2025-2026оқу жылына арналған жылдық есебі педагог- дефектолог
Кенесары Қасымұлы атындағы № 33 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог- дефектолог Нәлібай Эльвира Сұлтанханқызының 2025-2026оқу жылына арналған жылдық рефлексиялық есебі
Арнайы педагогтің 2025-2026оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырушылық жұмыс, білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау, оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау, кеңестік-әдістемелік қызмет, өзін-өзі дамыту бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ұйымдастырушылық жұмыс
Қыркүйек айының 1-15 аралығында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға терең педагогикалық диагностика жүргізу мақсатында оқу бағдарламаларына сәйкес дидактикалық материалдар, оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау, оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерінанықтау парағы дайындалды. Оқу жетістіктерінің бланкілері негізгі пәндердің (математика, қазақ тілі) оқу бағдарламаларының мазмұны негізінде жасалды.Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылып, мамандар құрамы, жылдық жұмыс жоспарлары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырыстарының жылдық жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, ата-аналарға кеңесті тіркеу журналы, мектеп мұғалімдеріне кеңесті тіркеу журналы, оқушылардың сабаққа қатысуын тіркеу журналдары бекітілді.
Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау
Арнайы педагогикалық диагностикаға ПМПК қорытындысы бар 14оқушы тізімгеалынды. Барлығы 14оқушы арнайы педагогикалық диагностикадан өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары (арнайы педагог, педагог-логопед, педагог-психолог) оқушылардың сабақтарына қатысыптүзету жұмыстарының бағдарламаларын құрады.
Ата-аналармен сұхбатжәне оқушылардың коммуникативті паспорттары толтырылып, зерттелінді.
Терең арнайы педагогикалық диагностикада оқушылардың негізгі пәндердің оқу бағдарламаларын (математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану) меңгеру деңгейі анықталды, оқу жетістіктерінің карталары толтырылды. Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін арнайы мамандар (арнайы педагог, педагог-логопед педагог-психолог, әлеуметтік педагог) анықтап, ұжымдық талқылау жүргізілді.
ПМПК қорытындысы және терең педагогикалық диагностика нәтижесінде 3оқушыға жеке оқу бағдарламалары және 11оқушыға бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары әзірленді.
Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау
Жеке және бейімделген оқу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылды. Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес түзете-дамыту сабақтары жүргізілді. Түзете-дамыту сабақтары екі негізгі пәнді біріктіре отырып өткізілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау мақсатында оқу жылының басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың соңында ереше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың сабақтарына қатысып, бақылау хаттамалары және оқу жетістіктері карталары толтырылды. Бірінші жартыжылдықтан кейін және оқу жылының соңында түзете-дамыту жұмыстарына мониторинг жасалды. Ағымдағы оқу жылында 1оқушы бейімделген жалпы білім беру бағдарламасынан жалпы білім беру бағдарламасына ауыстырылды. 7 оқушы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі отырысының шешімімен ПМПК жолданды. Жеке оқу бағдарламасымен оқитын оқушыларда негізгі пәндер бойынша динамика байқалады.
Кеңестік-әдістемелік қызмет
2025жылдың 1-15 аралығында ЕББҚ ететін оқушылардың сынып жетекшілері мен мектеп мұғалімдеріне (Мектеп мұғалімдеріне арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) және 14ата-анаға (Ата-аналарға арналған кеңесті тіркеу журналында тіркелген) психологиялық-педагогикалық және әдістемелік кеңестер берілді.
04.11.2025ж Мектепте өткізілген педагогикалық кеңеске «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу» тақырыбында баяндама жасалды.Баяндамада инклюзивті білім беруде басшылыққа алынатын заңнамалар туралы айтылды. ҚР Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы бойынша 2-3) оқу бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, «Зерде бұзылысы бар балалардың даму ерекшеліктері», «Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары», «ЕББҚ ететін оқушыларға ПМПК ұсынған оқу бағдарламалар, «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға оқытудың арнайы және алтернативті әдістерді тиімді қолдану жолдары» тақырыптарында презентациялар жасалып, мұғалімдерге ұсынылды, жыл бойы әдістемелік көмек көрсетілді.
Арнайы педагог: Нәлібай Э.С