заман талабы» тақырыбында кездесу өткізілсе, 20 қаңтар күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты плакаттар байқауы ұйымдастырылды.
22 қаңтар күні «Қамқор» жобасы аясында «Қар десанты» волонтерлік эстафетасы өткізіліп, оқушылар қарт адамдарға көмек көрсетті.
Ақпан айында «Жасампаздық – бәрімізге өнеге» тақырыбындағы іс-шаралар ұйымдастырылды. 3 ақпан күні «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар «Әкелер мектебі» аясында тағылымдық сабақтар ұйымдастырылды.
19 ақпан күні құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Құқықтық сауаттылық заман талабы» атты кездесу өткізілді. 21 ақпан күні оқушылар арасында экологиялық акция ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау мәселелері түсіндірілді.
1-наурыз Алғыс айту күні — адамдардың бір-біріне ризашылығы мен құрметін білдіретін мереке. Қазақстанда бұл күн жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Мерекенің негізгі мақсаты — елдегі түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен татулығын нығайту, қиын кезеңдерде бір-біріне көрсетілген қамқорлық пен көмекті еске алу.Бұл күн алғаш рет 2016 жылы ресми түрде мереке ретінде бекітілді. Алғыс айту күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен де байланысты. Мереке кезінде адамдар ата-анасына, ұстаздарына, достарына және қоғамға жақсылық жасаған жандарға алғыс айтады.Мерекелік бағдарлама ҚР Әнұранымен басталды.Іс-шара барысында 5 «А», «Г» өлең оқыды.6 «А» сынып оқушысы Жүзжасарова Фариза «Алғыс айту» әнін орындады.
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ананың аялы алақаны»атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – нәзік жанды арулардың қоғамдағы рөлінің ерекше екенін көрсету, аналар мен ұстаздарға құрмет білдіру, оқушыларды имандылыққа, инабаттылыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу болды.Мерекелік кешке мектеп ұстаздары, аналар қауымы, оқушылар және мектеп әкімшілігі қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, аналар мен ұстаздарға арналған жылы лебіздерін білдірді.
Концерттік бағдарлама барысында 10 «А» және 3 «А» сынып оқушыларының орындауында «Ана қадірі»атты театрландырылған көрініс қойылды. Сонымен қатар 10 «А, Б» сынып оқушылары ана туралы әсерлі монолог орындады. 5 «Г» сынып оқушылары «Мама»әнін орындап, көрермендердің көңілінен шықты. 1-сынып оқушылары аналарға арналған би билеп, мерекенің сәнін келтірді.Жас маман мұғалімдер «Тақиялы періште»атты көрініс қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал 7 «А» сынып оқушылары «16 қыз»биін орындап, мерекелік кештің көркін арттырды. Іс-шара барысында мектеп директоры Мамытбаева Сәуле Асетовнажәне кәсіподақ төрайымы Аширбекова Айгүл Абадовнасөз сөйлеп, мектептің әйел ұстаздарын мерекемен құттықтап, алғыс білдірді. Сондай-ақ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрғанбеков Балмахан Ізбасарұлыжәне дене шынықтыру пән мұғалімдеріне құттықтау сөзін береміз.Мерекелік кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар аналар мен ұстаздарға деген құрметтерін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.Ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аналар мен ұстаздарға деген ыстық ықылас пен шынайы құрметтін көрсеткен оқушыларға алғыс білдіреміз!
14-Наурыз Көрісу күні. «Көрісу – амандықтың белгісі» тақырыбында әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған оқушылар Қазақстан халқына ризашылығын өз тілдерінде айтты.
16-Наурыз Күй кұмбіріМәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Күй күмбірі» атты челлендж ұйымдастырылды.Челлендждің негізгі мақсаты – оқушыларға қазақтың ұлттық музыка өнерін насихаттау, күй өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың күйлерін орындап, домбыраның әсем әуені арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын танытты.Челленджге мектеп оқушылары белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 10 “В” сынып оқушысы Селезнева Жасмина, 8 “Д” сынып оқушылары Чернолих Людмила, Речинская София, Речинская Ангелина, Байгарина Кристина, Резниченко Карина, 7 “А” оқушысы Пазыл Алтаир, 4 “А” Мамырхан Раяна, 4 “Ә” Есмағанбет Нұрайдар, 9 “Б” Шахмуратов Мухаммед “Ерке сылқым”, авторы А. Желдібаевтың күйін оқушылардың орындауындағы күйлер ерекше әсер қалдырды. Бұл шара жас ұрпақты ұлттық өнерді құрметтеуге, ата-баба мұрасын қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталды. Аталған челлендж мектеп өміріндегі маңызды мәдени іс-шаралардың бірі болып, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.
17-Наурыз «Ұлттық мәдениет» көрмесі. Көркем еңбек пән мұғалімі Нуралиева Г. мектеп оқушыларының қолдан жасаған қолөнерлерін фоиеге шығарып, мектепте көрме ұйымдастырды.
18-Наурыз «Жер сағаты» экологиялық акциясы– табиғатты қорғауға және климаттың өзгеруі мәселесіне назар аудартуға бағытталған халықаралық акция. Акцияға мектеп оқушылары қатысты. Мектеп ауласына ағаш екті, мектепте бір сағатқа жарық өшірілді.
19-Наурыз Ұлттық киім күні
«Ұлттық киім – ұлт мақтанышы». Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің тарихы мен маңызын таныстыру, ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.Шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар қатысты. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, олардың ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні туралы қысқаша мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар ұлттық киімдерден сән көрсетілімі ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.“Ұлттық киім челленджі” аясында әр сыныптан қатысушылар ұлттық киім үлгілерін таныстырып, челленджді келесі сыныптар мен білім беру ұйымдарына жолдады. Шара барысында фото және бейне түсірілімдер жасалып, әлеуметтік желілерге жарияланды.
21-22 Наурыз Армысың Әз Наурыз«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»мерекелік атты іс-шара өтті. Наурызнама бағдарламасына сай өткізілді.
23-24 Наурыз “Тазару күні” аясында экочеллендж Көктемгі ағаш егу науқаны өткізілді. “Таза табиғат-жарқын болашақ” тақырыбында барлық мектеп оқушылары қатысты.
2 - Сәуір Халықаралық балалар кітап күні мектебімізде “Оқулық білім көзі”, “Біз таңдаған кітаптар” атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге оқушылар, мұғалімдер, кітапхана қызметкері қатысты. Пікірталас барысында кітап оқудың тұлғалық даму мен дүниетанымды кеңейтудегі маңызы ерекше аталып өтті.
7-Сәуір Дұниежүзілік денсаулық күні «Мен таңдаған жол» атты ашық сабақ оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіруге, дене белсенділігін арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған. Мектеп алаңында үздік спорт жеңімпаздарының шеруі болды.
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған “Бірлігіміз жарасқан”атты фестиваль ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында ұлттар достығын, татулық пен бірлікті насихаттау, әр ұлттың мәдениеті мен өнерін таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Фестивальге І және ІІ ауысым оқушылары белсенді қатысты.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған “Ұлы Жеңіске мың тағзым” атты парадтық шеру. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелеріне арналған салтанатты шеру өткізуге бағытталған. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, соғыс ардагерлерінің ерлігін құрметтеу және жас ұрпақты ел қорғауға дайын, тәртіпті азамат етіп қалыптастыру. Құрылымы:Кіріспе сөз (жүргізуші) .Қазақстан Республикасының Әнұраны. Батырларды еске алу, 1 минут үнсіздік. Ән орындау (“Ақ көгершін”, “Әлия”) .Салтанатты шеру (сыныптар қатысуы). Саптық жаттығулар және әскери элементтер.Бағалау кезеңі .Қорытынды сөз (мектеп директоры) . Ерекшелігі:Сценарийде оқушылардың әскери тәртіпке бағынуы, командаларды орындауы, шығармашылық қабілеттері және патриоттық рухы жан-жақты көрсетіледі. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлы сияқты тарихи тұлғалардың ерлігі үлгі ретінде беріледі. Жалпы қатысқан оқушылар Бастауыш сыныптар 3-4 сынып оқушылары.Жоғарғы сынып оқушылары 10-11 сыныптар. Жалпы қатысқан оқушылар саны: 212. 1,2,3 орындармен марапаталды.
25 мамыр - Мектеп бітірушілерге арналған “Білімім-Отаныма” мерекелік іс шара өткізілді. Іс шара ҚР Әнұранымен басталды. 11 А, Ә, Б, В сыныптары өз өнерлерін көрсетіп, мектебіміздің зейнетке шығып жатқан мұғалімдерді қошемет көрсетілді. Жыл бойы жақсы жұмыс жасаған үздік мұғалімдерді марапатталды. Барлық 11 сынып түлектері Мұхтар Шахановтың әніне жазылған “Ақ бантик” әнін орындады. Сағындық Айнұр мен Тойлыбай Перизат “Қимай тұрмын” әнін орындады. Бітіруші сыныптар вальс биледі. Барлық оқушылар дөңгеленіп, кептер ұшырды. 11 “А” сынып оқушысы Мырзахан Аймахан “Досым” әнін досына арнап ән шырқайды. 11 “Ә” сыныптың қыздары Жарылқасынова Асемай, Берік Элвира, Кучкарова Дильнура, Тәжібекова Аяулым “Мектеп” әнін шырқады. 11 “В” сынып “Летят” әнін шырқады.
Қорытынды
Жыл бойына жасалған жұмыстарды қорытындылай келе білім алушылардың, тәрбиеленушілердің кештерін мерекелерін, жорықтарын, экскурсияларын, каникулдық демалысы ұйымдастырылды. Әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау білдірілді сонымен қатар балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуы, клубтар, үйірмелер, секциялар, балалар бірлестіктіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілердің жеке жұмысты, дебаттарды, мектеп парламентінің жұмыстары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына негізінде ұйымдастырылды. «Кітап оқитын ұлт», «KitapCAMP», «EduCAMP» жобасы аясында, «Таза Қазақстан» экологиялық жоба бойынша экочеллендждер, акциялар, ұлттық, мәдени және патриоттық, спорттық, салтанатты іс-шаралар және Буллинг бойынша кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірсайыс, тәрбие сағаттар ұйымдастырылды.
Балалардың жазғы демалысына арналған оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2026 жылғы 26 мамыр мектеп жанынан «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңы өз жұмысын бастады. 1- Маусым Балалар күніне орай Лагерьдің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Күнделікті жоспар құрылып, балалардың жазғы маусымына арналған мектеп жанындағы алаңдарда өтетін «KitapCAMP» жобасы аясында 10 күндік бағдарламасы әзірленді, көңілді ойындар мен сергіту сәттер, «Металлург», «Абай», саябақтарға саяхат, «Тау Сая» бассеинге шомылу, «Құбыжық пен Ханшайым» қойылымына Шымкент қалалық циркке, мультфильм көруге кинотеатрға, «Қошқар ата» бұлақ басына және т.б қаламыздың көрікті жерлеріне апару ұйымдастырылуда. Жазғы каникул кезеңінде мемлекеттікқолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы, толық емес, аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан балалардың, сонымен қатар девиантты мінез-құлықты балалардың демалысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес құжат рәсімдеуді ұйымдастыруды әлеуметтік педагогтар Ж.Баимбетова мен Ж.Есенбекова жүзеге асыруда. Қала сыртындағы Ақсу лагеріне жолдамамен жіберілу ұйымдастырылуда.
4. Жетістіктер
·Оқушылар аудандық/қалалық іс-шараларға белсенді қатысты;
·Бірқатар оқушылар алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды;
·Мектептегі тәрбие жұмыстарының белсенділігі артты;
·Волонтерлік қозғалысқа қатысушылар саны көбейді.
·«KitapCAMP», «EduCAMP» жобасы іске асырылды;
5. Кездескен қиындықтар
·Уақыттыңтығыздығынабайланыстыдайындықжұмыстарыныңкүрделілігі;
·Дайындық жұмыстары кезінде акт залымыздың көлемі кіші болуы;
6. Келесі жылға ұсыныстар мен жоспарлар
·Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру;
·Жаңа форматтағы тәрбиелік жобаларды енгізу;
·Ата-аналармен бірлескен іс-шараларды көбейту;
·Патриоттық және экологиялық бағыттағы жұмыстарды күшейту;
«Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасын әрі қарай іск