2025-2026 оқу жылындағы педагог- логопедтің жылдық есебі » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қыркүйек
2026

2025-2026 оқу жылындағы педагог- логопедтің жылдық есебі

КенесарыҚасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің

2025-2026 оқу жылындағы педагог- логопедтің жылдық есебі


Ұйымдастырушылық бағыт

Оқу жылының басында педагог-логопед нормативтік-құқықтық құжаттармен танысып, жұмысқа қажетті барлық құжаттарды жылдық жоспар, сабақ жоспарлары, сөйлеу карталарыбастан аяқ жүйеледі. Қыркүйек айында 2 апталық бастапқы диагностика жүргізіліп, оқушылар сыныпта бақылауға алынды. Нәтижесінде логопедиялық көмекті қажет ететін оқушылар анықталып, тізімі жасақталды. Құжаттамалық жұмыстар оқу жылы бойы жүйелі түрде жүргізіліп отырды.


Диагностикалық бағыт

Жыл бойы сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларға кешенді диагностика жүргізілді.

Диагностика барысында:

·оқушылардың ауызша сөйлеу тілі; 

·жазбаша сөйлеу дағдылары (жазу, оқу); 

·дыбыс айту ерекшеліктері жан-жақты тексерілді.

Әр оқушы бойынша логопедиялық қорытынды жасалып, сөйлеу тіліндегі бұзылыстардың себептері (сөйлеу картасы арқылы) анықталды. Диагностикалық жұмыстар І және ІІ жартыжылдықта қайта қаралып, даму динамикасы бақылауға алынды.


Консультативтік бағыт

Жыл бойы ата-аналарға (заңды өкілдерге) және мұғалімдерге жүйелі түрде кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

Мұғалімдерге оқушылардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру және оқу материалдарын бейімдеу бойынша жекелей және педагогикалық кеңестерде әдістемелік ұсыныстар берілді. Сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, оқушылардағы тіл бұзылыстары, оқу және жазу қиындықтары анықталып, оларды түзету жолдары қарастырылды.

Ата-аналарға:

·баламен үй жағдайында жұмыс жүргізу жолдары; 

·сөйлеу тілін дамытуға (артикуляциялық жаттығулар) арналған жаттығулартүсіндіріліп, жүргізіліп жатқан түзету жұмыстары туралы тұрақты түрде ақпарат беріліп отырды.

Логопедиялық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, атқарылған жұмыстарға байланысты анықтамалар уақытылы рәсімделді.Кеңестердің барлығы кеңес беру журналына тіркелді.


Дамытушылық бағыт

ПМПК қорытындысы бар және мектепішілік анықталған сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларға:

·сөйлеу карталары; 

·жеке дамыту бағдарламалары (ЖДБ,ТДБ); 

·жұмыс дәптерлері жасақталды.

Оқушылармен жеке (30 минут) және топтық (45 минут) сабақтар жүйелі түрде өткізілді. Сабақ барысында дыбыс қою, түзету, байланыстырып сөйлеуді дамыту, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру бағыттары қамтылды. Сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды түзету үшін түрлі әдіс-тәсілдер, соның ішінде ойын элементтері, көрнекілік құралдар және заманауи технологиялар қолданылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың сөйлеу тілінде оң динамика байқалып, кейбір оқушыларда дыбыстық бұзылыстар толық түзетілді. Түзете-дамыту жұмысының тиімділігін анықтау мақсатында педагог-логопед тарапынан оқушыларға жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп отырды. Мониторинг әр жартыжыл сайын өткізілді.

Бағалау келесі балдық критерийлер негізінде жүзеге асырылды:
0 балл – мақсатқа жеткен жоқ (0%);
1 балл – динамика байқалады (25%);
2 балл – мақсатқа жартылай жетті (50%);
3 балл – олқылық толықтай түзетілді (100%).

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде оқушылардың даму динамикасы анықталып, түзете-дамыту жұмыстарының мазмұнына тиісті өзгерістер енгізіліп отырды.


Оқушылардың тізімі

№

Аты-жөні 

Сыныбы

Сөйлеу тілінің бұзылысы

Тізімнен шығу, келесі оқу жылына қалтыру бойынша ақпарат

1

КеңесесбайАмина

8 “Б”

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының ІІІ дең

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

2

Сайдиганиев Сардарбек

5 “Г”

Сөйлеу тілінің бұзылысы. Тұтықпа

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

3

Асатыллаев Исмаил

5 “Б”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

4

Әшім Айару

4 “В”

Сөйлеу тілінің бұзылысы. Тұтықпа

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

5

Рахимджанова Розалина

3 “А”

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының ІІІ дең

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

6

Курванбаев Эльшад

3 “Ә”

Сөйлеу тілінің бұзылысы. Тұтықпа

Тізімненшығарылды

7

Райымқұлов Жанғали

3 “Ә”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

8

Улугбеков Давлатбек

3 “Г”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

9

Умирхан Нұрали

2 “А”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

10

Алмасханұлы Ибрагим

2 “Ә”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

11

Сакиев Есболат

2 “В”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

12

Тұрлығұлова Айару

1 “Ә”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

13

Елубай Әлинұр

1 “А”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

14

Оралбай Талшын

1 “А”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

15

Абдукарим Даниал

1 “А”

Сөйлеу тілінің фонетикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

16

Бақтияр Даниал

1 “Ә”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

17

Еркін Сағи

1 “Ә”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

18

Мәдиева Кумуш

1 “Б”

Сөйлеу тілінің фонетикалық бұзылысы

Тізімненшығарылды

19

Батыршаев Эльшад

5 “Б”

Сөйлеу тілінің бұзылысы. Тұтықпа

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

20

Бахытжан Аңсар

1 “Ә”

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының ІІІ дең

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

21

Насипов Мухаммед

1 “В”






Тізімненшығарылды

22

Абдижамалов Умиджан

1 “В”


Тізімненшығарылды

23

Рязанцева Арина

1 “Б”

Сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылысы

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

24

Тоғайбек Али Қанатбекұлы

5 “Б”

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының ІІІ дең

Келесіоқу жылына қалдыру, ПМПК-ға жолдама

25

Ильхамов Неъматжан

2 “В”

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының ІІІ дең

Тізімненшығарылды


Жылдықесепбойынша логопедке тіркелгенбалалардың жалпы саны- 25. Олардың ішінде сөйлеу тілі түзетіліп, логопед көмегін қажет етпейтін оқушылар саны – 15, ал сөйлеу тілі бастапқыға қарағанда жақсарған бірақ әлі де логопедтің қадағалауын қажет ететін балалар саны - 10.












Өзін-өзі дамыту бағыты

Педагог-логопед кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеді.

Жыл бойы:

·біліктілікті арттыру курстарына қатысты; 

·семинарлар мен вебинарларға қатысып, тәжірибе алмасты; 

·кәсіби жетістіктері үшін сертификаттар, алғыс хаттармен марапатталды. 

Бұл жұмыстар педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және түзету жұмыстарының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік берді.


ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы алғанда, 2025–2026 оқу жылына жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды. Педагог-логопедтің қызметі жүйелі ұйымдастырылып, сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларға сапалы логопедиялық көмек көрсетілді.

Жүргізілген түзету-дамыту жұмыстары нәтижесінде оқушылардың сөйлеу тілінде, оқу және жазу дағдыларында оң өзгерістер байқалды.

Ұсыныстар:

Алдағы оқу жылында логопедиялық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында келесі ұсыныстар беріледі:

1.Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларды ерте анықтау мақсатында оқу жылының басында диагностикалық жұмыстарды күшейту; 

2.Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, түзету-дамыту бағдарламаларын жетілдіру және жүйелі түрде жаңартып отыру; 

3.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) кеңінен қолдану арқылы сабақтардың тиімділігін арттыру; 

4.Дидактикалық материалдар қорын толықтыру және заманауи құралдарды пайдалану.






Педагог- логопед        Р.Р.Сахова












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив