Педагог-психологтың жылдық жұмыс есебі. 2025-2026 оқу жылы
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі
Педагог-психологтың жылдық жұмыс есебі.
2025-2026 оқу жылы
Педагог-психолог А.К. ЖұманПедагог-психологінің аналитикалық жылдық жұмыс есебі.
2025-2026 оқу жылы
Жұмыстың мақсаты: оқу процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету, оқушылардың толық психикалық жетілуіне және жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай туғызу.
Қойылған міндеттері:
1. Оқушының таным процестері мен қабілеттерінің дамуын анықтау.
2. Жеке тұлғалық даму кезеңіндегі мәселелерді анықтау: дау-дамай, агрессия, көңіл-күй тұрақсыздығы және т.б.
3. Баламен – ата-ананың қарым-қатынасымен танысу: баламен ата-ананың қарым-қатынасына психологиялық қолдау көрсету.
4. 1 – 5 сынып оқушыларына оқу үрдісіне бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау және көмек көрсету.
5. Мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылық пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығын негізге ала отырып мектепте психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы ұйымдастырылып, №252 бұйрықпен жұмыс істеу тәртібі бекітілді.
Қыркүйек айының 04-і күні №92 бұйрығы бойынша сынып жетекшілермен мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамы, жұмыс құрылымы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жоспарға сәйкес 2025 жылдың қыркүйек айының 04-і күні 5 «А», 5 «Ә» сыныбына
психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбы «Н.Г.Лусканова» әдістемесі
Жұмыстың мақсаты:Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау
Жұмыс қорытындысы
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, оқу мативациясы анықталды.
Психо-диагностикалық жұмысқа қатысқан адам саны
Барлығы 5 «А»- 26 5 «Ә»- 26 Қатысқаны- 52
Сыныбы | 25-30 жоғары деңгей | 20-24 орта норма | 15-19 ішкі мативация | 10-14 төмен |
5 «А» 28 | 4 | 13 | 6 | 4 |
5 «Ә» 27 | 5 | 10 | 8 | 5 |
Жалпы саны | 9 | 23 | 14 | 9 |
2025 жылдың қыркүйек айының 05,09,16.сы күндері аралығында 8 “А” “Ә”, “Б” сыныбына психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбыОқушылардың бойындағы мазасыдық деңгейін анықтау
«Айзенг» сауалнамасы
Жұмыстың мақсаты:Оқушылардың бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау.
Жұмыстың міндеті:Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
Жұмыс қорытындысы
Сыныбы | Үрейшілік | Фрустрация (әлек болу) | Агресивтілік | Регидность (икемсіздік) |
8 «А» 22 | Орта-10 Қалыпты-11 Жоғары-1 | Орта-8 Қалыпты-14 | Орта-6 Қалыпты-16 | Орта-7 Қалыпты- 15 |
8 «Ә» 21 | Орта-6 Қалыпты-15 | Орта-4 Қалыпты-17 | Орта-4 Қалыпты- 17 | Орта-7 Қалыпты-14 |
8 “Б” 21 | Орта-5 Қалыпты-16 | Орта-3 Қалыпты-18 | Орта-3 Қалыпты- 18 | Орта-9 Қалыпты-12 |
8 «А» 22 | Орта-10 Қалыпты-11 Жоғары-1 | Орта-8 Қалыпты-14 | Орта-6 Қалыпты-16 | Орта-7 Қалыпты- 15 |
Қыркүйек айының 12- сі күні ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі жұмысымен таныстырылды. Ата-аналарға арналған тренинг жаттығулары жүргізілді.
Ата-аналарға арналған жаднама таратылды.
2025 жылдың қыркүйек айының 16.17 сі күндері аралығында1 “А” “Ә” сыныбына психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбы 1 сынып оқушыларының мектепке даярлығын анықтау Ийрасек-Керн әдістемесі
Жұмыстың мақсаты:Оқушылардың мектепке даярлығын бағалау
Жұмыс қорытындысы
Жүргізілген диагностика қорытындысы бойынша 1 сынып оқушыларының мектепке даярлығы анықталды. Сынып жетекшілерге әр сынып оқушыларының мектепке даярлық деңгейі таныстырылды.
Мектепке даярлық деңгейі
Сыныбы | Жоғары 0-6 б | Орта 7-11 б | Төмен 12-15 б |
1 «А» 16 | 2 | 12 | 2 |
1 «Ә» 21 | 8 | 10 | 3 |
Жалпы саны | 10 | 22 | 5 |
Қыркүйек айының 16-19-ы аралығында ДосболLike жобасы аясында “Мейірімділік әлемді құтқарады” тақырыбында ағарту жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасында Аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллинг, кибербуллингтің алдын алу.
2025 жылдың қыркүйек айының 09,10 ы күндері 10 «А», «Ә» сыныбына психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбыЖасөспірімдердің мазасыздық деңгейін анықтайтын
Э. Ховард тесті
Жұмыстың мақсаты:оқушылар бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау.
Психо-диагностикалық жұмысқа қатысқан адам саны 30
Жұмыс қорытындысы
Сыныбы | Жоғары | Қалыпты | Төмен |
10«А»17 | 14 | 3 | |
10«Ә»13 | 10 | 3 | |
Жалпы саны | 24 | 6 |
2025 жылдың қыркүйек айының 26,30 күндері 6 “А”, 6 “Ә” сыныбына психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбыЖасөспірімдердің мазасыздық деңгейін анықтайтын Кондаш тесті
Жұмыстың мақсаты:оқушылар бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау.
Психо-диагностикалық жұмысқа қатысқан адам саны 49
Жұмыс қорытындысы
Сыныбы | Тұлғааралық | Мектепшілік | Өзін-өзі бағалаушылық |
6 «А» 25 | Жоғары-1 Қалыпты -15 Төмен-9 | Жоғары-1 Қалыпты-17 Төмен-7 | Жоғары-7 Қалыпты -14 Төмен-4 |
6 «Ә» 24 | Жоғары-4 Қалыпты -15 Төмен-5 | Жоғары-5 Қалыпты-15 Төмен-4 | Жоғары-4 Қалыпты -13 Төмен-7 |
Жалпы саны | Жоғары- 5 Қалыпты- 30 Төмен- 14 | Жоғары- 6 Қалыпты- 32 Төмен- 11 | Жоғары- 11 Қалыпты- 27 Төмен- 11 |
Қазан айының 02-сі күні 8-10 сынып оқушылары арасында “Лудомания-ғасыр дерті” тақырыбында психологиялық сабақтар өткізілді.
Мақсаты. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
2025 жылдың қазан айының 06, 07 сі күндері 11 «А», «Ә» сыныбына психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбыЖасөспірімдердің мазасыздық деңгейін анықтайтын
Э. Ховард тесті
Жұмыстың мақсаты:оқушылар бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау.
Психо-диагностикалық жұмысқа қатысқан адам саны32оқушы
Жұмыс қорытындысы
Сыныбы | Жоғары | Қалыпты | Төмен |
11«А»16 | 9 | 7 | |
11«Ә»16 | 11 | 5 | |
Жалпы саны | 20 | 12 |
2025 жылдың қазан айының 02, 06 сі күндері 9 «А», «Ә» сыныбына психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбыЖасөспірімдердің мазасыздық деңгейін анықтайтын
Э. Ховард тесті
Жұмыстың мақсаты:оқушылар бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау.
Психо-диагностикалық жұмысқа қатысқан адам саны ___47_
Жұмыс қорытындысы
Сыныбы | Жоғары | Қалыпты | Төмен |
9 «А»24 | 16 | 8 | |
11«Ә»23 | 1 | 12 | 10 |
Жалпы саны | 1 | 28 | 18 |
2025 жылдың қазан айының 08, 09.10 күндері 2 “А”,2 “Ә”сыныбына психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбы 10 сөз әдістемесі
Мақсаты:Сөздерді ырғақты есте сақтауын анықтау.
Психо-диагностикалық жұмысқа қатысқан адам саны _______________
Жұмыс қорытындысы
Сыныбы | жоғары | орта | төмен |
2 “А” 23 17 | 3 | 5 | 9 |
2 “Ә” 24 21 | 3 | 7 | 11 |
Жалпы саны | 6 | 12 | 20 |
2025 жылдың қазан айының 14 і күні 4 “А”, 4 “Ә”сыныбына психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбы 10 сөз әдістемесі
Мақсаты:Сөздерді ырғақты есте сақтауын анықтау.
Психо-диагностикалық жұмысқа қатысқан адам саны 19, 22
Жұмыс қорытындысы
Сыныбы | жоғары | орта | төмен |
4 “А” 19+2 | 14 | 4 | 1 |
4 “Ә” 22 | 18 | 3 | 1 |
Жалпы саны | 30 | 6 | 2 |
2024 жылдың қазан айының 13 і күні 7 «А», «Ә» сыныбына психо-диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыстың тақырыбыЗ. Филипс Жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін анықтау тесті
Жұмыстың мақсаты:оқушылар бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау.
Психо-диагностикалық жұмысқа қатысқан адам саны 26,24
Сауалнама 58 сұрақтан құралған
Жұмыс қорытындысы
Факторлар | 7 «А» | 7 «Ә» | |||||
1 | Мектептегі жалпы мазасыздық. Мектептегі әртүрлі эмоционалдық күйлер. | 7 | 7 | ||||
2 | Әлеуметтік стресті уайымдау. | ||||||
3 | Қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілері. Жоғарғы нәтижеге жетудегі қажеттіліктен өте алмау. | ||||||
4 | Үрейдің көрінісі. Өз мүмкіндіктерін ашпау, тұйықтық, өзін басқаша сезіну. | 4 | 7 | ||||
5 | Білімді тексеру үстіндегі үрей. | 2 | 1 | ||||
6 | Айналасы күткен нәтижеден үрейлену. | 6 | 2 | ||||
7 | Физиологиялық тұрғыдан қарсыласудың төменгі табалдырығы. Қорқыныш ортақ факторларға мазасыздықпен қарау. | 3 | 2 | ||||
8 | Мұғаліммен қарым-қатынастағы үрейлену мәселесі. Балалардың оқу үлгерім мәселесі. | ||||||
Қазан айының 14-і күні №2 емхана мамандарымен 8-10 сынып қыздарымен "Болашаққа қамқорлық бүгіннен басталады.Қыз қылығымен сүйкімді"тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазан айының 17- сі күні 5 сынып оқушыларымен психологиялық ойындар жүргізілді. Сәлемдесу, “Мимикалық жағдай”, “Қасиеттер жиыны”, “Ой толғау”
“Жасырын хат” топтық ойындары жүргізілді.
Қазан айының 29-ы күні пед ұжыммен “Көңіл-күйдің сан қырлы сырлары” тақырыбында психологиялық тренинг жаттығулары жүргізілді.
Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жағымды психологиялық ахуал орнату.
Қараша айында 2 сынып оқушыларымен П.Уилсонның “Ағаш үстіндегі адам” әдістемесі жүргізілді.
Жұмыс қорытындысы
Сыныбы | №1, 3, 6, 7 | №21 | №10, 15 | №20 | №4 №11 |
2 “А” 17 | 1 | 1 | 9 | 5 | 1 |
2 “Ә” 19 | 3 | 8 | 6 | 1 1 |
05.11.25ж Сынып жетекшілермен “Оқушыларды буллингтен қалай қорғауға болады?”тақырыбында практикалық сабақ өтті. Мұғалімдерге ситуациядан шығу, кейсті шешу тапсырмалары берілді.
06,07.11.25ж 5 “А”, “Ә” сынып оқушыларының темперамент типін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Жұмыс қорытындысы бойынша оқушылардың мінез -құлық ерекшеліктері анықталды.
Сыныбы | Холерик | Сангвиник | Флегматик | Меланхолик |
5 “А” | 3 | 8 | 9 | 2 |
5 “Ә” | 1 | 9 | 7 | 5 |
Барлығы 5 “А”- 22, 5 “Ә”- 22
“Психологиялық қолдау орталығы” жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушыларымен тренинг сабақтар өткізілді.
11.11.25ж 8 “А”, “Ә”, “Б” сынып оқушыларымен “Стресске қарсы эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру” тақырыбында тренинг сабақтар өткізілді.
12.11.25ж 9 А, Ә сыныптарымен “Агрессия және оның алдын алу жолдары” тақырыбында түсіндірме жұмыстары, тренинг жаттығудары жүргізілді.
14,17.11.25ж 10 “А”, “Ә” сынып оқушыларымен “Қарым-қатынас дағдыларын дамыту жаттығулары” жүргіәзілді.
18.11.25ж 5 сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылыққа, буллингке, кибербуллингке қарсымыз» тақырыбында өткізілген түсіндірме жұмысыжүргізілді.
19.11.25ж 11 А, Ә сынып оқушыларымен ҰБТ ға психологиялық дайындау мақсатында “Интернет желісініңғ пайдасы мен зияны” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
25.11.25ж 5 сынып оқушыларының қарым-қатынас деңгейін анықтау мақсатында “Орта буын социометриясы” әд. жүргізілді.
Сыныбы | Көшбасшы | Танымал | Қабылданған | Қабылданбаған Бейтарап | Оқшауланған |
5 “А” | 3 | 4 | 15 | 2 | 1 |
5 “Ә” | 8 | 1 | 15 | 3+1 | - |
29.11.25ж 5 сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар жүргізілді.
Мақсаты: Сыныпта оқушылардың қарым-қатынасын нығайту.
Желтоқсан айының 01-і күні 3,4 сынып оқушыларына П.Уилсонның “Ағаш үстіндегі адам” әдістемесі жүргізілді.
Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық жай-күйін анықтау.
02-04.12.25ж 5-11 сынып оқушылары арасында Олвеустің “Буллинг сауалнамасы” анонимді түрінде алынды.
03,04.12.25ж 10,11 сынып оқушыларымен Саған қалай қарайды?, Жалғыздық сезімін анықтау сауаланамалары жүргізілді.
08.12.25ж 8 А,Ә,Б сыныптарынан сыныптың мектепке көзқарасын анықтау мақсатында АСППМ платформасы арқылы Мектеп мотивациясын бағалау әдістемесі жүргізілді.
Сыныбы | Жоғары | Орта | Төмен |
8 “А” | 1 | 16 | 3 |
8 “Б” | 2 | 13 | 2 |
8 “Ә” | 1 | 18 | 2 |
Барлығы 8 “А”- 20, 8 “Б”- 17, 8 “Ә”-21
10.12.25ж 5 А, Ә сыныптарынан сыныптың мектепке көзқарасын анықтау мақсатында АСППМ платформасы арқылы Мектеп мотивациясын бағалау әдістемесі жүргізілді.
Сыныбы | Жоғары | Орта | Төмен |
5 “А” | 2 | 19 | 4 |
5 “Ә” | - | 21 | 7 |
2 | 40 | 11 |
Барлығы 5 “А”- 25, 5 “Ә”-28
Диагностика қорытындысы бойынша төмен көрсеткіш берген оқушылармен жеке түзету дамыту жұмыстарын жүргізіп отырамын.
“Психологиялық қолдау орталығы” жоспарына сәйкес “Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбы бойынша оқушылар және ата-аналар тренинг сабақтар өткізілді.
17-19.12.25ж 5А сынып ата-аналар мен оқушылар арасында «Позитивті ойлау– өміршеңдіктің көзі», «Ата-ана құзыреттілігі», «Бір-бірімізге қарай» тақырыптарындатренинг сабақтар өткізілді.
Мақсаты:Білім алушылардыңөміршеңдік туралы түсінігін тереңдету және оның қиын өмірлік жағдайларды еңсерудегі рөлін ұғындыру.жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының өзара іс-қимылы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
Жүргізілген іс-шааралар әлеуметтік желілерде жарияланды.
08-16.01.26ж 5-11 оқушыларымен Янг әдістемесі жүргізілді.
Мақсаты: Оқушылардың интернет желісіне тәуелділік деңгейін анықтау.
22,23.01.26ж Ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар мен бала қарым-қатынасына арналған психологиялық "Жүрек жылуы"тренинг жаттығулары жүргізілді.
Диагностика қорытындылары бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізілуде.
Ақпанайының 02-04 і күндері 5,6 сынып оқушыларынан О. Хмельницкая сауалнамасы жүргізілді.
Мақсаты: Оқушылардың мектепте қобалжу деңгейін анықтау.
Сыныбы | Төмен | Орта | Ортадан жоғары | Жоғары |
5 А 22 | 12 | 5 | 4 | 1 |
5 Ә 29 | 14 | 12 | 3 | - |
6 А 26 | 17 | 6 | 3 | - |
6 Ә 24 | 9 | 7 | 7 | 1 |
Барлығы 101 | 52 | 30 | 17 | 2 |
04-11.02.26ж 8-11 сынып оқушыларымен Өміршеңдік деңгейін анықтау мақсатында С. Мадди, Д. Леонтьев сауалнамасы жүргізілді.
Сыныбы | Төмен | Орта | Жоғары |
11 А 14 | - | 8 | 6 |
11 Ә 16 | - | 5 | 11 |
10 А 32 | - | 15 | 17 |
9 А 25 | 6 | 19 | |
9 Ә 23 | - | 11 | 12 |
8 А 17 | 6 | 11 | |
8 Ә 22-1 | - | - | 22 |
8 Б 20 | - | 5 | 15 |
7 А 23 | - | - | 23 |
7 Ә 20 | - | 7 | 13 |
Барлығы 212 | 63 | 149 |
19.02.26ж Мектепте қалалық семинар өтті. Келген қатысушылармен психологиялық сергіту жаттығулары жүргізілді.
Ақпан айының 23-27 сі аралығында Психологиялық денсаулық апталығы өтті. Әр күні жоспарға сәйкес 1-11 сынып оқушыларымен тренинг жаттығулары жүргізілді.
23.02.26ж“Жақсылық және бір-бірімізге деген мейірімді қарым-қатынас” тақырыбында психологиялық тренингтен үзінді
24.02.26ж “Стресске төзімділікті және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту” тақырыбында өткен тренинг жаттығуынан үзінді
25.02.26ж “Тұлғаның құндылық-мағыналық саласын дамыту және құндылықтық өзін-өзі анықтау”тақырыбында өткен тренингтен үзінді
26.02.26ж “Стресске төзімділікті және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту” тақыыбында өткен тренинг жаттығулары
27.02.26ж “Оқушылардың жеке тұлғалық құндылықсана саласын дамыту және құндылықтық өзін-өзі анықтау” тақырыбындатренинг жаттығулары жүргізілді.
Диагностика нәтижесі бойынша жоғары және төмен көрсеткіштегі оқушылармен жеке түзету-дамыту жұмыстары, консультациялар жүргізілді.
4.9.11 сынып оқушыларын ББЖМ және ҰБТ ға психологиялық дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Ата-ана, сынып жетекшілер тарапынан оқушының мінез-құлқына, достарымен қарым-қатынасына байланысты сұраныстар түсіп, жеке консультация берілді.
Наурыз айының 02-06 сы күндері 5-11 сынып оқушыларының Жалғыздық сезімін анықтау мақсатында С.Г. Корчагина сауалнамасы алынды.
11 сынып оқушыларының кезекті сынық ҰБТ тапсыруына байланысты мазасыздану, қорқыныш деңгейін алдын алу мақсатында көңілді тренинг жаттығулары өткізілді.
26.03.26ж “Жайлы көңіл күй сыйлайық” тақырыбында педұжыммен қызықты тренинг жаттығулары жүргізілді.
27.03.26ж Педұжыммен “Нақты және абстрактылы ойлау” тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді. Мұғалімдер жаттығуға белсене қатысты.
Сәуір айының 02 сі күні оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 7-9 сынып оқушыларымен “Жалғыздықты қалай жеңемін?”, “Мен және менің достарым” тақырыптарытоптық түзету-дамыту жаттығулары жүргізілді.
15.04.26жПсихологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушылары арасында “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу” бойынша 8 сынып оқушыларымен "Толеранттылық және мәдени әртүрлілік"
16.04.26ж 9 сынып оқушыларымен «Психологиялық арбау: деструктивті топтардың құрбаны болмау жолдары»
17.04.26ж “Ата-ана мен бала арасындағы жағымды қарым-қатынас” тақырыбында жалпы мектепшілік ата-анаар жиналысы өтті. Жиналысқа психологиялық қолдау орталығынан арнайы мамандар келіп ата-аналармен тренинг жаттығуларын өтіп, жаднамалар таратты. Ата-аналар өздеріне қажетті мағлұматтар алды.
20.04.26ж 10 сынып оқушыларымен “Әлеуметтік медия және оның ықпалы” тақырыптарында психологиялық тренингтер өткізіліп, әлеуметтік желілерге жарияланды.
21.04.26ж “Күйзеліс және шешім: жастар арасындағы психологиялық қиындықтарды жеңу”тақырыбында 11 сынып оқушыларына арналған тренинг өтті. Оқушылар тренингке белсене қатысып өз ойларымен бөлісті.
Мамыр айында жоспар бойынша ата-ана, мұғалімдер мен оқушыларға жеке консультация және топтық түзету-дамыту жұмыстары, сұраныс бойынша тренингтер, 11 сынып оқушыларымен ҰБТ ға психологиялық дайындық жұмыстары жүргізілді.
19.05.26ж 7 сынып оқушыларымен “Жүректен жүрекке: Мейірімділік мекені”тақырыбында өткізілген тренинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, бір-біріне деген құрмет пен татулықты нығайту, сыныпта позитивті психологиялық ахуал қалыптастыру.
25.05.26ж “Балалардың психологиялық әл-ауқатын және құқықтарын қорғауды кәсіби қолдау” тақырыбында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Оқушы, ата-ана, мұғалімдермен “Баланың эмоционалдық әл-ауқаты” тақырыбында консультация жүргізіліп, жаднама таратылды.
Қорытынды:оқу жылына арналған педагог-психологтың жылдық жұмыс жоспары бекітілген бағыттар бойынша (диагностикалық, түзету-дамытушылық, консультациялық, ағартушылық және профилактикалық) толық орындалды.
1-ші және 5-ші сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделу деңгейі, жоғары сынып оқушыларымен (8- 11-сыныптар) ҰБТжәне емтихан алдындағы мазасыздықты төмендету бойынша жүргізілген релаксациялық жаттығулар өз жемісін берді. Оқушылардың стресске төзімділігі артып, емтиханға психологиялық дайындығы жақсарды.Ата-ана, сынып жетекші, оқушылардың сұранысы бойынша жеке және топтық түзету-дамыту жұмыстары, консультация жұмыстары жүргізілді.
Педагог-психолог А.К. Жұман