Аға тәлімгердің 2025-26 оқу жылындаатқарылған іс-шаралардың жылдық есебі
Аға тәлімгердің 2025-26 оқу жылының жылдық есебі
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
Аға тәлімгердің 2025-26 оқу жылындаатқарылған іс-шаралардың жылдық есебі
Жалпы мәлімет
Аты-жөні:Алимбетова Гульжан Кененовна
Лауазымы:Аға тәлімгер
Мекеме атауы:Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі
Оқужылының басында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарға негізделген аға тәлімгердің жұмыс жоспары құрылып бекітілді.Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде2025-26 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес білім алушылардың шығармашылық, әлеуметтік және патриоттық белсенділігін дамыту, мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыру арқылы тәрбиелік жұмыстардың сапасын арттыру.Міндеттері:Оқушылардың қоғамдық белсенділігін қалыптастыру; Мектепішілік мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру; Тәрбие бағыты бойынша жобалар мен акцияларды өткізу; Волонтерлік және патриоттық жұмыстарды дамыту; Оқушылар ұйымдарының жұмысын үйлестіру.
Жыл бойы атқарылған жұмыстар
Оқу жылы барысында жоспарға сәйкес түрлі бағыттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған іс-шаралар:
·«Білім күні» мерекелік жиыны;
·Мұғалімдер күніне арналған концерттік бағдарлама;
·Республика күніне арналған патриоттық іс-шаралар;
·Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары;
·Жаңа жылдық кештер;
·«Наурыз» мерекелік бағдарламасы;
·Спорттық жарыстар мен челлендждер;
·Қайырымдылық акциялары;
·Волонтерлік жұмыстар;
·Экологиялық сенбіліктер.
1-наурыз Алғыс айту күні — адамдардың бір-біріне ризашылығы мен құрметін білдіретін мереке. Қазақстанда бұл күн жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Мерекенің негізгі мақсаты — елдегі түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен татулығын нығайту, қиын кезеңдерде бір-біріне көрсетілген қамқорлық пен көмекті еске алу.Бұл күн алғаш рет 2016 жылы ресми түрде мереке ретінде бекітілді. Алғыс айту күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен де байланысты. Мереке кезінде адамдар ата-анасына, ұстаздарына, достарына және қоғамға жақсылық жасаған жандарға алғыс айтады.Мерекелікбағдарлама ҚР Әнұранымен басталды.Іс-шарабарысында 5 «А», «Г»өлең оқыды.6 «А» сынып оқушысы Жүзжасарова Фариза «Алғыс айту»әнін орындады.8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ананың аялы алақаны»атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – нәзік жанды арулардың қоғамдағы рөлінің ерекше екенін көрсету, аналар мен ұстаздарға құрмет білдіру, оқушыларды имандылыққа, инабаттылыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу болды.Мерекелік кешке мектеп ұстаздары, аналар қауымы, оқушылар және мектеп әкімшілігі қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, аналар мен ұстаздарға арналған жылы лебіздерін білдірді.
Концерттік бағдарлама барысында 10 «А» және 3 «А» сынып оқушыларының орындауында «Ана қадірі»атты театрландырылған көрініс қойылды. Сонымен қатар 10 «А, Б» сынып оқушылары ана туралы әсерлі монолог орындады.5 «Г» сынып оқушылары «Мама»әнін орындап, көрермендердің көңілінен шықты. 1-сынып оқушылары аналарға арналған би билеп, мерекенің сәнін келтірді.Жас маман мұғалімдер «Тақиялы періште»атты көрініс қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал 7 «А» сынып оқушылары «16 қыз»биін орындап, мерекелік кештің көркін арттырды.Іс-шара барысында мектеп директоры Мамытбаева Сәуле Асетовнажәне кәсіподақ төрайымы Аширбекова Айгүл Абадовнасөз сөйлеп, мектептің әйел ұстаздарын мерекемен құттықтап, алғыс білдірді. Сондай-ақ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұрғанбеков Балмахан Ізбасарұлыжәне дене шынықтыру пән мұғалімдеріне құттықтау сөзін береміз.Мерекелік кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар аналар мен ұстаздарға деген құрметтерін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.Ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, аналар мен ұстаздарға деген ыстық ықылас пен шынайы құрметтін көрсеткен оқушыларға алғыс білдіреміз!
13.03.2026ж"Цифрлық қауіпсіздік" викториналық ойын"Таным жолы - табыс жолы" жобасы аясында информатика пән мұғалімдері "Цифрлық қауіпсіздік" викториналық ойынын өткізді. Мақсаты:оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін меңгеру. Ойын 2 турдан тұрады: 1 ші - тур "Ойлан әдісі" , 2 ші - тур "Ізден әдісі". Сонымен қатар пазл ойыны мен информатика пәніне қатысты суреттермен мақал мәтел табу ойындарыда болды
«Цифрлық қауіпсіздік» викториналық ойыны үзінді фотолар
14-Наурыз Көрісу күні
15-Наурыз Күй кұмбіріМәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Күй күмбірі» атты челлендж ұйымдастырылды.Челлендждің негізгі мақсаты – оқушыларға қазақтың ұлттық музыка өнерін насихаттау, күй өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың күйлерін орындап, домбыраның әсем әуені арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасын танытты.Челленджге мектеп оқушылары белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 10“В” сынып оқушысы Селезнева Жасмина, 8“Д” сынып оқушылары Чернолих Людмила, Речинская София, Речинская Ангелина, Байгарина Кристина, Резниченко Карина, 7 “А” оқушысы Пазыл Алтаир, 4 “А” Мамырхан Раяна, 4“Ә” Есмағанбет Нұрайдар, 9 “Б” Шахмуратов Мухаммед “Ерке сылқым”, авторы А. Желдібаевтың күйін оқушылардың орындауындағы күйлер ерекше әсер қалдырды. Бұл шара жас ұрпақты ұлттық өнерді құрметтеуге, ата-баба мұрасын қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталды.тттт Аталған челлендж мектеп өміріндегі маңызды мәдени іс-шаралардың бірі болып, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.
«Күй күмбірі» атты челленджден үзінді
16-Наурыз «Ұлттық мәдениет»көрмесі
«Ұлттық мәдениет» көрмесінен үзінді фото
17-Наурыз «Жер сағаты» экологиялық акциясы– табиғатты қорғауға және климаттың өзгеруі мәселесіне назар аудартуға бағытталған халықаралық акция. Бұл акция барысында адамдар, ұйымдар және мекемелер бір сағатқа электр жарығын өшіріп, энергияны үнемдеуге және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосады. Акция алғаш рет 2007 жылы World Wide Fund for Nature (WWF) ұйымының бастамасымен Sydney қаласында өткізілген. Қазіргі уақытта бұл шара әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын ұйымдастырылып, миллиондаған адамды біріктіреді.Өткізілу тәртібі:Экологиялық флешмоб / көрінісОқушылар сахнада немесе алаңда флешмоб жасайдыҚағаздан жасалған гүлдер мен ағаштар, “Save Earth” деген плакаттар.Қысқа көрініс: “Энергияны үнемдеген бір сағат – таза планета”.Пікір алмасу және қорытындыБіз бүгін бір сағатқа жарықты сөндірдік, бірақ бастысы – экология туралы ойландық.Кішкентай әрекет үлкен өзгеріс әкеледі. Енді біз әр күнде энергияны үнемдеп, табиғатты қорғаймыз.“Бүгінгі акция әрқайсымызға жауапкершілікті сездіруі тиіс. Жер – біздің үйіміз, оны бірге сақтайық!”
«Жер сағаты» экологиялық акциясының ұйымдастыру кезінен үзінді фото
18-Наурыз Ұлттық киім күні
«Ұлттық киім – ұлт мақтанышы».Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің тарихы мен маңызын таныстыру, ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.Шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар қатысты. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, олардың ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні туралы қысқаша мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар ұлттық киімдерден сән көрсетілімі ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.“Ұлттық киім челленджі” аясында әр сыныптан қатысушылар ұлттық киім үлгілерін таныстырып, челленджді келесі сыныптар мен білім беру ұйымдарына жолдады. Шара барысында фото және бейне түсірілімдер жасалып, әлеуметтік желілерге жарияланды.Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Оқушылар ұлттық киімдердің тек сәндік бұйым емес, халқымыздың тарихы мен рухани мұрасы екенін түсінді.Ұлттық киім күні фотосы
Наурыз Армысың Әз Наурыз«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»мерекелікатты іс-шара
Наурыз – түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының ең көне әрі ең маңызды мерекелерінің бірі. Бұл мереке жыл сайын 22 наурыздатойланады және табиғаттың жаңаруын, көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын білдіреді.
Наурыз күні күн мен түн теңеледі, сондықтан ол табиғаттағы тепе-теңдіктің, жаңарудың белгісі болып саналады. Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні»деп атап, ерекше құрметтеген.
Бұл мерекеде адамдар бір-біріне ақ тілектер айтып, өкпе-реніштерін кешіріп, үйлерін тазалап, дастархан жайған. Әр шаңырақта жеті түрлі тағамнан дайындалатын наурыз көжепісіріледі. Сондай-ақ ұлттық ойындар ойналып, ән айтылып, би биленеді.
Наурыз – достықтың, бірліктің, молшылықтың және жақсылықтың мерекесі.
2-Сәуір Халықаралық балалар кітап күні
7-Сәуір Дұниежүзілік денсаулық күні«Мен таңдаған жол» атты ашық сабақ оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіруге, дене белсенділігін арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған. Сабақ барысында оқушылар дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу және спортпен шұғылданудың пайдасы туралы білім алады.Интерактивті тапсырмалар, топтық жұмыс және пікір алмасу арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірде дұрыс таңдау жасауға дағдыланады. Сабақ соңында әр оқушы өзінің таңдаған өмір жолы туралы қорытынды жасап, денсаулықтың басты құндылық екенін түсінеді.
7-Сәуір Дүниежүзілік денсаулық күні үзінді фотолар
29-Сәуір Пікірталас (Дебат)«Интернетке тәуелділік -үлкен проблема ма?»аттыоқушылардың қатысуыменөткізілген мектепішілік дебат.Дебат ойынымыздың тақырыбы:–– «Интернетке тәуелділік – үлкен проблема ма?». Қазіргі заманда интернет біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ол бізге білім алуға, ақпарат іздеуге, байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік береді. Алайда, интернетті шектен тыс қолдану көптеген мәселелерге алып келуі мүмкін.Жүргізуші әрі ұйымдастырушы аға тәлімгер Алимбетова Гүлжан Кененқызы.Төрешілер алқасы:Тынышбекова Сымбат Асқарқызы.Жарқынбек Медина Қанатқызы.Қатысқан оқушылар: Үкімет палатасының лидері Жүзжасарова Фариза.Спикері:Болатхан Інжу.Оппозиция плата лидері: Абдилбахиқызы Мадина.Спикері: Қаражігітова Ақмерей.Дебат тек «жеңу» үшін емес, ойлау мәдениетін қалыптастыру және түрлі пікірлерді құрметтеуді үйрену үшін өткізіледі.Негізгі менің мақсатым– белгілі бір тақырып бойынша қарама-қарсы көзқарастарды талқылау арқылы шындыққа жақындау, ойды дамыту және дәлелді пікір айту.
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған “Бірлігіміз жарасқан” атты фестиваль ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында ұлттар достығын, татулық пен бірлікті насихаттау, әр ұлттың мәдениеті мен өнерін таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Фестивальге І және ІІ ауысым оқушылары белсенді қатысты. Атап айтқанда:
І ауысымнан 8 “А, Ә, Б, В, Г, Д”, 9 “А, Ә, Б, В, Г”, 10 “А, Б, В” сыныптары;
ІІ ауысымнан 5 “А, Ә, Б, В, Г”, 6 “А, Ә, Б, В, Г”, 7 “А, Ә, Б, В” сыныптары қатысты.Фестиваль барысында қазақ, азербайжан, үнді, грузин, қырғыз, қытай, корей, орыс, испан, татар, түрік, өзбек, ұйғыр және шешен халықтарының ұлттық өнерлері мен мәдениеті таныстырылды. Әр сынып өздеріне берілген ұлттың салт-дәстүрін, ұлттық киімін, әні мен биін жоғары деңгейде көрсетті.Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, жүргізушілер бірлік пен достық туралы құттықтау сөз сөйледі. Қатысушылар ұлттық киім үлгілерін киіп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Оқушылардың өнер көрсетуі көрермендер мен қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.Фестиваль барысында қатысушылардың сахналық мәдениеті, шығармашылығы, ұлттық ерекшелікті көрсетуі және көрерменге әсері бағаланды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, үздік өнер көрсеткен топтар арнайы номинациялармен марапатталды.Іс-шараның қорытынды бөлімінде мектеп директоры Мамытбаева Сауле Асетовна сөз сөйлеп, фестивальге қатысушыларға ризашылығын білдірді.“Бірлігіміз жарасқан” фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, достық пен татулықты насихаттайтын тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.
1 - мамыр Бірлік күні
«Бірлігіміз жарасқан»атты фестивальдан үзінді фотолар
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған “Ұлы Жеңіске мың тағзым” атты парадтық шеру.Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелеріне арналған салтанатты шеру өткізуге бағытталған.Іс-шараның мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, соғыс ардагерлерінің ерлігін құрметтеу және жас ұрпақты ел қорғауға дайын, тәртіпті азамат етіп қалыптастыру.Міндеттері:Оқушыларға тарихи маңызы бар күндердің мәнін түсіндіру.Батырлардың ерлігін дәріптеу .Әскери-патриоттық рухты қалыптастыру .Саптық дайындық пен тәртіпке баулу.Құрылымы:Кіріспе сөз (жүргізуші) .Қазақстан Республикасының Әнұраны.Батырларды еске алу, 1 минут үнсіздік.Ән орындау (“Ақ көгершін”, “Әлия”) .Салтанатты шеру (сыныптар қатысуы).Саптық жаттығулар және әскери элементтер.Бағалау кезеңі .Қорытынды сөз (мектеп директоры) .Ерекшелігі:Сценарийде оқушылардың әскери тәртіпке бағынуы, командаларды орындауы, шығармашылық қабілеттері және патриоттық рухы жан-жақты көрсетіледі. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлы сияқты тарихи тұлғалардың ерлігі үлгі ретінде беріледі.Жалпы қатысқан оқушылар Бастауыш сыныптар 3-4 сынып оқушылары.Жоғарғы сынып оқушылары 10-11 сыныптар.Жалпы қатысқан оқушылар саны: 212. 1,2,3орындармен марапаталды.
7 Мамыр - Отан қорғаушылар күні
«Ұлы Жеңіске мың тағзым »атты парадтық шерудің үзінді фотолары
Үйірме және ұйым жұмыстары:
·Оқушылар парламентімен бірлескен жұмыстар жүргізілді;
·Белсенді оқушыларды марапаттау ұйымдастырылды;
·Мектепішілік байқаулар өткізілді.
4. Жетістіктер
·Оқушылар аудандық/қалалық іс-шараларға белсенді қатысты;
·Бірқатар оқушылар алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды;
·Мектептегі тәрбие жұмыстарының белсенділігі артты;
·Волонтерлік қозғалысқа қатысушылар саны көбейді.
5. Кездескен қиындықтар
·Кейбір іс-шараларға оқушылардың қатысу белсенділігінің төмен болуы;
·Уақыттың тығыздығына байланысты дайындық жұмыстарының күрделілігі;
·Материалдық-техникалық ресурстардың жеткіліксіздігі.
6. Келесі жылға ұсыныстар мен жоспарлар
·Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру;
·Жаңа форматтағы тәрбиелік жобаларды енгізу;
·Ата-аналармен бірлескен іс-шараларды көбейту;
·Патриоттық және экологиялық бағыттағы жұмыстарды күшейту.
Қорытынды
2025–2026 оқу жылында жоспарланған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Оқушылардың қоғамдық белсенділігі артып, мектепішілік іс-шараларға қатысу деңгейі жоғарылады. Алдағы уақытта тәрбие жұмыстарының сапасын одан әрі жетілдіру жоспарлануда.