Жаңа форматта өткізілген ата - аналар жиналысы » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сәуір
2026

Жаңа форматта өткізілген ата - аналар жиналысы

Кенесары Қасымұлы атындағы N33 жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 17 сәуір күні  ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында бала тәрбиесі, құқықтық сауаттылық, психологиялық қолдау, білім сапасын арттыру, кәсіби бағдар беру және әлеуметтік қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе, «Жасөспірім және заң» тақырыбына ерекше назар аударылып, оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі сөз болды. «Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» қағидасы ата-аналарға кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, Білім басқармасы психологиялық қолдау орталығының психологы  Жумагулова Ақжан «Ата-ана – баланың тірегі» тақырыбында тренинг өткізіліп, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды. Жылы әрі ашық форматта өткен кездесуде ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, пайдалы ақпараттар алды.
Мұндай кездесулер – мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың жарқын болашағына бірге қадам жасауға мүмкіндік береді.
zhana-formatta-ata-analar-zhinalysy-1.pdf [3,38 Mb] (cкачиваний: 1)
Посмотреть онлайн файл: zhana-formatta-ata-analar-zhinalysy-1.pdf
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив