2025-2026 оқу жылы тәрбие жұмысына жылдық талдау есебі » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қыркүйек
2026

2025-2026 оқу жылы тәрбие жұмысына жылдық талдау есебі

"Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі"

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің












Мектептің  тәрбие  жұмысына

жылдық талдау есебі

Қорытынды анықтама

 

 Г.Ж.Ахылбекова

директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары



2025-2026 оқу жылы


Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін  мектебі  директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары

Ахылбекова Гулнар Женисовнаның

2025-2026 оқу жылындағы тәрбие бағыты бойынша

жылдық қорытынды талдау есебі

ҚР Оқу- ағарту Министрлігінің 26.05. 2025 ж. № 123 бұйрығы негізінде     2025-2026 оқу жылына жылдық жоспар бекітілді. 
Ағымдағы оқу жылында бірінші жартыжылдығында тәрбие жұмысы жылдық жоспарға сай жүргізілді. Бұл кезеңде мектептің тәрбие жұмысына қатысты іс-шаралар мен сыныптан тыс жұмыстарға баса назар аударылды. Әлеуметтік және  жобалар іске асырылды.  Оқушылардың белсенділігі мен қатысу деңгейін арттыру мақсатында түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Рейд кезекшіліктері ұйымдастырылды. Мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілді. Алты құндылықты ұтымды дәріптеуде сынып жетекшілермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Әр айға құндылық атауы берілді. Сол құндылықты дәріптеу негізінде  айлық жоспар жасалды. 

Қыркүйек

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы

Қазан

«Тәуелсіздік және отаншылдық» айы

Қараша

«Әділдік және жауапкершілік» айы

Желтоқсан

«Бірлік және ынтымақ»айы

Қаңтар

«Заң және тәртіп» айы

Ақпан

«Жасампаздық және жаңашылдық» айы

Наурыз

«Тәуелсіздік және отаншылдық» айы

Сәуір

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы

Мамыр

«Бірлік және ынтымақ» айы

·Күнделікті іс-шаралар:

Күнделікті іс-шаралар:

Апта сайынғы іс-шаралар:

·Ұлттық ойын ұлт қазынасы»

·«Өнегелі 15 минут»

·«Үнемді тұтыну» 

·«Күй күмбірі»-дәстүрлі қоңырау үні

·Менің Қазақстаным»- Гимн орындау

·«Қауіпсіздік сабағы»- сынып сағаттары 



·Жобалармен жұмыс:

Жоба атауы

Іс-шара саны

Қамтылған оқушы саны

Қатысқан педагог саны

Қатысқан ата-ана саны

«Қамқор»

8

789

48 

56

«Шабыт»

4

1100

96

65

«Смарт бала»

3

56

15

10

«Еңбегі адал жас өрен»

16

1115

60

85

«Ұшқыр ой алаңы»

6

74

6

-

«Балалар кітапханасы»

35

1160

95

55

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

3 

1084

56

80

Буллингтен қорған

20

1180

95

636

Ойынға салауатты көзқарас

3 

439

22

85

Өмірге салауатты қадам

4

284

14

87

Қоғамдық мүлікті қорға

2

1200

94

156

Қауіпсіз қадам

4

284

14

90

Үнемді тұтыну

2

1226

119

95

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының сабақтары 


Облыс


Таңдаған модельдер


«Ішкі күш модулі


«Бала

қауіпсіздігі »

«Өркендеу жолындағы серіктестік» 

Жаңартылған 

АПҚ О 

сабақтары 1.0

Жаңартылған АПҚО 

сабақтар 2.0

Шымкент қаласы

Сабақ саны 

Ата-аналар саны

Сабақ саны 

Ата-аналар саны

Сабақ саны 

Ата-аналар саны

Сабақ саны 

Ата-аналар саны

Сабақ саны 

Ата-аналар саны

№33 ЖОББМ

1

370

1

450

2

520

2

50

2

60



Сынып  комплектісі:

Бастауыш (1-4) – 18 сынып

Орта буын (5-8)-  20  сынып 

Жоғарғы буын (9-11)- 13 сынып 

Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткіші: (күнделікті фильтр жүргізу қорытындысы) 



Мектепішілік есепте тұратын оқушылар тізімі 

№

Оқушының толық аты-жөні

Сыныбы, литерасы

Мектепішілік есепке алыну себебі (сабақтан жиі және себепсіз қалу,

түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру,

мұғалімдерге немесе оқушыларға агрессия көрсету

буллингке қатысу, ұрлық

алаяқтық, темекі, алкоголь сияқты зиянды заттарды қолдану, т.б)

1

Терехов Анатолий

7 «В»

Сабақтан жиі қалғаны үшін, отбасылық жағдайы үшін

2

Терехов Полина

7 «В»

Сабақтан жиі қалғаны үшін, отбасылық жағдайы үшін

3

Алтынбеков Бақдаулет

11 «Ә»

Сабақтан жиі және себепсіз қалғаны үшін

Құқықтық тәрбие:Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында заңгерлер мен құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, құқықтық білім негіздері бойынша әңгімелер мен түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара атауы

Саны

Құқықтық оқулар 

Құқық фракциясы

15

Бірлескен жұмыс

Педагог психолог,әлеуметтік педагог

15

Есепке алынған оқушы (аудан, мектеп)

3

2025-2026 оқу жылы бойынша мектептің әлеуметтік паспорты 

төмендегідей болды:

№

Әлеуметтік мәрбетесі

Оқушы саны


Барлық оқушы саны

1223

1

Аз қамтылған

48

2

АӘКалатын

36

3

Толық емес 

245

4

Толық отбасы

940

5

Анасы жоқ балалар

15

6

Әкесі жоқ балалар

100

7

Жартылай жетім

10

8

форма№4

45

9

Көпбалалы

444

10

Сәтсіз отбасы

-

11

Мектепішілік есепте тұрған 

3

12

Шымкент қаласы Тұран ауданы АПБ есебінде

-

13

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 

1

14

Өгей әке-шешесімен тұратын

40


2025-2026 оқу жылында  «Психологиялық-педагогикалық-әлеуметтік сүйемелдеуді қажет ететін» оқушылар саны жалпы саны  269 оқушы

Әлеуметтік статусы бар барлық оқушылар саны- 203

Тәртіп бұзу бойыншамектепішілік есепте тұрған оқушы саны – 3

Созылмалы ауруы барбарлық оқушылар саны- 26

Сынып жетекшілердің байқауымен анықталған оқушылар саны- 33

Педагог –психологтың аутоагрессивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында алынған тестті өңдеу нәтижесінде анықталған оқушылар саны- 77

Қызыл деңгей-5

Сары деңгей-16 

Жасыл деңгей 248 

Жалпы саны 269 оқушы

Психологиялық қолдау қызметінің жоспарына сәйкес әлеуметтік педагог, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқушылармен аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллинг, кибербуллингтің  алдын алу мақсатында іс шаралар өткізілді.Оқушылар бейімділіктеріне қарай мектепшілік үйірмелерге қатыстырылып, ата-ана, сынып жетекші және жеке сұраныстар бойынша түзету-дамыту, тренинг сабақ және консультация беру жұмыстары жүргізілуде. 

2025–2026 оқу жылында Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүйелі тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді, отансүйгіштік пен жауапкершілікті қалыптастыру бағытында бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.

Тәрбие жұмыстары айлық жоспар негізінде ұйымдастырылып, әр айдың тәрбиелік тақырыбына сәйкес өткізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім алушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, құқықтық мәдениетке, жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелеу болды.

Қыркүйек айында «Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына» тақырыбындағы айлық аясында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Білім күніне арналған  1 қыркүйек «Мектебім-мейірім мекені» салтанатты жиын 01 қыркүйек күні мектеп алаңында  өтті. Салтанатты жиынға 1 сынып оқушылары, ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты. Жиын Мемлекеттік Әнұранмен  басталып, салтанатты шараны мектеп директоры Мамытбаева Сауле Асетовна   құттықтау сөз сөйлеп ашты. 2қыркүйек күні «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары түгел қамтылып, жауаптылар қатарында ДТІЖО Г.Ж.Ахылбекова, Б.І.Тұрғанбеков, мектеп тәлімгері А.Майлыбай  және сынып жетекшілері болды.

Қыркүйек айында мектептің ішкі тәртіп ережелері мен «Мектеп формасына қойылатын талаптар» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар оқушылардың тәртіп мәдениетін қалыптастыруға, мектеп ережелерін сақтауға бағытталды. Сонымен қатар «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты челлендж ұйымдастырылып, ата-аналармен бірлескен жұмыстар әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.

Қазан айындағы тәрбие жұмыстары «Ел-жұртымның бақыты аталған, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың» тақырыбымен жалғасты. «Қарт жүрген жер – береке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, оқушылар қарттарға көмек көрсетіп, қамқорлық танытты. Бұл іс-шараға «Адал азамат» өзін-өзі басқару ұйымы мен сынып жетекшілері белсенді қатысты.

Сонымен қатар «Ұстаздарға мың алғыс» тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізіліп, ардагер ұстаздармен кездесулер ұйымдастырылды. Оқушылардың өнерлері көрсетіліп, ұстаздарға құрмет білдірілді. Жауапты мұғалімдер қатарында А.Байсейтова мен музыка пәні мұғалімі А.Базарбаева болды.

Қазан айында «Адалдық – атадан қалған мұра» тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың адалдық, әділдік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту болды. Сонымен қатар «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты қыз балаларға арналған тәрбиелік кеңестер ұйымдастырылып, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері қарастырылды. Бұл жұмыстарға педагог-психологтар мен сынып жетекшілері тартылды.

 Қараша айындағы іс-шаралар «Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым» тақырыбында ұйымдастырылды. «Ұлттық валюта» күніне орай тақырыптық шаралар өткізіліп, мектеп әкімшілігінің «Таным жолы-табыс жолы» жобасы аясында  оқушыларға қаржылық сауаттылық туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, АӘД пәнінің мұғалімі Б.Юлдашевтың ұйымдастыруымен  «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты челлендж ұйымдастырылып, жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Қараша айында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында №2 қалалық емхананың мамандарының қатысуымен  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шараға қыздар  белсенді қатысып, ұлттық тәрбие мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «Әкелер мектебі» аясында тәрбиелік кездесулер өткізілді.Мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылды. Шымкент ҚПД Туран АПБ ЮПБ УПИ полиция  лейтенанты Б.Бекмырзаның қатысуымен «Құқықбұзушылық пен әкімшілік жауапкершілік», «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары мен әңгіме сағаттары өткізілді. Бұл жұмыстарға әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, мектеп инспекторы және сынып жетекшілері қатысты.

«Адал азамат» бағдарламасы аясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы тұрақты жүргізілді.  «Өзің оқы, өзгеге ұсын» акциялары ұйымдастырылып, оқушылар арасында кітап оқуға қызығушылық артты. Мектеп кітапханашысы Н.Иманбердиева аталған жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастырды.

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында мамандық таңдауға бағытталған іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру кездесулері ұйымдастырылды. Оқушылар әртүрлі мамандық иелерімен кездесіп, еңбек адамының қоғамдағы рөлін түсінді. Сонымен қатар ата-аналардың қатысуымен «Мамандықтар әлемі менің таңдауым» тақырыбында саяхат алаңы өткізілді.

Тәрбие жұмыстары барысында ұлттық тәрбиеге ерекше мән берілді. «Ұлттық валюта», «Мемлекеттік рәміздер», «Отаным – алтын бесігім» тақырыптарында өткізілген іс-шаралар оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыруға ықпал етті.

Психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары жүргізілді. Педагог-психологтар оқушылар арасында тренингтер, сауалнамалар, түсіндіру жұмыстары мен жеке кеңестер өткізді. Әсіресе буллингтің, құқықбұзушылықтың және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 Қараша айында «Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым» тақырыбындағы іс-шаралар ұйымдастырылды. 3 қараша күні «Шабыт» жобасы аясында шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында театр қойылымы өткізілді. Жоба жетекшісі ретінде Г.Калиева жауапты болды. Сонымен бірге «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты челлендж ұйымдастырылып, жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 7 қараша күні «Әжелер мектебі» аясында тәрбиелік кездесу өткізілсе, 10 қараша күні «Ұлттық валюта» күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушыларға қаржылық сауаттылық пен ұлттық құндылықтардың маңызы түсіндірілді. Ай барысында «Құқықтық сауаттылық заман талабы», «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ» тақырыптарында кездесулер мен түсіндіру жұмыстары өткізілді.

 Қараша айының соңында «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі» тақырыбында ата-аналармен және педагог-психологтармен бірлескен семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды.

 Желтоқсан айында «Бірлігі күшті ел озады» тақырыбындағы тәрбие жұмыстары жүргізілді. 1 желтоқсанда «Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында «Оқы және білім ал» челленджі өткізілді. 2 желтоқсанда «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты дебат турнирі ұйымдастырылды. Дебатқа жоғары сынып оқушылары қатысып, өз пікірлерін еркін жеткізе білді.

 5 желтоқсан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша тіл байлығын дамытуға арналған оқыту сабақтары өткізілді. Ал 8 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру жұмыстары жүргізілді.

 15 желтоқсанда  буллингтің алдын алу мәселелері қарастырылды. 17 желтоқсанда «Біз біргеміз – буллингке жол жоқ!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Бұл жұмыстарға педагог-психологтар Т.Нарметова, А.Жұман сынып жетекшілері және мектеп тәлімгерлері қатысты.

 Сонымен қатар «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстелдер өткізілді.  

 22 қаңтар күні АПҚО жоспары аясында, «Даналық мектебі» жобасын іске асыру мақсатында  жалпы мектептік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі талқыланды.  «Тәжірибең ұшқыр және ішкі күш» тақырыбында психологиялық қолдау кездесулері ұйымдастырылды. 

19 қаңтарда «Құқықтық сауаттылық заман талабы» тақырыбында кездесу өткізілсе, 20 қаңтар күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты плакаттар байқауы ұйымдастырылды.

 22 қаңтар күні «Қамқор» жобасы аясында «Қар десанты» волонтерлік эстафетасы өткізіліп, оқушылар қарт адамдарға көмек көрсетті.  

 Ақпан айында «Жасампаздық – бәрімізге өнеге» тақырыбындағы іс-шаралар ұйымдастырылды. 3 ақпан күні «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар «Әкелер мектебі» аясында тағылымдық сабақтар ұйымдастырылды.

 19 ақпан күні құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Құқықтық сауаттылық заман талабы» атты кездесу өткізілді. 21 ақпан күні оқушылар арасында экологиялық акция ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау мәселелері түсіндірілді.

 Наурыз айындағы жұмыстар «Патриотизм – ата-ананы құрметтей білуден басталады» тақырыбымен жүргізілді. 2 наурыз күні «Шабыт» жобасы аясында «Ананың аялы алақаны» атты челлендж өткізілді. Сонымен қатар 14–23 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне арналған ұлттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

 4 наурыз күні «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты челлендж ұйымдастырылып, оқушылар ұлттық өнерді насихаттады. 10 наурызда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп ауласын көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. 13 наурыз күні «Қазақстанның ұлттық ойындары» көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық мұра дәріптелді.

 Сәуір айында «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» тақырыбындағы жұмыстар ұйымдастырылды. 1 сәуір күні «Рәміздер – рухымыз, әр оқушыымыз» атты ақпараттық сағат өткізілді. 3 сәуір күні «Желідегі қауіптер және олардан қорғану жолдары» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

6 сәуірде «Қамқор» жобасы аясында «Халықаралық құстар күні» акциясы өткізілді. Сонымен қатар «Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдылары»  тақырыбында психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

 13 сәуір күні «Мен таңдаған мамандық» атты танымдық іс-шара  өткізіліп, оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. 17 сәуір күні «Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

 Мамыр айында «Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ» тақырыбындағы іс-шаралар ұйымдастырылды. 27 сәуір – 4 мамыр аралығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тәрбиелік шаралар өткізілді. Сонымен қатар «Интернетсіз қоғам» челленджі ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға назар аударылды.

 6 мамыр күні «Жас сарбаз – 2026» байқауы өткізілді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды. 13 мамыр күні «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында апталық өткізілді.

           21 мамыр күні «Соңғы қоңырау» мерекесіне дайындық аясында танымдық сағаттар өткізілді. 25 мамырда «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, мектеп түлектеріне ақ жол тілінді.

 Жыл бойы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстары оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтты. «Адал азамат» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар оқушылардың бойында адалдық, еңбекқорлық, патриотизм, құқықтық мәдениет және ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыруға оң ықпал етті.

 Сонымен қатар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында мектепте тәрбие жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып, сынып жетекшілері, мектеп тәлімгерлері, педагог-психологтар, ата-аналар комитеті және  өзін-өзі басқару ұйымымен бірлескен кешенді жұмыстар жүргізілді. Жылдық жоспарға сәйкес тәрбиелік бағыттағы сынып сағаттары, байқаулар, акциялар, челлендждер, жәрмеңкелер, қайырымдылық және қоғамдық жұмыстар тұрақты өткізілді. Бағдарлама аясында сынып жетекшілері тарапынан оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік сынып сағаттары өткізілді. Атап айтқанда, «Менің Отаным – Қазақстан!», «Адалдық – атадан қалған мұра», «Туған жердей жер болмас», «Еңбегі адал – жас өрен», «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ», «Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік», «Жолда жүру ережесі», «Буллингке жол жоқ», «Мен таңдаған мамандық» тақырыптарында бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Бұл сабақтардың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекке баулу және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру болды.

 Сынып жетекшілері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында түрлі байқаулар ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Мен таңдаған мамандық», «Туған елім – Қазақстан» сурет байқаулары өткізілді. Оқушылар аталған байқауларға белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әсіресе ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы «Қазағымның қазынасы – домбыра», «Ұлттық ойындар», «Рәміздер – рухымыз» тақырыптарындағы танымдық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Жыл бойы мектепте қайырымдылық және қамқорлық бағытындағы жұмыстар да жүйелі жүргізілді. «Қамқор» жобасы аясында «Қар десанты», «Таза Қазақстан», «Халықаралық құстар күні» акциялары ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар барысында оқушылар қарттарға көмек көрсетіп, мектеп ауласын көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстарға сынып жетекшілерімен қатар  өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп тәлімгерлері белсенді қатысты. Сынып жетекшілері оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында экологиялық акциялар мен сенбіліктер ұйымдастырды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында мектеп ауласы тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен бірге «Табиғатты аялау», «Экология балалар көзімен» тақырыптарында сурет байқаулары өткізілді. Мектепте ұлттық тәрбиеге бағытталған челлендждер де жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі», «Қазағымның қазынасы – домбыра», «Ұстаздарға мың алғыс», «Мектебім, саған мың алғыс!» атты челлендждер әлеуметтік желілерде жарияланып, оқушылар мен ата-аналардың белсенділігі артты. Бұл жұмыстар арқылы оқушылардың өнерге, ұлттық құндылықтарға және отбасы тәрбиесіне деген құрметі қалыптасты.

 Ата-аналармен жұмыс та тәрбие жұмысының маңызды бағыты ретінде жүзеге асырылды. Жыл бойы ата-аналар жиналыстары, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Отбасындағы қыз бала тәрбиесі», «Қауіпсіз интернет», «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу», «Буллингтің алдын алу» тақырыптарында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Даналық мектебі» жобалары аясында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған кездесулер ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар және сынып жетекшілері белсенді қатысып, ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетті.

 Сонымен қатар мектепте жәрмеңкелер мен қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылды. «Қайырымдылық жәрмеңкесі», «Ұлттық тағамдар күні», «Наурыз – думан» іс-шаралары өткізілді. Жәрмеңкелер барысында оқушылар мен ата-аналар бірлесіп ұлттық тағамдар әзірлеп, қолөнер бұйымдарын ұсынды. Бұл жұмыстар оқушылардың еңбекке баулуына, ұйымшылдыққа және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

 Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторымен, педагог-психологтармен және сынып жетекшілерімен бірлескен жұмыстар жүргізілді. «Құқықтық сауаттылық заман талабы», «Желідегі қауіптер», «Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік», «Буллингке жол жоқ» тақырыптарында түсіндіру сабақтары өткізілді. Сонымен қатар қыз балалар мен ұл балаларға арналған жеке кездесулер, тренингтер және психологиялық кеңестер ұйымдастырылды.

 Жыл бойы өткізілген барлық іс-шаралар оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыруға, қоғамдық белсенділігін дамытуға және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталды. Сынып жетекшілері тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жоғары белсенділік танытып, мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайтуға үлкен үлес қосты.

 Жалпы алғанда, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында өткізілген тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, патриотизм және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға оң ықпал етті

 Балалар қоғамдық ұйымының сандық есебі.


Мектептегі

жалпы оқушы саны.

Ұйым

Ұйым мүшелерінің саны жалпы мектеп бойынша

Оның ішінде қазақ балаларының саны

Ұл баланың саны

Ұзақ мерзімді жобалар

Қысқа мерзімді жобалар

1



«Жас қыран» 2-4 сынып

325

135

163

3

4

«Жас Ұлан»

5-11 сынып

797

327

414


5

4

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы

95

43

45

3

3


Өзін-өзі басқару Мектеп парламенті

326

137

66

6

5

Мерекеге байланысты атқарылған іс-шаралардың барлығы мектептің әлеуметтік желілеріне жарияланды.

2025-2026 оқу жылына мектепшілік есепке 3 оқушы алынды. 

Жалпы жыл басынан буллинг, кибербулингтің алдын-алу  бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Мектепте әлемжеттік көрсету жағдайлары анықталған жоқ. 

Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында оқушылар, мектептегі үйірмелермен қамтылған.Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін  дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді кешенді жүзеге асыру үшін мектебімізде тегін 21 үйірме, спорттық 9 секциялар  жұмыс жасады.


2025-2026 оқу жылы үйірмелер тізімі.


№

Үйірме жетекшісінің аты-жөні

Үйірме атауы

Миндаль бойынша үйірмеге тіркелген бала саны

1

Г.Нуралиева

Сиқырлы ілмек

21

2

Д.Майланова

Үздік оқырман

19

3

З.Кенжебекова

Үздік оқырман

20

4

Қ.Сейсенова 

Жасыл аула

7

5

Е.Каменева

Жасыл аула

13

6

А.Зульфибекова

Жас саяхатшы

19

7

Ә.Тойлақ

Домбыра

19

8

Г.Калиева

Жас талант

3

9

Ұ.Пазылбекова

Жас заңгер

20

10

С.Тынышбекова 

Сөз додасы

17

11

С.Болатбекова

Сөз додасы

4

12

А.Адырбекова 

Сөз додасы

11

13

Г.Тойшы

Сөз додасы

14

14

Р.Копбаева 

Математика әлемінде

6

15

А.Баирова 

Робототехника

18

16

Б.Юлдашев 

Сұңқар (әскери патриоттық)

21

17

З.Сулейменова

Бейнелеу өнері

20

18

М.Кузжанова

Бейнелеу өнері

13

19

К.Сегізбаева

Қағазды модельдеу

9+8


Барлығы

264/282 

18 оқушыға артты


№

Үйірме жетекшісінің аты-жөні

Үйірме атауы

Миндаль бойынша 

үйірмеге тіркелген 

бала саны

1

Токмурзаев Е.Ч.

Баскетбол (қыздар)

17

2

Тюляев В.Ю.

Баскетбол (ұлдар)

8

3

Юлдашев Д.Х.

Баскетбол (ұлдар)

18

4

Ушакова С.Б.

Тоғыз құмалақ

2-8 сыныптар 

16

5

Байбағысов А.

Асық ату (ұлдар)

1-4 сыныптар

15

6

Аширов Е.К.

Футбол (ұлдар)

7-9 сыныптар

18

7

Торгауытов Б.С. 

Футбол (ұлдар)

2-6 сыныптар

21

8

Есенбекова Ж.М.

Шахмат

30

9

Орақбаев Т.

Волейбол

23


Барлығы

172/ 166 

6 оқушы азайған

            Үйірме жұмыстарының кестесі  қыркүйек айында бекітілді.Үйірме жетекшілерінің оқушылармен жүргізген қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналы, пәндер бойынша орта мерзімді жоспар, сабақ кестесі, үйірмеге баратын оқушылардың тізімі жасалды.   


Қорытындылай келе, тәрбие жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып, барлық бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасын тауып, оқушыларды жан-жақты дамыған, рухани бай, елжанды тұлға етіп тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында анықталған кемшіліктер мен келесі оқу жылына ұсыныстар:

Ең алдымен, кейбір сынып жетекшілері тарапынан өткізілген іс-шаралардың мазмұны толық ашылмай, формалды түрде өткізілген жағдайлар кездесті. Жекелеген сыныптарда оқушылардың іс-шараларға қатысу белсенділігі төмен болды. Әсіресе жоғары сынып оқушылары арасында тәрбиелік шараларға қызығушылықтың жеткіліксіздігі байқалды.

Сонымен қатар кейбір іс-шаралардың әлеуметтік желілерде уақытылы жарияланбауы, фото және бейнематериалдардың сапасының төмен болуы анықталды. Кейбір сынып жетекшілерінің құжаттарды уақытында тапсырмауы және есеп беру жұмыстарында жүйеліліктің сақталмауы да кемшілік ретінде байқалды.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарда да бірқатар қиындықтар кездесті. Атап айтқанда, кейбір ата-аналардың мектеппен байланысының әлсіздігі, жиналыстар мен тәрбиелік кездесулерге қатысу белсенділігінің төмендігі байқалды. Әсіресе құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі және жасөспірімдердің психологиялық мәселелері бойынша жұмыстарды күшейту қажеттілігі анықталды. 


Алдағы 2026–2027 оқу жылында төмендегідей ұсыныстарды жүзеге асыру жоспарлануда:

1. Оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру үшін дебат, волонтерлік, өзін-өзі басқару және жобалық жұмыстарды жандандыру;

2. Ата-аналармен байланысты күшейтіп,АПҚО,  «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Даналық мектебі» жобаларының жұмысын жүйелі жалғастыру;

3. Оқушылардың, ата-аналардың, педагогтардың  кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Балалар кітапханасы», «Оқуға құштар мектеп» жобаларын жалғастыру;

4. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін іс-шаралардың санын арттыру және оқушыларды еңбекке баулу жұмыстарын күшейту;

5. Педагог-психолог, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілерінің бірлескен жұмыстарын жүйелеу;


Анықтама жазған ДТІЖО               Ахылбекова Г.Ж.



2025–2026 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысының SWOT-талдауы

Күшті жақтары (Strengths)

Әлсіз жақтары (Weaknesses)

• «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспары құрылды.

• Тәрбие жұмысы айлық құндылықтар негізінде жоспарланып, барлық бағыт қамтылды.

• «Қамқор», «Шабыт», «Балалар кітапханасы», «Еңбегі адал жас өрен», «Буллингтен қорған» сияқты жобалар тиімді жүзеге асырылды

•Ата-аналармен жұмыс жүйелі ұйымдастырылды

• Құқықтық сауаттылық, буллингтің алдын алу, қауіпсіздік бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілді.

• Сынып жетекшілер мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысты, сонымен қатар, оқушылардың қатысуын қамтамасыз етті.

• Баскетболдан спорттық секцияға қатысатын оқушыларымыз қалалық жүлделі орындарға ие болды.

• Жоғары сынып оқушыларының тәрбиелік іс-шараларға қызығушылығы кей жағдайда төмен болды.

• Кейбір сыныптарда оқушылардың қатысу белсенділігі жеткіліксіз.

• Әлеуметтік желілерде жарияланымдардың уақытылы шықпауы байқалды.

• Кейбір сынып жетекшілерінің есеп беру және құжаттарды уақытылы тапсыруында кемшіліктер болды.

• Кейбір ата-аналардың мектеппен байланысы әлсіз болды.

• Мектепішілік есепте тұрған оқушылармен, сабақтан себепсіз қалатын, кешігетін оқушылармен жұмысты одан әрі күшейту қажет.

•Әкелер мектебі, Аналар мектебі, Даналық мектебі, АПҚО сабақтарының жұмысын жандандыру қажет.

•Үйірме және спорт секцияларымен қамту деңгейін арттыру және ұйымдастыру қажет. •Өзін-өзі басқару ұйымы, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Адал ұрпақ» ұйымына қатысуға оқушылардың белсенділігін арттыру қажет.

• “Ұшқыр ой алаңы” жұмысын жүйелі жүргізу, қалалық жарыстарға баратын оқушыларды дайындау. Жетекшілердің жауапкершілігін арттыру.

Мүмкіндіктер (Opportunities)

Қауіп-қатерлер (Threats)

• Волонтерлік қозғалысты дамыту арқылы оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.

• «Балалар кітапханасы», «Оқуға құштар мектеп» жобаларын дамыту арқылы оқу мәдениетін көтеру.

• Ата-аналар қауымдастығымен серіктестікті нығайту.

• Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жобаларды көбейту.

• Оқушылардың жетістіктерін БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихаттау.

• Әлеуметтік желілердің теріс ықпалы мен киберқауіптердің артуы.

• Интернетке тәуелділік пен гаджеттерді шамадан тыс пайдалану.

• Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық қаупінің сақталуы.

• Толық емес және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар санының көп болуы (245 толық емес отбасы).

• Психологиялық тәуекел тобына жататын оқушылар санының жоғары болуы (269 оқушы).

• Жоғары сынып оқушыларының тәрбиелік жұмыстарға қызығушылығының төмендеу қаупі.

• Отбасылық бақылаудың әлсіреуі мен ата-аналардың тәрбие жұмыстарына толық қатыспауы.

SWOT-талдау қорытындысы

Жалпы алғанда, мектептің тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүйелі ұйымдастырылып, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген бағыттар бойынша тиімді жүзеге асырылған. Жыл бойы тәрбиелік іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіліп, оқушылардың әлеуметтік, рухани-адамгершілік, құқықтық және патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған жобалар мен акциялар нәтижелі орындалды. Ата-аналармен байланыс, психологиялық қолдау қызметі және қауіпсіздік бағытындағы жұмыстардың тұрақты жүргізілуі тәрбие жүйесінің маңызды жетістіктерінің бірі болды.

Сонымен қатар, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар мәселелер назар аударуды қажет етеді. Атап айтқанда, есеп беру жұмыстарындағы кемшіліктері, жоғары сынып оқушыларының тәрбиелік шараларға қызығушылығының төмендігі және ата-аналардың мектеппен байланысының әлсіздігі байқалды. Сондай-ақ үйірмелер мен спорттық секцияларға қамтуды арттыру, өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын жандандыру, құқықтық мәдениет пен интернет қауіпсіздігі бойынша жұмыстарды күшейту қажеттілігі анықталды.

Алдағы кезеңде волонтерлік қызметті дамыту, оқуға құштарлықты арттыру жобаларын кеңейту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ата-аналар қауымдастығымен серіктестікті нығайту тәрбие жұмысының сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың жетістіктерін кеңінен насихаттау олардың ынтасын арттыруға ықпал етеді.

Дегенмен, әлеуметтік желілердің теріс әсері, интернетке тәуелділік, құқық бұзушылық тәуекелдері, психологиялық қолдауды қажет ететін оқушылар санының көптігі және толық емес отбасылар үлесінің жоғары болуы тәрбие жұмысына белгілі бір қауіп төндіреді. Осыған байланысты профилактикалық жұмыстарды күшейту, тәуекел тобындағы оқушылармен және олардың ата-аналарымен жүйелі жұмыс жүргізу, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру маңызды болып табылады.

Қорытындылай келе, мектептің тәрбие жұмысы тұрақты даму бағытында жүзеге асырылуда. Алдағы оқу жылында оқушылардың белсенділігін арттыруға, ата-аналармен ынтымақтастықты нығайтуға, тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін көтеруге бағытталған жұмыстарды күшейту қажет. Бұл тәрбие жүйесінің нәтижелілігін арттырып, жан-жақты дамыған, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, жауапты әрі белсенді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив