📚✨ «ЖАЗДА КІТАП ОҚИМЫЗ – ЛЕТНИЕ ЧТЕНИЕ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ✨📚 » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚✨ «ЖАЗДА КІТАП ОҚИМЫЗ – ЛЕТНИЕ ЧТЕНИЕ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ✨📚
25
қыркүйек
2026

📚✨ «ЖАЗДА КІТАП ОҚИМЫЗ – ЛЕТНИЕ ЧТЕНИЕ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ✨📚

📚✨ «ЖАЗДА КІТАП ОҚИМЫЗ – ЛЕТНИЕ ЧТЕНИЕ» ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ✨📚
Кітап – адамға білім беріп қана қоймай, оның ой-өрісін кеңейтіп, жүрегіне ізгілік пен рухани құндылық ұялататын асыл қазына. 📖❤️
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 мектепте оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану және тұрақты оқырман қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Жазда кітап оқимыз – Летние чтение» жобасының қорытынды марапаттау рәсімі өтті.
🎉 Іс-шараны мектеп директоры Мамытбаева Сәуле Әсетовна ашып, оқушыларды кітап оқуға деген белсенділігімен құттықтап, білім мен кітаптың адам өміріндегі маңызын атап өтті. Директорымыз жас оқырмандарға ізденіс пен білім жолында сәттілік тілеп, кітаппен достықты жалғастыруға шақырды. 🌷📚
🏆 ЖОБА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
🥇 БАС ЖҮЛДЕ
Жарқынбек Медина – 9 «А» сынып оқушысы.
🥇 І ОРЫН
Сламбек Шыңнұр – 8 «А» сынып оқушысы.
🥈 ІІ ОРЫН
Жүзбол Дамир – 4 «А» сынып оқушысы.
🥉 ІІІ ОРЫН
Нұрбаева Бибігүл – 9 «Б» сынып оқушысы.
🌟 «ҮЗДІК ОҚЫРМАН» номинациясы
Болатхан Інжу
📖 «БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАН» номинациясы
⭐ Сафар Мавлюда – 8 «Ә» сынып
⭐ Абдуллах Мухамед – 5 «Ә» сынып
Барша жеңімпаздар мен белсенді оқырмандарды шын жүректен құттықтаймыз! 👏🎉
Әр оқылған кітап – жүрекке жаққан бір сәуле, әр кітаптан алынған білім – болашаққа бастар жол. 🌟
Кітап оқыған ұрпақ – ойы озық, рухы биік, болашағы жарқын ұрпақ! 📚✨
💐 Жазғы демалысын кітап оқумен мазмұнды өткізген барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
Кітаппен өткен жаз – мағыналы жаз! ❤️📖
https://www.facebook.com/share/v/1ZyFmk9kBC/
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив