КІТАПХАНАНЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қыркүйек
2026

КІТАПХАНАНЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА

Бекітемін»

Кенесары қасымұлы      атындағы № 33 жалпы орта білім беретін

мектептің директоры

С. А. Мамытбаева_______



КІТАПХАНАНЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

2025-2026  ОҚУ ЖЫЛЫНА

     
2025-2026 оқу жылында кітапхана ҚР Білім және ғылым министрлігінің 
19.01.2019 жылғы №44 бұйрығына және 28.01.16 жылғы №91 бұйрығына сүйене отырып жұмыс жүргізді.

Мектеп кітапханасының негізгі мақсаттары мен бағыттары:

-Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету;
-4 қазақ сыныбына жаңартылған бағдарлама бойынша «Жаратылыстану», «Русский язык», «Ағылшын тілі», «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» оқулықтары алу; 
-7 сыныптар үшін: «Қазақ тілі» оқулығын, 7сыныптар үшін: «Дүниежүзі тарих» оқулығын, 9 сыныптар үшін: «Қазақстан тарихы», «География» оқулықтарын алу;
-Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ақпараттық  мәдениетін жетілдіру;
-Оқушының  жан-жақты тәрбиеленуіне, ой-өрісін нығайтуға көмектесу;
-Мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыруға көмек беру;
- «Балалар кітапханасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында жұмыс жасау;
-«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жұмыс жасау.
Кітапхана мына бағытта жұмыс жүргізді:
- «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылды;
-Дөңгелек үстел, ақпараттық сағат, пікіралмасу, кездесу кеші, мәнерлеп оқу сайыстары ұйымдастырылды;
-Оқырман формуляры бойынша оқу залында және абонементте   оқырмандарға жеке қызмет көрсетілді;
-Кітап көрмелері ұйымдастырылды; 
-Жаңа оқу жылына  ӘБ жетекшілерімен ақылдаса отырып, оқулыққа және көркем әдебиетке тапсырыс берілді;
-Оқулықпен оқушылар  100 пайыз қамтамасыз етілді;
-Оқулықтың сақталуына әр тоқсан сайын рейд жүргізілді.

Кітапхана қоры.   
2026-2027оқу жылында кітапхана қорына -2421дана оқулық келіп түсті.
Мектеп кітапханасының қорында -.35185 дана кітап бар, оның ішінде оқулықтар саны-28261 дана, көркем әдебиеттер саны- 6924 дана.


Көркем әдебиеттің қорыоқырмандарға ашық қолжетімді. 

Кітапхана сөресіндегі барлық кітаптар КБЖ (ББК)  жүйесі бойынша орналастырылған.

Оқулықтар қоры.Жаңа оқулықтар алынған және оқушыларға берілген.
2025-2026 оқу жылында №.33жалпы орта білім беретін мектептің
1-11 сынып оқушылары оқулықпен 100 пайыз қамтылды.

2025-2026оқу жылыоқулықпен қамтылуы:

Сыныптар

Оқушылар саны

Оқулықпен қамтылуы

Оқулықпен қамтылу үлесі %

жалпы

қазақ

орыс

жалпы

қазақ

орыс

жалпы

қазақ

орыс

1-Сынып

77

35

42


75

75

100%

100%

100%

2-Сынып

100

45

55


96

98

100%

100%

100%

3-Сынып

111

42

69


90

107

100%

100%

100%

4-Сынып

106

40

66


94

107

100%

100%

100%

5-Сынып

129

53

76


75

115

100%

100%

100%

6-Сынып

125

52

73


78

87

100%

100%

100%

7-Сынып

96

47

49


96

103

100%

100%

100%

8-Сынып141

62

79


60

78

100%

100%

100%

9-Сынып

132

47

85


63

60

100%

100%

100%

10-Сынып

82

30

52


67

47

100%

100%

100%

11-Сынып

75

32

43


57

47

100%

100%

100%

Барлығы: 

1174

485

689


485

689

100%

100%

100%

Кітап қорын қалыптастыру мақсатында:
1.Оқу баспасын қабылданып және техникалық өңделді;
2.Жаңа түскен әдебиеттер есепке алынды;
3.Келіп түскен басылымдар қабылданды;
4.Жиынтық есеп: жаңа түскен кітаптар жиынтық есеп кітабына жазылды;
5.Қорға түскен жаңа баспалар ретімен қойылды;
6.Мазмұны  ескірген оқулық пен әдебиеттер есептен шығарылды;
7.Қор талапқа сай орналастырылды.
8.Күнделік толтырылды.
Оқу-тәрбиелік үдерісті қамту мақсатында:
1.Кітапханаға келген оқырмандарға кітапхананы қолдану ережелерімен таныстырылды;
2.Оқырмандарға қызмет көрсетілді;
3.Кітап көрмелері ұйымдастырылды;
4. «Оқуға құштар мектеп» бұрышы жасалды;
5.«Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында жоспар құрылып, іс-шаралар өткізілді;
6.Оқырмандары кітапханаға жазып, оқырман формуляры толтырылып, тіркеу кітабына енгізілді;
7.Жаңа оқырмандарды тіркеліп, күнделікке енгізіліп, есептеліп отырылды.

ҚР Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидалары туралы»2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91бұйрығы және ҚР Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы №112 бұйрығын негізге ала отырып 2026-2027 оқу жылына жаңартылған оқулықтарға сұраныс берілді.

 2026-2027 оқу жылында кітапхана қорына жаңартылған бағдарламамен 2421 дана оқулық келіп түсті. 

Жаңартылған бағдарлама бойынша 3 сыныптар үшін: «Жаратылыстану», «Русский язык», «Ағылшын тілі», «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» оқулықтарын, 7 сыныптар үшін: «Қазақ тілі» оқулығын, 8 сыныптар үшін: «Дүниежүзі тарих» оқулығын, 9 сыныптар үшін: «Қазақстан тарихы», «География» оқулықтары алынып, оқушыларға таратылып берілді.

Және 5-9 сыныптар үшін «Жаһандық құзыреттер»-«Арман ПВ» баспасының окулықтары кітапхана қорына келіп түсті, сабақ беретін мұғалімдер жаздырып алды.


·Оқырмандармен жұмысмазмұны және ұйымдастырылуы.
 2025-2026оқу жылында оқырмандар белсенділігінің орта көрсеткіштері өткен жылдан жоғары. Белсенді оқырмандар биыл барлық сыныптар кітап талқылаумен, кітап оқумен көзге түсті. 
Оқырмандармен әрқашан жеке жұмыс жасалды. Оқырмандар мүдделерін және көзқарас енділіктерін білу мақсатымен, жүйелі түрде  сұхбаттар өткізіліп тұрды.
Кітапхана жұмысының маңызды орындарынын бірі-көпшілік іс-шаралар, өйткені сыныптан тыс іс-шараларда балалармен кері байланыс құрылады.


· «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Балалар кітапханасы» бағдарламасы:

Мектеп  кітапханасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 05 қарашадағы №5-18-4/3950 хатын және Шымкент қаласы білім басқармасының  «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру үшін жолдаған 22.01.21 жылғы №31 хатын, Шымкент қаласы білім басқармасының «Қосымша білім беру оқу салалық орталығының» 2024 жылдың 25 қыркүйегіндегі №137 хаты негізінде  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық  кітапханасының әдістемелік нұсқаулығына және ОАМ РҒПК ұсынған «Балалар кітапханасы» іс-шаралар тұжырымдамасына сүйене отырып мына жұмыстарды өткізді:

Оқу тәрбие процесіне көмектесе отырып, оқушылармен мына іс-шаралар өткізілді.
Кітап көрмелері:
- «Конституция-еліміздің Ата Заңы» (ҚР Конституция күніне)
- «Оқуға құштар мектеп» бұрыш
 - «Мектеп – мейірім мекені!» (1 қыркүйек –білім күніне)
- «Абайды бірге оқимыз!» Абай Құнанбайұлына-180 жыл  кітап көрмесі                                                        
- «Сұлу сөздің сүлейі» (І. Жансүгіровке – 130 жыл)
- «Шұғаның белгісі» (Б.Майлиннің туғанына -130 жыл) 
- «Тәуелсіздік- тұғырым!» 
- «Фариза- рух жанары!» (Ф. Оңғарсынова 85жыл)
- «Жарқын жұлдыз» (С.Мұқановқа-125 жыл)
- «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» (Қазақстан халқының бірлігі күні»
-« Халық қаһарманы,жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына115 жыл
-«Қазақтың көрнекті ғалымы ,қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханға -160 жыл
-« 9 мамыр -Жеңіс күні жасасын!» (9-мамыр жеңіс күніне)
-« 23 сәуір-Ұлттық кітап күні» кітаптар көрмесі
-« «Алаш қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлына -140 жыл ақпарат шеберлік сабағы.
- «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» (31-мамыр саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне) көрмелерін  ұйымдастырды.
·
·

·Ата Заң – Тәуелсіздіктің тұғыры
·
·Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай “Ата Заң – Тәуелсіздіктің тұғыры” атты танымдық шара өткізілді.

·Іс-шара барысында оқушылармен түрлі танымдық-ойындар ойнатылып, тақпақтар айтылып, суреттер салынды. Бұл шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтуды көздеді.

·#Конституция30жыл #АтаЗаң #Тәуелсіздік #№33мектеп

Мақсаты: Оқушылардың ана тілін құрметтеуге үйрету, тіл байлығын дамыту. 

Дөңгелек үстелде оқушылар «Туған тілім -тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сөз ойдағы» -демекші, әр адам баласы өз туған тілін құрметтеп, сыйлау керек деп өз ойларын ортаға салып, тіл туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты. 

Ата Заң – асыл мұраттар бастауы

·Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектепте 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мектеп кітапханасында арнайы “Ата Заң – асыл мұраттар бастауы” атты бұрыш ұйымдастырылды.

·Іс-шара барысында тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел мен тарихи сағаттар өткізілді. Шарада тарих пәні мұғалімі Жүсіпова Несібелі Күмісбайқызы Конституцияның мәні мен қоғамдағы маңызы жөнінде ой қозғады.
Бұл бастама жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, Отанға деген құрмет сезімін арттыруға бағытталды.

















·Бүгін Кенесары Қасымұлы атындағы № 33 жалпы орта білім беретін мектебінде 5–7 сынып оқушыларының қатысуымен
·«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты көркемсөз оқу кеші өтті.
·Іс-шара барысында жас өрендер тіл мен достық тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, көрермендерге рухани әсерлі сәттер сыйлады. Оқушылардың жүрек жарды жырлары мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қана қоймай, көпұлтты елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптеді.
·Бұл тағылымды басқосу «Тілдер тоғысқан мереке» онкүндігі аясында ұйымдастырылып, оқушылардың сөз өнеріне, тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. 
Ертегілер еліне саяхат! 
Бүгін 2-сынып оқушылары ғажайып әлемге – Ертегілер еліне саяхат жасады. Балалар қызықты кітаптарды оқып, ертегілердің кейіпкерлерімен танысып, қиялға қанат бітірді.
Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқуға деген қызығушылығын ояту – біздің басты мақсатымыз. Өйткені әрбір ертегі – баланың қиялын дамытатын, жақсылыққа тәрбиелейтін баға жетпес қазына.
Кенесары Қасымұлы атындағы 33 жалпы орта білім беретін мектебі жас оқырмандарын қолдап, олардың рухани дамуына әрқашан үлес қоса
Сәкен және Абай оқулары
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасын дәріптеу, сондай-ақ қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын насихаттау мақсатында дәстүрлі «Сәкен және Абай оқулары» өтті.
Іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, қос тұлғаның өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, мәнерлеп орындады. Жас ұрпақтың рухани дамуына, сөз өнеріне, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауына бағытталған бұл оқулар қатысушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, өнерге деген қызығушылығын ояту
Ұлттық құндылықтар айлығы аясында мектеп кітапханасында «Мен және кітап» атты сурет байқауы өтті!
 4 «Ә» сыныбының оқушыларымен бұл шараны Күзжанова Маржан ұстазымыз өткізді.
Балалар өз қиялдарын сурет арқылы жеткізіп, сүйікті кітап кейіпкерлерін бейнеледі.
Іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын дамытты.
#МенжәнеКітап #ҰлттықҚұндылықтарАйлығы #КенесарыҚасымұлыАтындағы33мектеп #КітапханаКүні
 «Кітап оқитын ұлт» жобасы – №33 мектеп кітапханасында өтті!
Бүгін Кенесары Қасымұлы атындағы №33 мектеп кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани дамуына ықпал ету.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, қазақ және әлем әдебиетінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар, «Кітап – білім бұлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандар өз ойларын ортаға салды.
Белсенді қатысушылар марапатталып, мектеп кітапханасының жаңа қорымен танысты.
Мұндай игі шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге құштар болуына зор әсер етеді
#КітапОқитынҰлт #КенесарыҚасымұлы #№33Мектеп #Кітапхана #БілімБастау #ОқуМәдениеті
·Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы
бүгін көрнекті педагог, қоғам қайраткері Күләш Шәмшидинованың
“Үздік. Балаға қалай көмектескен жөн? Мектепте де, өмірде де” атты кітабымен танысу іс-шарасын өткізді.
Шара барысында кітаптың негізгі идеялары, оқушыларды қолдау жолдары, ата-ана мен мұғалім арасындағы өзара серіктестіктің маңызы талқыланды. Кітапта бала әлеуетін ашуға, тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған құнды кеңестер мен практикалық ұсыныстар берілгені атап өтілді.

«Менің ертегілерім» — ертегілер еліне қызықты саяхат! 
Бүгін 4-г сынып оқушылары кітапханада «Теремок» ертегісін сомдап, өз өнерлерін көрсетті.
Балалар әр кейіпкерге жан бітіріп, ертегіні көңілді қойылымға айналдырды. 
Бұл шығармашылық саяхат оқушылардың қиялын дамытып, ертегілерге деген қызығушылығын арттыра түсті.
Керемет әсер сыйлаған балаларымызға үлкен алғыс! 
Ұлттық құндылықтар айлығы аясында мектеп кітапханасында 4 «А» және 4 «Ә» сыныптары арасында «Мақал-мәтел оқу сабағы» өткізілді.
Оқушылар қазақ халқының даналыққа толы мақал-мәтелдерін мәнерлеп оқып, олардың астарлы мағынасын түсіндірді. Сабақ барысында балалар тіл байлығын дамытып қана қоймай, ұлттық тәрбиенің құндылығын сезінді.
Бұл шара – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мен ата-баба мұрасын құрметтеуге баулудың бір қадамы болды.
Ұлттық сөз қазынасы – ұлт болашағының темірқазығы.
#ҰлттықҚұндылықтарАйлығы #МақалМәтел #КітапханаСабағы #БалаТәрбиесі #ҰлттықМұра #4Асынып #4Әсынып











·Зульфибекова  Айша Мирайдаровна оқушыларды Міржақып Дулатұлының өмір жолы, шығармашылығы және Алаш қозғалысындағы елеулі еңбектерімен кеңінен таныстырды.
·Іс-шараның мақсаты — ұлттық тұлғаларды дәріптеу, жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттыру.
·Қатысушылар тарихи маңызы зор мәліметтермен танысып, Алаш арыстарының мұрасының құндылығын терең сезінді.





·Абай оқулары №33 мектепте! 
Бастауыш сынып мұғалімдері «Кітап оқитын педагог» жобасы аясында Абай Құнанбайұлының Күз, Қыс қара сөздерін мәнерлеп оқып, оқушыларға үлгі көрсетті.
Сондай-ақ, ұстаздар «Көзімнің қарасы» әнін орындап, сабақты ерекше әсерлі етті 
·Ұстаздарымызға шығармашылық табыс, оқушыларға шабыт тілейміз! 
#АбайОқулары #КітапОқитынҰлт #КітапОқитынПедагог #№33Мектеп 





Кенесары Қасымұлы атындағы №33 мектеп кітапханасында
“Тәуелсіз елім – Қазақстан” атты тәрбие іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, елін сүйетін азаматтық рух қалыптастыру,
отансүйгіштікке тәрбиелеу және ерлердің ерлігін ұлықтау.
 7 «А» сынып оқушылары әсерлі шығармаларымен шараға ерекше мазмұн қосты:
Сламбек Шыңнұр мен Әбілсейіт Жәңгір – Қайрат Рысқұлбековтың “Ақтық сөзін” оқыды.
����Ерғалиұлы Хансері – “Тәуелсіз ел” өлеңін мәнерлеп орындады.
Оқушылардың патриоттық сезімі мен шығармашылық белсенділігі – біздің мақтанышымыз! 
#ТәуелсізЕлім #Қазақстан #МектепӨмірі #ТәрбиеСағаты #ПатриоттықРух
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 мектеп кітапханасында
«Тәуелсіз елім — Қазақстаным» атты ерекше рухани тәрбие сағаты өтті!
4 «А», «Ә», «Г» сыныптарының оқушылары жүректерінен шыққан тәуелсіздік туралы тақпақтарын оқып, Отанға деген ыстық сезімдерімен бөлісті. Әр бала өз сөзінде елімізге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті терең сезіммен жеткізді.
Іс-шара барысында мектеп кітапханасы нағыз патриоттық рухқа толып, балалардың жарқын дауыстары тәуелсіздіктің қадірін тағы бір еске салғандай болды.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Жас ұрпақ рухы биік, жүрегі елім деп соқсын!
#ТәуелсізҚазақстан
#БолашақЖасҰрпақ
#ТәрбиеСағаты
#№33Мектеп
·
·
·


·Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында
·8 «А» сынып оқушысы Жарқынбек Медина «Гауһар тас» романын оқып, өз ойымен бөлісті. Оқушы романның мазмұны мен негізгі идеясын талдап, шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен тағдырына тоқталды. «Гауһар тас» романы арқылы адамгершілік, адалдық, төзімділік сияқты құндылықтардың маңызын түсінгенін атап өтті.
·Медина бұл шығарманың оқырманды терең ойға жетелейтінін айтып, қатарластарына кітап оқуды ұсынды. Осындай белсенді оқырмандар арқылы «Кітап оқитын ұлт» жобасының мақсаты жүзеге асады.
·
·📚“Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында
·Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің “Қорғансыздың күні” шығармасы бойынша әдеби-танымдық іс-шара өтті.
·Іс-шараға 10 “Ә” сынып оқушылары белсене қатысып, шығарманың мазмұны мен тәрбиелік маңызын терең талқылады. Сабақты Жұмабаева Лаззат Лесқызы жүргізіп, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлді
·📖Кітап – білімнің қайнар көзі
·#КітапОқитынҰлт
·#МектепКітапханасы
·#МұхтарӘуезов
·#ҚорғансыздыңКүні
·#10ӘСыныбы

Кенесары Қасымұлы атындағы №33жалпы орта білім беретін мектеп
   «Кітап оқитын әулет» жобасы аясында мектепшілік кезең өткізілді. Жобаның мақсаты – оқушылар мен ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасылық кітап оқу дәстүрін насихаттау.
Мектепшілік кезең барысында командаларға арнайы атаулар берілді. Атап айтқанда: «Білімпаздар», «Зерек ұрпақ», «Кітапқұмар отбасы», «Оқырман отбасы», «Парасат», «Алтын қазына», «Білім шамшырағы» командалары өз бақтарын сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – «Рахымұлы отбасы»
ІІ орын –Есенбекотар отбасы»
ІІІ орын – «Қайырбаевтар отбасы»
Барлық қатысушы отбасыларға алғыс білдіреміз! Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағы.







·Шын жүректен кітап сыйла”
Кенесары Қасымұлы атындағы N33 жалпы орта білім беретін мектеп кітапхана бөлімінде
“Балалар кітапханасы”жобасы аясында “Шын жүректен кітап сыйла”тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кітап оқуды насихаттай отырып,жас ұрпақты әдебиетке баулу болып табылады.Өйткені бұл мерекенің басқа мерекелерден ерекшелігі кітап сыйлау және оқырманның назарын кітапқа аудару



















·Кенесары Қасымұлы атындағы N33 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында " Балалар кітапханасы жобасы " аясында "Оқырман" кітап оқу апталығының жоспары бойынша "Отбасымен бірге кітап оқу " күні ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуды отбасылық дәстүрге айналдыру.
Оқырман”кітап оқу апталығы














Кенесары Қасымұлы атындағы №33жалпы орта білім беретін мектеп
Балалар кітапханасының бағдарламасы – 2 сәуір, Халықаралық балалар кітабы күні
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне орай, балалар кітапханасында арнайы бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – балаларға кітапты, оқу мәдениетін сүйіспеншілікпен таныстыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
3–6 сынып оқушылары үшін қызықты суретті ертегілер оқылды. Бағдарлама барысында оқушылар ертегілерге белсенді қатысып, олардың кейіпкерлерімен танысып, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, іс-шара ұлы Ыбырай Алтынсариннің ертегілерімен толықтырылып, балаларға қазақ әдебиетінің классикалық үлгілері таныстырылды.
Осылайша, балалар кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытты, отбасылық оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты.
Іс-шара тақырыбы: 2 Сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні
Өткізілу әдісі: Кітапханалық оқу сағаты
Қолданылған көрнекіліктер:Әдеби оқулықтар
Әдебиеттер бөлімі: 84,
Көрнекілігі:кітап көрмесі
Іс шара мерзімі қашан және қайда:02.04.2026  жыл, кітапханада.
Ұсынылған кітаптар: 20
Қатысқаны:Оқушылар. Барлығы: 28 адам.
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектепте “Мейірім мен қамқорлық – басты құндылық” тақырыбында кітапханада іс-шара өтті.
Шара барысында балалар қызықты ертегілер оқып, түрлі-түсті кітаптармен танысты. 
Ертегілер арқылы олар мейірімділік, қамқорлық және достық сияқты құндылықтардың маңызын түсінді.
Осындай игі іс-шаралар балалардың рухани дамуына үлкен әсер етеді 
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектепте “Мейірім мен қамқорлық – басты құндылық” тақырыбында мектеп кітапханасында ерекше тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру және мейірімділік пен қамқорлықтың мәнін түсіндіру болды.  
Кітапхана төрінде жиналған оқушылар түрлі-түсті, мазмұнды ертегі кітаптарымен танысып, қызыға оқыды. Әрбір ертегі бала жүрегіне жылулық сыйлап, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, айналасына жанашырлықпен қарауға үйретті. Балалар оқыған ертегілері бойынша өз ойларымен бөлісіп, бір-бірімен пікір алмасты.                                                                                                                                                  
Осындай рухани маңызы зор шаралар жас ұрпақтың бойында ізгілік, мейірім, достық, сыйластық сияқты асыл қасиеттердің қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Кітап – адамды тәрбиелейтін ең сенімді құралдардың бірі екені тағы бір мәрте дәлелденді.



Кенесары Қасымұлы атындағы №33жалпы орта білім беретін мектеп

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында

Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақ халқының даңқты палуаны, әлемге танылған тұңғыш кәсіби қазақ балуандарының бірі.

Өмір жолы:

Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы қазіргі Қазақстанның Ақмола облысы аумағында дүниеге келген. Балалық шағы қиындықпен өтті, жастайынан еңбекке араласып, дене күшімен көзге түскен. Оның ерекше күш-қайраты ерте байқалып, күрес өнеріне қызығушылығы арта бастайды.

Жас кезінде ол әртүрлі жәрмеңкелер мен сайыстарға қатысып, өз шеберлігін шыңдайды. Кейін кәсіби күреске бет бұрып, әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетеді. Қажымұқан Мұңайтпасов Франция, Түркия, Ресей, Жапония сияқты елдерде өткен халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, бірнеше рет әлем чемпионы атанған.

6 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Сарсенбаева Гүлнар ұстаздарының жетекшілігімен қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 115 жылдығына орай ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар палуанның өмір жолымен танысып, оның ерлігі мен қайсарлығын үлгі етті. Түрлі тапсырмалар орындап, өлеңдер оқып, қызықты мәліметтермен бөлісті.

Бұлшараоқушылардыңкітапқадегенқызығушылығынарттырып, отансүйгіштікрухыннығайтуғаүлкенүлесқосты.

Іс-шара тақырыбы: Қажымұқан Мұңайтпасов 
Өткізілу әдісі: Кітапханалық оқу сағаты
Қолданылған көрнекіліктер:Әдеби оқулықтар
Әдебиеттер бөлімі: 84,
Көрнекілігі:кітап көрмесі
Іс шара мерзімі қашан және қайда:16.03.2026  жыл, кітапханада.
Ұсынылған кітаптар: 20
Қатысқаны:Оқушылар. Барлығы: 28 адам.









Кенесары Қасымұлы атындағы №33жалпы орта білім беретін мектеп

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында

Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақ халқының даңқты палуаны, әлемге танылған тұңғыш кәсіби қазақ балуандарының бірі.

Өмір жолы:

Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы қазіргі Қазақстанның Ақмола облысы аумағында дүниеге келген. Балалық шағы қиындықпен өтті, жастайынан еңбекке араласып, дене күшімен көзге түскен. Оның ерекше күш-қайраты ерте байқалып, күрес өнеріне қызығушылығы арта бастайды.

Жас кезінде ол әртүрлі жәрмеңкелер мен сайыстарға қатысып, өз шеберлігін шыңдайды. Кейін кәсіби күреске бет бұрып, әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетеді. Қажымұқан Мұңайтпасов Франция, Түркия, Ресей, Жапония сияқты елдерде өткен халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, бірнеше рет әлем чемпионы атанған.

6 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Сарсенбаева Гүлнар ұстаздарының жетекшілігімен қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 115 жылдығына орай ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар палуанның өмір жолымен танысып, оның ерлігі мен қайсарлығын үлгі етті. Түрлі тапсырмалар орындап, өлеңдер оқып, қызықты мәліметтермен бөлісті.

Бұлшараоқушылардыңкітапқадегенқызығушылығынарттырып, отансүйгіштікрухыннығайтуғаүлкенүлесқосты.

Іс-шара тақырыбы: Қажымұқан Мұңайтпасов 
Өткізілу әдісі: Кітапханалық оқу сағаты
Қолданылған көрнекіліктер: Әдеби оқулықтар
Әдебиеттер бөлімі: 84,
Көрнекілігі: кітап көрмесі
Іс шара мерзімі қашан және қайда:16.03.2026  жыл, кітапханада.
Ұсынылған кітаптар: 20
Қатысқаны: Оқушылар. Барлығы: 28 адам.



Кенесары Қасымұлы атындағы №33жалпы орта білім беретін мектеп
📚 «Кітап оқитын ұлт» жобасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға белсене қатысқан оқушылар Сертификаттармен және арнайы марапаттармен марапатталды. Ал үздік нәтиже көрсетіп, аудандық кезеңге жолдама алған оқушылар Дипломдармен марапатталды.
Атап айтар болсақ, 6 «А» сынып оқушысы 1орынӘбілсейіт Аяна,2 орын 6 «Ә» сынып оқушысы Абдоллах Аяулым және 6 «Ә» 3 орынсынып оқушысы Әсілхан Мансұр марапатталды. 
Сонымен қатар, 7-сынып оқушылары арасында:
🥇І орын – 7 «Ә» сынып оқушысы Сафар Мавлюда,
🥈ІІ орын –7 «А» сынып оқушысы Сламбек Шыңнұр,
🥉ІІІ орын – 7 «Ә» сынып оқушысы Нуртуған Нұрболат иеленді.
Жеңімпаз оқушылар аудандық кезеңге өтіп, Дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды.
8-сынып оқушылары арасында:
🥇І орын –8 «Ә» сынып оқушысы Абдоллах Аяна,
🥈ІІ орын – 8  «Б»сынып оқушысы Құрбан Қазына,
🥉ІІІ орын – 8 «А» сынып оқушысы Арғымбай Жаннұр иеленді.
Жеңімпаз оқушылар аудандық кезеңге өтіп, Дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды.
9-сынып оқушылары арасында:
🥇І орын – 9 «Ә»сынып оқшысы Токбаева Жібе,
🥈ІІ орын – 9 «А» сынып оқушысы Шамар Жансая,
🥉ІІІ орын – 9 «Ә» сынып оқушысы Берди Мөлдір иеленді.
Жеңімпаз оқушылар аудандық кезеңге өтіп, Дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды.
10-сынып оқушылары арасында:
🥇І орын – 10 «А» сынып оқушысы Даулетова Салима,
🥈ІІ орын –10 «А» сынып оқушысыАрғынбай Балнұр,
🥉ІІІ орын – 10 «А» сынып оқушысы Утемуратова Махаббат иеленді.
Жеңімпаз оқушылар аудандық кезеңге өтіп, Дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды.
Кенесары Қасымұлы атындағы №33жалпы орта білім беретін мектеп
«Мұқағали – Мәңгілік ғұмыр» тақырыбында кітапханалық оқу сағаты өткізілді.
Мектеп кітапханасында 6–7 сынып оқушылары арасында «Мұқағали – Мәңгілік ғұмыр» тақырыбында оқу сағаты ұйымдастырылып, тағылымды іс-шара өтті. Шараның мақсаты – оқушыларды ақын шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру және рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Оқу сағаты барысында кітапханашы ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы қысқаша мәлімет берді. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларының мазмұнын талқылады. Ақынның Отан, ана, махаббат, туған жер тақырыбындағы жырлары ерекше ықыласпен тыңдалды.
Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар ақынның кітаптарымен танысты. Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, поэзия әлемінен рухани әсер алды.
Бұл оқу сағаты жас жеткіншектердің әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, Мұқағали жырларының мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Іс-шара тақырыбы: «Мұқағали-Мәңгілік ғұмыр»
Өткізілу әдісі:Кітапханалы оқу сағаты
Қолданылған көрнекіліктер:Мұқағали Мақатаев кітаптары
Әдебиеттер бөлімі: 84,
Көрнекілігі:кітап көрмесі
Іс шара мерзімі қашан және қайда:09.02.2026  жыл, кітапханада.
Ұсынылған кітаптар: 10
Қатысқаны:Оқушылар. Барлығы: 25 адам.
Кенесары Қасымұлы атындағы №33жалпы орта білім беретін мектеп
Бауыржан Момышұлы
Ұшқан ұя повесі бойынша сынып сағаты өткізілд.
Мектебіміздің 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б» сынып оқушылары арасында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі негізінде сынып сағаты ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, повестегі ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Сынып сағаты барысында мұғалім батыр-жазушының өмір жолына тоқталып, «Ұшқан ұя» шығармасының тәрбиелік мәнін түсіндірді. Оқушылар шығарма мазмұнын талдап, кейіпкерлер бейнесіне сипаттама берді. Әсіресе, ата-әже тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты ұлттық құндылықтар кеңінен әңгіме арқауына айналды.
Шара барысында оқушылар повестен үзінділер оқып, өз ойларымен бөлісті. Пікір алмасу арқылы олар шығарманың маңызын терең түсініп, өмірмен байланыстыра білді.
Сынып сағаты оқушылардың патриоттық сезімін оятып, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған мазмұнды іс-шара болды.
Іс-шара тақырыбы  Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя
Өткізілу әдісі:Сынып сағаты
Қолданылған көрнекіліктер Б.Момышұлы Ұшқан ұя
Әдебиеттер бөлімі 84
Көрнекілігі:кітап көрмесі
Іс шара мерзімі қашан және қайда:10.02.2026  жыл, кітапханада.
Ұсынылған кітаптар: 10
Қатысқаны:Оқушылар. Барлығы: 20 адам

«Kitap CAMP» жобасы аясында жазғы каникулда кітап оқимыз.


Кенесары Қасымұлы атындағы№33 жалпы орта білім беретін мектеп  оқушыларының жазғы демалысын мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары етіп өткізуге бағытталған «Kitap CAMP»  жобасы аясында оқушыларды кітап оқуға қызықтырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және рухани байлығын арттыру мақсатында жазда оқитын кітаптардың тізімдерін ұсынды. Оқушылар  әртүрлі әдеби шығармалармен танысады, ертегілер мен әңгімелерді талқылайды, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасайды. 
«Kitap CAMP» тек оқу ғана емес, сонымен қатар достықты нығайтып, бір-бірімен пікір алмасуға, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық орта. 
Бұл жоба арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып, жазғы демалыс уақытын пайдалы әрі әсерлі өткізуге жағдай жасалады.
1-сынып оқушыларына: 
-Әдептілік әліппесі.Өтебай Тұрманжанов
-Кім күшті?Спандияр Көбеев
-Үш аю.Лев Толстой
-Балдырған.Мұзафар Әлімбаев
2 сынып
-Қаңбақ шал.Қазақ ауыз әдебиеті
-Ақылды егінші.Ыбырай Алтынсарин
-Дәрігер Айболит.Корней Чуковский
-Отан.Мұхтар Шаханов
3-сынып
-Бала Шоқан.Сапарғали Бегалин
-Қарлығаш.Мұзафар Әлімбаев
-Сиқырлы сандық.Бердібек Соқпақбаев
-Күміс қоңырау .Фариза Оңғарсынова 
4-сынып
-Ағаштар неге ашуланды?.Шерхан Мұртаза
-Бақыт құсы.Қазақ ауыз әдебиеті
-Менің достарым.Сәбит Мұқанов
-Өлеңдер жинағы.Абай Құнанбайұлы
5-сынып
-Жусан иісі.Сайын Мұратбеков
-Ана.Ғабит Мүсірепов
-Қазақ солдаты.Ғабиден Мұстафин
-Жыр әлемі.Тұманбай Молдағалиев
6-сынып
-Менің атым Қожа.Бердібек Соқпақбаев
-Көшпенділер.Ілияс Есенберлин
-Шыңырау.Әбіш Кекілбаев
-Жүрек сыры.Қасым Аманжолов


📚 «Кітапхана құпиялары»
«Кітап CAMP» жобасы аясында мектеп жанындағы жазғы алаңда «Кітапхана құпиялары» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар кітапхана ережелерімен танысып, кітаптарды дұрыс табу жолдарын үйренді. Сонымен қатар қызықты «Кітап іздеу квестіне» қатысып, өздерінің ізденімпаздық қабілеттерін көрсетті.
Шара аясында балалар қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін мәнерлеп оқып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісті. Оқушылар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде әсерлі сәттерге бөленді.
📖Кітап – білімнің сарқылмас қазынасы!
🌿📚 «Табиғат – ғажайып әлем» 📚🌿
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен мектеп жанындағы жазғы алаңның 10 күндік бағдарламасы аясында «Табиғат – ғажайып әлем» атты танымдық оқу сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар табиғат туралы мәтіндер мен әңгімелер оқып, қоршаған ортаның сұлулығы мен байлығы туралы өз ойларымен бөлісті. Балалар табиғатты қорғаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызықты мәліметтермен танысты.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, табиғатқа сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
🌱Табиғатты аялау – әр адамның парызы!











Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектеп

Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап Camp» жобасы аясында мектеп жанындағы жазғы алаңның 10 күндік бағдарламасында «Жұмбақтың жалғасын тап» атты танымдық ойын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық пен зеректікке баулу. Ойын барысында балалар қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерімен танысып, жұмбақтардың жалғасын тауып, өз білімдері мен логикалық ойлау дағдыларын көрсетті.

Қатысушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Ойын көңілді әрі тартымды өтіп, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Осындай танымдық шаралар арқылы балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігі артып, ұлттық құндылықтарға деген құрметі нығая түст

* «Кітап Camp» бағдарламасы аясында «Жұмбақтың жауабын тап» атты сабақ өткізілді.













Кітап – білім бұлағы»

Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектепте «Кітап CAMP» жобасы аясында мектеп жанындағы жазғы алаңның 10 күндік бағдарламасы бойынша «Кітап – білім бұлағы» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар дұрыс оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапты ұқыпты пайдалану, кітаппен жұмыс істеу ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар кітап оқудың білім мен рухани дамуға қосатын үлесі туралы ой бөлісіп, өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырды.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапқа деген құрмет сезімін дамыту.




Жалпы қорытынды және ұсыныстар:
1.Оқушылардың кітап оқу белсенділігін күшейту.
2. Қорды жаңа көркем және балалар әдебиетімен толықтыру. Жылда бір рет «мектепке кітап сыйла» акциясын өткізу.
3. Ақпараттың сапасын және қолжетімдігін арттыру, оқырмандарға қызмет
көрсетудін сапасын арттыру жұмысын жалғастыру.
4. Кітапхана қызметін жандандыру, цифрландыру.
6. Кітапхананың қорын ескірген әдебиеттен тазарту, жарамсыз күйге түскен басылымдарды есептен шығару.
7. Оқушыларды 100 пайыз оқулықпен қамту.










































































































·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
·
Жалпы қорытынды және ұсыныстар:
1.Оқушылардың кітап оқу белсенділігін күшейту.
2. Қорды жаңа көркем және балалар әдебиетімен толықтыру. Жылда бір рет «мектепке кітап сыйла» акциясын өткізу.
3. Ақпараттың сапасын және қолжетімдігін арттыру, оқырмандарға қызмет
көрсетудін сапасын арттыру жұмысын жалғастыру.
4. Кітапхана қызметін жандандыру, цифрландыру.
6. Кітапхананың қорын ескірген әдебиеттен тазарту, жарамсыз күйге түскен басылымдарды есептен шығару.
7. Оқушыларды 100 пайыз оқулықпен қамту.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив