2025-2026 оқу жылы Әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары
Бекітемін
Мектеп директоры
С.А.Мамытбаева
_______________
Кеңесары Қасымұлы атындағы №33 мектеп
Әлеуметтік педагогтың
жұмыс жоспары
2025-2026 оқу жылы
Әлеуметтік педагог: Ж.Баимбетова
Шымкент – 2026ж
Тақырыбы: Балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқтатылып, оған заман талабына сай көмек, қолдау көрсету, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтік реабилитация мен бейімделуіне, жұмысқа орналасуы мен тұрғын үй кезегімен қамтамасыз ету жұмыстарын талдап, жандандыру.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының мақсаты:оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші ғана емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Әлеуметтік педагогтың міндеттері:
-балалардың құқықтарын қорғау үшін әртүрлі әлеуметтік қызмет өкілдерімен жұмыс жүргізу;
-оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік- педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;
-тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайын, отбасының, микроортасының психологиялық, медициналық, педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу;
-оқушымен мекеменің, отбасының, әлеуметтік ортаның, мектептің арасындағы келістіруші міндетін атқарады;
-аз қамтылған отбасы балаларының үйірмелермен қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді пайдалануын қадағалау;
-ерекше білімді қажет ететін оқушылармен және үйде оқытылатын оқушылардың құқықтарын қорғайды және олардың қоғамдық ортаға бейімделуіне жағдай жасайды;
-тұл жетім, қамқорлықтағы және қорғаншылықтағы балалармен жұмыс жүргізеді
-мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың есебін үнемі жүргізіп отыру;
-мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, күн көріс деңгейі төмен отбасыдан шыққан балалармен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тұрмыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасы балаларының уақытылы әлеуметтік көмек алуын, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін және жазғы лагерьлермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.
-Жылдық жоспар Білім туралы ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі, ҚР баланың құқықтары туралы ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығы, Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделген.
№ | Іс – шаралар | Орындалу мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары |
І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу | ||||
| 1 | Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың сабаққа келгені және келмегені туралы мәліметті бухгалтерияға өткізу, күнделікті талон шығарып, оқушыларға тарату, ай соңында акт түзіп жою | Ай сайын | әлеуметтік педагог | Табель акт |
| 2 | Мектеп асханасынан тегін ыстық тамақтың сапасын және кестеге сай тамақтануын қадағалау, | Апта сайын | Әлеуметтік педагог Медбике | Бракераждық акт |
| 3 | -Мектептің әлеуметтік паспортын жасау мақсатында мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайына сынып жетекшілермен бірлесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың әлеуметтік санатын зерттеу қорытындысы бойынша мектептің әлеуметтік паспорты: | қыркүйек | әлеуметтік педагог сынып жетекшілер | Зерделеу Оқушының жеке әлеуметтік картасы мектептің әлеуметтік төлқұжатын әзірлеу |
ІІ. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы | ||||
| 4 | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылармен және қорғаншылармен ҚББ байланыса отырып жұмыс жүргізу. | жыл бойы | әлеуметтік педагог | мәлімет |
| 5 | Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады. | Қажеттілікке қарай | әлеуметтік педагог ДТЖЖО психолог | Мәлімет |
| 6 | Ата-ана және бала құқығы туралы ата-аналар жиналыстарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу | Қаңтар | әлеуметтік педагог сынып жетекшілер психолог | баяндама |
| 7 | Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды. | Қаңтар | әлеуметтік педагог ДТЖЖО психолог | Мәлімет |
| 8 | «Мектептегі бала құқығы» оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. | қаңтар, | әлеуметтік педагог ДТЖЖО | баяндама |
ІІІ. Әр түрлі есепте тұрған оқушылармен жеке профилактикалық жұмыс | ||||
| 9 | Үйде оқытылатын оқушылардың үй жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу, ата-аналарына психологиялық педагогикалық әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарын жүргізу. | жылына екі рет | ДТЖЖО сынып жетекші әлеуметтік педагог педагог психолог | Акт |
| 10 | Мектепішілік есепте тұратын қиын және құқықбұзуға бейім оқушылармен бірлескен жұмыстарды атқару. Әлеуметтік- тұрмыстық жағдайына зерделеу жүргізу. | жыл бойы | ДТЖЖО әлеуметтік педагог психолог | Тізім Акт |
| 11 | Мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды. Сенімхатпен тұратын оқушылардың отбасылық, әлеуметтік жағдайын бақылау | үнемі | ДТЖЖО әлеуметтік педагог психолог сынып жетекші | Тізім Зерделеу |
| 12 | Ерекше білімді қажет ететін инклюзивті білім алатын оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық үй жағдайын зерделеп, әлеуметтік жағдайдан туындайтын мәселелердің алдын алу. | Қаңтар | әлеуметтік педагог психолог | Акт |
ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы | ||||
| 13 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу | Қажеттілікке қарай | ДТЖЖО әлеуметтік педагог психолог сынып жетекші | Мәлімет |
| 14 | Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнату, бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз ету | Қажеттілікке қарай | әлеуметтік педагог психолог | Мәлімет |
V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс | ||||
| 15 | Ата-аналар жиналыстарына қатысу; Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау. | І.ІІ.ІІІ.ІҮ тоқсан | әлеуметтік педагог ДТЖЖО | хаттама |
| 16 | Әлеуметтік көмекті қажет ететін, ерекше білімді қажет ететін оқушылардың білім алуын бақылауда ұстау. | үнемі | ДОЖЖО психолог әлеуметік педагог | анасымен сұхбаттасу, сауалнама алу |
| 17 | Аудандық әкімшілік, және қалалық жұмыспен қамту орталығымен байланыста болып, АӘК алушы отбасылардың тізімін алып отыру, оқушыларды анықтау. | Жылына 2 рет | әлеуметтік педагог | Тізім |