2025-2026 оқу жылына арналған АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ (дефектолог)
«Бекітемін»
Мектеп директоры
С.А.Мамытбаева
_______________
«___»_______2025ж.
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі
2025-2026 оқу жылына арналған
АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Аты-жөні: Нәлібай Эльвира Сұлтанханқызы
Арнайы педагогтың мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстары бойынша ЕББҚ ететін оқушылармен және ППҚҚ отырысының шешіміне сәйкес білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
Арнайы педагогтың міндеттері:
1.Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;
2.Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға жеке, топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
3.Мұғалімдерге, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру.
Арнайы педагогтың жұмысының негізгі бағыттары:
1.Ұйымдастырушылық жұмыс;
2.Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;
3.Оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;
4.Кеңестік-әдістемелік қызмет;
5.Өзін-өзі дамыту.
1.Ұйымдастырушылық жұмыс | |||
Көрнекі-дидактикалық құралдар мен жұмыс орнын дайындау
| Тамыз Қыркүйек | 1)Диагностикалық және дидактикалық материалдар дайындау; 2)Оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау 3)Диагностика барысы 1-15 қыркүйек 4)Оқушылардың негізгі оқу пәндері бойынша педагогикалық диагностикасы (Жетістіктер картасы) | |
Жылдық жұмыс жоспары | Қыркүйек | Арнайы педагогтың жылдық жұмыс жоспары | |
Оқушылар тобын және жеке, топтық сабақтары құру | Қыркүйек | Оқушылардың тізімі | |
Құжаттарды рәсімдеу және жүргізу: 1)Жұмыс кестесін құру; 2)Сабақ кестесін құру; 3)Журнал толтыру: сабаққа қатысу, кеңестерді тіркеу. | Қыркүйек Жыл бойы | 1)Жұмыс кестесі; 2)Сабақ кестесі; 3)Сабаққа қатысуын тіркеу журналы, есепке алу журналы 4)Кеңестерді тіркеу журналы. | |
Жылдық рефлексиялық есеп жүргізу | Мамыр | Жылдық рефлексиялық есеп | |
2.Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау (көмек) | |||
Оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін арнайы педагогикалық зерттеу: 1)Сабақта бақылау; 2)Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар; 3)Тереңдетілген арнайы педагогикалық бақылау; | Қыркүйек | Оқушыларды сабақта бақылау 1)Әңгімелесу хаттамасы немесе толтырылған сауалнама 2)Тереңдетілген арнайы педагогикалық диагностика (Жетістіктер картасы) 3)Оқушылардың мінездемесі | |
Оқушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқылау | Қыркүйек | Оқушылардың мінездемесі жиынтық сипаттамасы арнайы мамандар: бірлесе отырып толтырады | |
Оқушылармен жұмысты жоспарлау: 1)Оқушылармен жұмыстың жеке бағдарламаларын құру; 2)Оқушылармен жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру; 3)Оқушыларға жеке оқу бағдарламаларын дайындау; | Қыркүйек Қазан | 1)Оқушылармен жұмыстың жеке бағдарламалары; 2)Оқушылармен жеке және топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын құру; 3)ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес оқушыларға арналған бейімделген және жеке оқу бағдарламасын құру; | |
Мұғалімдердің сұранысы бойынша оқушылардың қажеттіліктерін бағалау | Қыркүйек Мамыр | 1)Оқушыларды сабақта бақылау 2)Оқушылар мінездемесі 3)Арнайы педагогтың тұжырымдамасы, ұсынымы; | |
3.Оқушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау | |||
Жеке және топтық сабақтарды өткізу | Жыл бойы | Жеке және топтық сабақтардың жоспарлары | |
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке оқыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау | Жыл бойы | 1)Сабақ барысында оқушыны бақылау 2)Жетістіктер картасы; 3)Оқушыны оқу үдерісінде, оқудан тыс бақылау хаттамасы | |
4. Кеңестік-әдістемелік қызмет | |||
Ата-аналарға жеке кеңес беру (үйде оқытылатын оқушылардың ата-анасының қалауы бойынша немесе қажет болған жағдайда) | Жыл бойы | Кеңесті тіркеу журналы | |
Мұғалімдерге жеке кеңес беру | Жыл бойы | Кеңесті тіркеу журналы | |
5.Өзін-өзі дамыту | |||
Кабинетті ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, дамытушы құралдармен толықтыру | Жыл бойы | Әдістемелік әдебиеттер, дамытушы құралдар жинақтау | |
Біліктілікті арттыру курстарынан өтуді ұйымдастыру | Жыл бойы | Сертификат | |