2026-2027 оқу жылы ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
қыркүйек
2026

2026-2027 оқу жылы ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМ ҮЛГІСІ 

                                                [Білім беру ұйымының толық атауы]

БҰЙРЫҚ

20___ жылғы «_» __________ №__
[елді мекен]

Пәндік/әдістемелік онкүндікті ұйымдастыру және өткізу туралы

Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқу-танымдық белсенділігін дамыту, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру, тиімді педагогикалық тәжірибені тарату және оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ мектепішілік бақылау жұмыстарын жүйелеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

1. 2026-2027 оқу  жылында пән апталықтарының кестесі бекітілсін.   (2-қосымша)

2.Онкүндіктің ережесі мен іс-шаралар жоспары бекітілсін (1-қосымша).

3.Пән бірлестігінің жетекшісі:
- онкүндік іс-шараларының сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін;
- педагогтердің іс-шараларға белсенді қатысуын үйлестірсін;
- білім алушылардың жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сәйкес іс-шаралардың мазмұнын қамтамасыз етсін;
- өткізілген жұмыстардың нәтижелерін жинақтап, талдау жүргізсін..

4.Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары __________________________ онкүндіктің өткізілу барысын үйлестіріп, іс-шаралардың мектепішілік бақылау талаптарына сәйкес жүргізілуіне әдістемелік қолдау көрсетсін.

7.Онкүндік қорытындысы бойынша әдістемелік бірлестік отырысында нәтижелер талданып, тиімді педагогикалық тәжірибелер айқындалсын.

8.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары __________________________ жүктелсін.

Негіздеме:

1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығымен 

2.Мектептің 2026–2027оқу жылына арналған жұмыс жоспары.

3.Мектепішілік бақылау жоспары.

4.Онкүндікті өткізу бойынша Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Әдістемелік орталық» тарапынан жіберілген әдістемелік ұсынымдар.

Мектеп директоры: _____________ /________________/

Бұйрықпен таныстым:

№

Аты-жөні

Лауазымы

Қолы

Күні

1





2





3









Қосымша №1


                                       «SMART онкүндік: проблемадан нәтижеге»

«SMART онкүндік: проблемадан нәтижеге»тақырыбындағы  онкүндікті  , пәндік білім мен дағдыдағы нақты проблеманы анықтап, оны қысқа мерзімді педагогикалық әрекет арқылы нәтижеге жеткізетін, басқарылатын цикл.

Идеясы:Пән онкүндігін дәстүрлі мерекелік іс-шаралар форматынан шығарып, оны оқушының пәндік білімін, дағдысын және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған қысқа мерзімді педагогикалық шешім алаңынаайналдыру.

Әр онкүндік «Проблеманы анықтау → мақсат қою → әрекет ұйымдастыру → нәтижені өлшеу → қорытындылау»алгоритмімен жүзеге асырылады. Яғни онкүндіктің басты өлшемі өткізілген іс-шаралардың саны емес, оқушының оқу нәтижесіндегі нақты өзгерісболады.

SMART қағидатыарқылы әр пән онкүндігінде:

-S (Specific)– нақты проблема мен пәндік дағды анықталады;

-M (Measurable)– нәтиже өлшенетін көрсеткішпен белгіленеді;

-A (Achievable)– қысқа мерзімде қолжетімді педагогикалық әрекет таңдалады;

-R (Relevant)– әрекет оқу мақсаты мен анықталған проблемаға сәйкестендіріледі;

-T (Time-bound)– нәтиже белгіленген апталық мерзім ішінде бағаланады.

Өзектілігі

Пән онкүндіктері тек пәнге қызығушылықты арттыратын танымдық және шығармашылық іс-шаралар ретінде өткізу жеткіліксіз. Қазіргі жағдайда олардың мазмұны оқушының нақты оқу қажеттілігіне және пәндік білім мен дағдыдағы анықталған олқылықтарғабағытталуы қажет.  «SMART онкүндік: проблемадан нәтижеге»форматы мектепішілік бақылау, пән сапасын зерделеу және оқушы жетістігін мониторингілеу нәтижелерін бір арнаға тоғыстырады. Апталық барысында мұғалім «Қандай іс-шара өткіздік?»деген сұрақтан «Қандай проблеманы шештік және оқушы нәтижесінде қандай өзгеріс болды?»деген сұраққа жауап береді.

Бұл тәсіл:

-пәндік білім мен дағдыдағы нақты қиындықтарды анықтауға;

-мұғалімнің педагогикалық шешімін проблемаға сәйкестендіруге;

-оқушының белсенді әрекеті арқылы оқу нәтижесін жақсартуға;

-апталық нәтижесін нақты көрсеткіштермен өлшеуге;

-тиімді педагогикалық тәжірибені анықтап, таратуға мүмкіндік береді.

Нормативтік-құқықтық негіздеме

«SMART онкүндік: проблемадан нәтижеге» жоспары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына және педагогтердің міндетті құжаттарын жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Онкүндіктермектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, пәндерді оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың пәндік білімдері мен дағдыларын дамыту және оқу нәтижелерін жетілдіру мақсатында мектептің жылдық жұмыс жоспары мен мектепішілік бақылау жүйесі аясында ұйымдастырылады.

Онкүндіктіңмазмұны пәннің оқу мақсаттарына, білім алушылардың анықталған оқу қажеттіліктеріне және білім мен дағдыдағы нақты проблемаларға негізделеді.

Қосымша №2   

2026–2027 оқу жылындағы пәндік және бағыттық онкүндіктерді орналастырудың ережесі

2026–2027 оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйек – 2027 жылғы 25 мамыраралығында ұйымдастырылады. Оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді: І тоқсан – 8 оқу аптасы, ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы, ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы, IV тоқсан – 8 оқу аптасы.

Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазан – 30 қазан, қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсан – 2027 жылғы 8 қаңтар, көктемгі демалыс 2027 жылғы 22–26 наурызаралығында белгіленген.

Оқу мерзімдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік және бағыттық онкүндіктер оқу процесіне кедергі келтірмейтін, өзара сабақтастық сақталған кезеңдергеорналастырылды.

Әр тоқсанның қорытынды бағалау жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында тоқсан аяқталғанға дейінгі соңғы кезеңдер «Бағалау кезеңі» ретіндеқарастырылды. Бұл кезең білім алушылардың оқу жетістіктерін қорытындылау, бағалау нәтижелерін талдау және келесі оқу кезеңіне қажетті педагогикалық шешімдерді айқындау үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                Оқу жылында пәндік онкүндіктермен қатар «Үйірмелер апталығы», «Жас мамандар онкүндігі», «Кері байланыс мәдениеті апталығы»бағыттарында білім беру үдерісінің өзекті мәселелеріне арналған тақырыптық онкүндіктерді өткізуге мүмкіндік қарастырылды.

 Онкүндіктерді жоспарлау барысында пән мазмұнына жақын атаулы күндер мен мерекелердің мазмұндық әлеуетіескерілді.                                                                                                                                                                                                        Қазақ тілі мен әдебиеті пәні «Тілдер мерекесіне» , бастауыштар сыныптар «5 қазан-ұстаздар мереекесіне»Тарих-география пәні «16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні»мерекесіне , Физика мен информатика пәнін «12 сәуір – Ғарышкерлер күніне», музыка және көркем еңбек пәндерін «8 наурыз-халықаралық әйелдер күні» мерекесіне, химия-биология Д.И.Менделеевтің  туылған күніне, АӘД пәнін «7 қараша-Отан қорғаушылар күніне» сәйкестендірілді

                                             2026–2027 оқу жылына арналған пәндік онкүндіктер  кестесі

№

Онкүндік / бағыт

Мерзімі

Креативті тақырып

1

Тілдер мерекесі

2–11қыркүйек

«Тіл – ұлттың үні, бірліктің негізі»

2

Қазақ тілі мен әдебиеті

21 қыркүйек –2 қазан

«Сөзден – ойға, ойдан – өмірге»

3

Бастауыш сыныптар апталығы

5-16 қазан

«Ұстазым-білім бастауы»

4

Бағалау кезеңі

19–23қазан

«Бағалау – баға емес, даму бағыты»

5

Орыс тілі мен әдебиеті

9–20 қараша

«Читаем. Думаем. Говорим. Создаём»

6

Ағылшын тілі / шетел тілдері

23 қараша – 4 желтоқсан

«Languages open doors – тіләлемгежолашады»

7

Тарих және география

7–18 желтоқсан

«Өткеннен өнеге, елден – дерек»

8

Бағалаукезеңі

21–25 желтоқсан

«Нәтижені таны – келесі қадамды таңда»

9

Математика

11–22 қаңтар

«Ойла. Есепте. Дәлелде. Шеш!»

10

Химия және биология

8–19ақпан

«Зертханадағы жаңалық – өмірдегі мүмкіндік»

11

Музыка, көркем еңбек 

22–5наурыз

«Музыка – жүректің тілі»

12

Жас мамандарапталығы

9-12 наурыз

«Жас маман: идеядан – әрекетке»

13

Үйірмелер апталығы

25 қаңтар – 5 ақпан

«Қызығушылықтан – қабілетке, қабілеттен – нәтижеге»

14

Бағалаукезеңі

9–19наурыз

«Өз нәтижемді танысам – өз дамуымды басқарамын»

15

Үйірмелер апталығы

29 наурыз– 2 сәуір

«Қызығушылықтан – қабілетке, қабілеттен – нәтижеге»

16

Физика, информатика және ЖИ

5–16сәуір

«Ғарыштан – цифрлық әлемге: ғылым, технология, ЖИ»

17

Дене шынықтыру / Денсаулық

19сәуір –30 сәуір

«Қозғалыс – қуат, денсаулық – мүмкіндік»

18

АӘД / Отан қорғаушылар

3–6мамыр

«Ел қорғаны – ерлік пен жауапкершілік»

19

Тиімді кері байланыс – мәдениеттің бастауы

10– 14 мамыр

«Кері байланыс – өзгеріске бастар көпір»

20

Бағалау кезеңі

17–24 мамыр

«Жыл нәтижесі: жетістікке көзқарас, келешекке бағдар»


Онкүндіктердің арнайы айдарлары

2026–2027 оқу жылындағы пәндік және бағыттық онкүндіктердің мазмұнын біріздендіру, әр онкүндіктің негізгі идеясын айқындау және нәтижеге бағыттау мақсатында арнайы айдарлар ұсынылды. Айдарлар пәндік білімді практикамен ұштастыруға, оқушының нақты жетістігін көрсетуге, педагогтің тиімді тәжірибесін таратуға және заманауи білім беру құралдарын тиімді қолдануға бағытталған.

Онкүндіктердің барлығын біріктіретін ортақ идея – «Мектептің проблемасын бірге шешеміз». Бұл ұстаным әр онкүндікті іс-шаралар жиынтығы ретінде емес, мектепте анықталған нақты мәселені бірлесіп шешуге бағытталған нәтижелі педагогикалық әрекетретінде ұйымдастыруды көздейді.

№

Апталық айдары

Мақсаты

Негізгі міндеттері

Жұмыс формасы

Негізгі сұрақ

1

«Сабақтағы SMART-шешім»

Педагогтің тәжірибесіндегі нақты оқу мәселесін шешуге бағытталған тиімді әдісін көрсету.

-Бірлестіктегі барлық педагогтың ашық сабаққа немесе кәсіби тәжірибе көрсетуге қатысуын қамтамасыз ету;-нақты оқу проблемасын анықтап, оған сәйкес әдіс қолдану;-оқушының белсенді әрекетін ұйымдастыру;

-оқу нәтижесін нақты дәлелдеу.

Ашық сабақтар /шеберлік сабақтар 

.Бірлестіктегі барлық педагог өз тәжірибесінде кездесетін нақты оқу мәселесін шешуге бағытталған сабағын көрсетеді.

«Менің сабағымда қандай проблема шешілді және оның нәтижесі неден көрінді?»

2

«Білімнен – өмірге: қолдан да көр!»

Оқушының алған білімін өмірлік жағдаятта қолдану қабілетін көрсету.

- Пән мазмұнын өмірмен байланыстыру; - практикалық жағдаят, кейс, проблемалық тапсырма ұсыну; -талдау, шешім қабылдау, дәлелдеу және қолдану дағдыларын дамыту; -функционалдық сауаттылықтың нақты көрінісін көрсету.

Практикалық сабақ / кейс / өмірлік жағдаят / қолданбалы тапсырмалар көрмесі.Оқушылар пәндік білімін нақты өмірлік жағдайда қолданатын тапсырмаларды орындайды және шешімін дәлелдейді.

«Оқушы бұл білімді өмірде қалай қолдана алады?»

3

«Зертте. Дәлелде. Жаңалық аш!»

Оқушының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру және ғылыми ізденісін қолдау.

-Зерттеу мәселесін анықтау;

- болжам ұсыну, ақпарат жинау және талдау; -зерттеу нәтижесін өнімге айналдыру; - ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарын көрсету; -нәтижені пәндік біліммен байланыстыру.

Пәндік конференция

Ғылыми жоба / зерттеу жұмысы / зерттеу нәтижелерінің көрмесі / жобаны қорғау.. 

«Оқушы нені зерттеді, нені анықтады және қандай дәлел ұсынды?»

4

«Әр бала – бір қадам алға!»байқауы

Қолдауды қажет ететін білім алушылардың өз мүмкіндігін көрсетуіне жағдай жасау, пәндік білімін, функционалдық сауаттылығын және логикалық ойлауын дамыту арқылы байқауға қатысып, жеңіске жетуге деген сенімін қалыптастыру.

-Оқушыға қиындық тудырып жүрген оқу мақсаттарын анықтау; - сол оқу мақсаттарына сәйкес 5 нұсқада пәндік тест әзірлеу; -тест нұсқаларымен алдын ала таныстырып, орындау жолдары мен жауаптарын талдау; деңгейіне сай жеңілдетілген функционалдық сауаттылық тапсырмасын әзірлеп, алдын ала орындату және талдау; - қызықты логикалық, ашық сұрақтардың 5 нұсқасын ұсынып, ойлау және жауап беру тәсілдерін талқылау; - алдын ала дайындық, қателермен жұмыс және жеке қолдау жүргізу; - байқауда оқушының өз білімін, ойлауын және ілгерілеуін көрсетуін қамтамасыз ету; бастапқы және қорытынды нәтижені салыстыру.

Жеке қолдау + алдын ала дайындық + байқау.Қолдауды қажет ететін білім алушының қиындық тудырған оқу мақсаттары анықталып, 5 нұсқалы тест, функционалдық сауаттылық және логикалық тапсырмалар бойынша алдын ала дайындық жүргізіледі. Соңында байқау өткізіліп, оқушының жеке ілгерілеуі бағаланады.

«Қолдау көрсетілгенде менің оқушым қандай нәтижеге жете алды?»

5

«Пәннен – парасатқа!»

Пән мазмұны арқылы «Адал азамат» құндылықтарының нақты әрекетте көрінуін қамтамасыз ету.

-Пән мазмұнын құндылықтармен байланыстыру;-адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, әділдік, отаншылдықты әрекет арқылы көрсету;

- оқушының жеке ұстанымын қалыптастыру; құндылықты сөзбен емес, әрекетпен көрсетуге бағыттау.

Құндылыққа негізделген пәндік тапсырмалар / ситуациялық жағдаят / пікірталас / әлеуметтік жоба.«Адал азамат» құндылықтарының пән мазмұнындағы нақты әрекет арқылы көрінуі көрсетіледі.

«Оқушы бұл құндылықты қандай нақты әрекетімен көрсетті?»

6

«ЖИ: ойлаудан – өндіруге!»

Жасанды интеллектіні білім алу, шығармашылық және нақты өнім жасаудың тиімді құралы ретінде қолдану.

-ЖИ құралдарын пәндік міндетті шешуге қолдану;-сыни ойлау, шығармашылық және цифрлық сауаттылықты дамыту;ЖИ көмегімен өнім әзірлеу;-ЖИ нәтижесін сыни бағалау және жетілдіру;

-ЖИ-ді дайын жауап емес, жасампаздық құралы ретінде пайдалану.

ЖИ-практикум / шығармашылық зертхана / цифрлық өнімдер көрмесі / жобалық жұмыс.Оқушылар мен педагогтер ЖИ құралдарын пайдаланып, идея, зерттеу, модель, мәтін, презентация немесе басқа нақты өнім әзірлейді.

«ЖИ көмегімен оқушы қандай жаңа өнім жасады?»

7

«Пән мүмкіндігін көрсет!»


Әр пәннің ерекшелігіне сәйкес білім алушының пәндік білімін, дағдысын, шығармашылығын немесе практикалық әрекетін көрсетуге мүмкіндік беретін бір еркін форматтағы іс-шара ұйымдастыру.

Әр пәннің ерекшелігіне сай білім алушының пәндік білімін, дағдысын, шығармашылығын және практикалық әрекетін көрсетуге мүмкіндік беретін еркін форматтағы іс-шара ұйымдастыру.

Пән ерекшелігіне қарай шеберлік сабақ, практикум, тәжірибе, зерттеу, сайыс, олимпиадалық тапсырма, дебат, шығармашылық шеберхана, көрме, жоба қорғау, пәндік квестжәне басқа форматтардың бірін таңдау.


Білім алушы осы іс-шарада пән бойынша нені білді, нені қолданды және қандай нәтиже көрсетті?»

8

«Озат тәжірибе – ортақ нәтиже!»«Мектептің проблемасын бірге шешеміз»

Мектептің проблемалық тақырыбын шешуге педагогтердің озық тәжірибесін жұмылдыру және тиімді тәжірибені мектептің ортақ тәжірибесіне айналдыру.

- Мектептің проблемалық тақырыбымен байланысты нақты мәселені анықтау; - тиімді әдіс, тәсіл немесе шешім ұсыну; тәжірибені әріптестермен бөлісу және практикада сынақтан өткізу;

- нәтижесін нақты дәлелдеу; - тиімді тәжірибені мектеп көлемінде таратуға келесі қадам белгілеу.

Педагогикалық тәжірибе алаңы / тәжірибе алмасу / шеберлік сағаты / практикалық кейс / әдістемелік жәрмеңке.Мектептің проблемалық тақырыбын шешуге ықпал ететін педагогтің тиімді тәжірибесі ұсынылып, әріптестермен талқыланады, практикада сынақтан өткізіледі және нәтижесі дәлелденеді.

«Менің озат тәжірибем мектептің ортақ проблемасын шешуге қалай үлес қосты?»

Онкүндіктерді бағалау

Пәндік және бағыттық онкүндіктердің нәтижелілігін анықтау мақсатында әр онкүндікке сәйкес арнайы айдарлар негізінде бағалау ұйымдастырылады. Бағалау онкүндіктің өту санын немесе іс-шаралар көлемін емес, оның мақсатқа сәйкестігін, оқушының нақты әрекеті мен нәтижесін, педагогикалық тиімділігін және мектептің өзекті проблемасын шешуге қосқан үлесінанықтауға бағытталады.

Әр айдар бойынша белгіленген критерийлер мен көрсеткіштер негізінде жинақталған нәтиже онкүндіктің сапасын, тиімділігін және нәтижелілігінайқындауға мүмкіндік береді. 

                                                    «SMART апталық: проблемадан нәтижеге»

Апталықтағы айдарды 3 балдық бағалау дескрипторлары

№

Апталық айдары

1 балл

2 балл

3 балл

1

«Сабақтағы SMART-шешім»

Қамту пайызы

50–79%

80–99%

100%


Қамту пайызын есептеу үлгісі= Қатысқан педагог саны ÷ Бірлестіктегі жалпы педагог саны × 100%

2

«Білімнен – өмірге: қолдан да көр!»

Пәндік білімді өмірмен байланыстыратын тапсырма ұсынылды, бірақ оның практикалық қолданылуы шектеулі.

Оқушы өмірлік жағдаятқа негізделген тапсырманы орындап, білімін қолданды және шешімін түсіндірді.

Оқушы білімін нақты өмірлік проблеманы шешуге қолданып, өз шешімін талдап, дәлелдеп, практикалық нәтиже көрсетті.

3

«Зертте. Дәлелде. Жаңалық аш!»

Зерттеу жұмысы немесе ғылыми жоба ұсынылды, бірақ зерттеу үдерісі толық ашылмаған.

Зерттеу мәселесі анықталып, ақпарат жинау, талдау және қорытынды жасау жүзеге асырылды.

Оқушы мәселені зерттеп, болжамын дәлелдеп, зерттеу нәтижесін нақты өнім/қорытындыға айналдырып, оны қорғады.

4

«Әр бала – бір қадам алға!»

Оқушының қиындықтары анықталып, алдын ала дайындық және қолдау жұмыстары жүргізілді.

Оқушы пәндік тест, функционалдық сауаттылық және логикалық тапсырмалар бойынша дайындық нәтижесінде байқауға қатысып, өз білімін көрсетті.

Оқушының бастапқы және қорытынды нәтижесі салыстырылып, қолдаудың нәтижесінде нақты жеке ілгерілеуі дәлелденді және жеңіске/жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін көрсетті.

Әзірлемеде«Әр бала – бір қадам алға!»байқауының ережесі мен жоспары ұсынылды.

5

«Пәннен – парасатқа!»

Пән мазмұны «Адал азамат» құндылықтарының бірімен байланыстырылды, бірақ нақты әрекет әлсіз көрінеді.

Оқушы құндылықты пәндік тапсырма, жағдаят немесе іс-әрекет арқылы көрсетті.

Оқушы пәндік білімін қолдана отырып, «Адал азамат» құндылығын нақты әрекетімен көрсетіп, өз ұстанымын дәлелдеді.

6

«ЖИ: ойлаудан – өндіруге!»

ЖИ құралы қолданылды, бірақ оның оқушының шығармашылық әрекеті мен нәтижесіне ықпалы шектеулі.

ЖИ көмегімен пәндік міндет шешіліп, нақты өнім әзірленді; өнім оқушы тарапынан өңделді.

Оқушы ЖИ-ді дайын жауап алу үшін емес, идеяны дамыту, талдау, жетілдіру және жаңа шығармашылық/пәндік өнім жасау құралы ретінде тиімді пайдаланды.

7

«Пән мүмкіндігін көрсет!»


Пән ерекшелігіне сәйкес іс-шара ұйымдастырылды, білім алушылар қатысты.

Іс-шарада білім алушылар пәндік білімін немесе дағдысын іс жүзінде қолданды, нақты тапсырма орындады, өнім/нәтиже көрсетті.

Білім алушы пәндік білім мен дағдысын өздігінен қолданып, шығармашылық, зерттеушілік немесе практикалық нәтиже көрсетті; нәтижесі нақты өнім, шешім, орындау немесе дәлел арқылы бағаланды.

8

«Озат тәжірибе – ортақ нәтиже!»
«Мектептің проблемасын бірге шешеміз»

Мектептің проблемалық тақырыбына қатысты педагогтің тәжірибесі ұсынылды, бірақ оның нәтижесі толық дәлелденбеді.

Проблеманы шешуге бағытталған тиімді әдіс/тәсіл ұсынылып, тәжірибе әріптестермен бөлісілді және нәтижесі көрсетілді.

Педагогтің озат тәжірибесі мектептің проблемасын шешуге нақты үлес қосып, нәтижесі дәлелденді және оны мектеп тәжірибесіне таратуға болатын нақты шешім/алгоритм ұсынылды.

Бұл жерде апталықтағы әр айдар үшін логикалық жүйе:
1 балл— «ЖАСАЛДЫ»
2 балл— «НӘТИЖЕЛІ ОРЫНДАЛДЫ»
3 балл— «НӘТИЖЕСІ ДӘЛЕЛДЕНДІ ЖӘНЕ ТАРАТУҒА БОЛАДЫ»
Апталықтың максималды нәтижесі:
7 айдар × 3 балл = 21 балл+пайыздық балл=24 балл


НАЗАРҒА АЛЫҢЫЗ:«Үйірмелер апталығы» апталығы, «Кері байланыс мәдениеті» апталығы, «Жас мамандар» онкүндігіне төмендегідей бағалау ұсынылады.

Бағыт

1 балл – Қатысу

2 балл – Сапалы әрекет

3 балл – Нәтиже

«Үйірмелер апталығы»

Үйірмелердің жұмысы таныстырылып, білім алушылардың қатысуы ұйымдастырылды.

Үйірме бағыттары бойынша практикалық, шығармашылық немесе жобалық жұмыстар өткізіліп, білім алушылардың белсенділігі қамтамасыз етілді.

Білім алушылардың қызығушылығы мен белсенділігі нақты нәтиже арқылы дәлелденді: өнім, жоба, жетістік, жаңа қатысушылар немесе жеке ілгерілеу көрсетілді.

«Кері байланыс мәдениеті» апталығы


Кері байланыс беру және алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сабақта/іс-шарада нақты, уақтылы және дамытушы кері байланыс беру тәсілдері қолданылды; білім алушы кері байланысты пайдаланып жұмысын жетілдірді.

Кері байланыстың нәтижесі нақты көрінді: білім алушы қателерін анықтап, жұмысын түзетті, келесі қадамын белгіледі және оқу нәтижесінде өзгеріс көрсетті.

Төменде «КЕРІ БАЙЛАНЫС МӘДЕНИЕТІ» апталығының жоспары ұсынылды

«Жас мамандар» онкүндігі

Жас мамандардың кәсіби іс-әрекеті көрсетіліп, тәлімгерлік қолдау ұйымдастырылды.

Жас маман сабақ өткізу, тәжірибе алмасу, әдістемелік тапсырма немесе кәсіби рефлексия арқылы белсенді жұмыс жүргізді; тәлімгерден кері байланыс алды.

Жас маман алған кері байланысты практикада қолданып, кәсіби әрекетінде нақты өзгеріс көрсетті; «бастапқы әрекет → қолдау → өзгеріс → нәтиже» дәлелденді.


                                       «КЕРІ БАЙЛАНЫС МӘДЕНИЕТІ» АПТАЛЫҒЫ

Мақсаты

Білім беру үдерісінде нақты, уақтылы және дамытушы кері байланыс беру мен қабылдау мәдениетін қалыптастыру, педагогтің кері байланыс сапасын бақылау және оның білім алушының оқу әрекетін жақсартуға ықпалын анықтау.

Күтілетін нәтиже

-педагогтер кері байланыстың нақты, уақтылы және дамытушытәсілдерін сабақта жүйелі қолданады;

-білім алушылар кері байланысты қабылдап, қатесін анықтайды, жұмысын түзетеді және келесі қадамын белгілейді;

-әкімшілік кері байланыстың берілу сапасы мен оның оқу нәтижесіне ықпалын нақты дерек арқылы анықтайды;

-тиімді тәжірибелер жинақталып, педагогтер арасында таратылады;

-апталық соңында «кері байланыс берілді» емес, «кері байланыс нәтижесінде не өзгерді?»деген сұраққа жауап алынады.

Апталықты іске асыру жоспары

№

Іс-шара / жұмыс түрі

Мақсаты

Іске асыру әдісі

Нәтиже / дәлел

1

«Кері байланысты алдын ала жоспарлау»

Педагогтерге апталықтың мақсаты мен бақылау өлшемдерін түсіндіру

Апталық басталар алдында педагогтерге ақпарат беріледі. Әкімшілік сабаққа ену кезінде назар аударылатын 3 өлшемді ұсынады: нақты ма? уақтылы ма? дамытушы ма?

Педагогтер бірыңғай өлшеммен жұмыс істейді

2

«Сабақтағы кері байланыс: көр де, дәлелде!»

Сабақтағы кері байланыстың нақты қолданылуын анықтау

Әкімшілік алдын ала ескерте отырып, кез келген екі күнде сабақтарға енуарқылы педагогтің кері байланыс беру әрекетін бақылайды. Бақылау: кері байланыс нақты ма, оқушыға келесі әрекетін түсіндіре ме, оқушы оны пайдаланды ма?

Қысқа бақылау парағы, нақты мысалдар, ұсыныстар

3

«Кері байланыс берудегі менің ұстанымым»

Оқушылардың кері байланысты қабылдау және оған көзқарасын анықтау

Оқушылар арасында шағын байқау/рефлексия: «Кері байланыс маған қашан көмектеседі?», «Жақсы кері байланыс қандай болады?», «Кері байланыстан кейін мен не істеймін?»тақырыптарында эссе, постер, бейнеролик немесе қысқа пікір

Оқушы көзқарасы мен тиімді кері байланыс үлгілері жинақталады

4

«Кері байланыстың сиқырлы тетігі»

Тиімді кері байланыстың педагогикалық тәсілдерін тәжірибе арқылы ашу

Дөңгелек үстел.Педагогтер нақты сабақ жағдайларын ұсынады: «Мен қандай кері байланыс бердім?», «Оқушы не істеді?», «Қалай жақсартуға болады?» Тиімді және тиімсіз кері байланыс мысалдары салыстырылады

Тиімді кері байланыстың ортақ тәсілдері мен ұсынымдары әзірленеді

5

«Апталыққа тиімді кері байланыс»

Әкімшіліктің педагогтерге беретін кері байланыс сапасын арттыру

Әкімшілік сабаққа ену нәтижесі бойынша әдістемелік кеңесте педагогке «Факт -әсер -ұсыныс -келесі қадам»алгоритмімен қысқа кері байланыс береді

Әр педагог өзінің күшті тұсын, жақсартатын тұсын және келесі қадамын анықтайды

6

«Кері байланыс нәтижесі: не өзгерді?»

Апталықтың нақты нәтижесін анықтау

Сабаққа ену барысында анықталған бастапқы жағдай мен кейінгі әрекет салыстырылады. Оқушының «қате → түзету → келесі қадам»әрекеті қарастырылады

Кері байланыстың оқу әрекетіне әсері бойынша нақты дәлелдер анықталады

7

«Тиімді тәжірибе – ортақ қазына»

Тиімді кері байланыс тәжірибесін тарату

Апталық қорытындысында педагогтердің үздік тәсілдері, оқушы пікірлері, сабақ бақылау нәтижелері жинақталып, әдістемелік қоржынға енгізіледі

«Тиімді кері байланыстың 5–7 тәсілі» ұсынымы/жадынамасы

                                      «Әр бала – бір қадам алға!» байқауы

Алдын ала дайындықтың басты түсіндірмесі
Бұл ережені байқау құжатына міндетті түрде енгізген жөн:

-Қолдауды қажеттілігі бар білімалушылармен жұмыс барысында байқаудың идеологиясын сәл өзгерткен дұрыс: баланы іріктеу емес, баланың жетістігіне жағдай жасау

-Алдын ала дайындық — «жауапты жаттату»емес, оқушыға тапсырма форматын түсіндіру, сенімділігін арттыру және өз мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік беру.Төмендегідей  ұсынылған нұсқа байқау ережесіне өте үйлеседі.

-Алдын ала дайындық алгоритмі – білім алушыны тапсырманың құрылымымен таныстыру, орындау алгоритмін меңгерту, қателерін түзету, өз күшіне сенімін арттыру және байқауда өз мүмкіндігін толық көрсетуіне жағдай жасау.

МИССИЯ:Қолдауды қажет ететін баланы ұтылу үшін емес, жеңіске жету мүмкіндігі бар екенін сезіну үшін дайындаймыз.
НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМ:  «Біз баланы байқауға дайындамаймыз — біз баланың жеңіске дайын болуына мүмкіндік жасаймыз!»
Бұл тәсілде қолдауды қажеттілігі бар балалар үшін жеңіс міндетті түрде ең көп балл жинау емес, өзінің бұрынғы нәтижесінен бір қадам алға жылжу.

                                            «Әр бала – бір қадам алға!» байқауы

Бөлім

Байқау мазмұны

Мақсаты

Қолдауды қажет ететін білім алушылардың пәндік білімін, функционалдық сауаттылығын, логикалық ойлауын дамытуға жағдай жасау, олардың өз мүмкіндігіне сенімін арттыру және байқауға қатысып, жеңіске жетуге мүмкіндік беру.

Негізгі қағидасы

«Баланы сынау емес – балаға мүмкіндік беру». Байқау оқушының әлсіз тұсын анықтау үшін емес, оның қолдау арқылы қандай нәтижеге жете алатынын көрсету үшін өткізіледі.

Қатысушылар

Оқуында қиындықтары бар, педагог тарапынан қолдауды қажет ететін білім алушылар.

1-кезең. Пәндік дайындық

Педагог пән бойынша оқушыға қиындық тудырып жүрген нақты оқу мақсаттарын анықтайды. Сол оқу мақсаттарына сәйкес байқау тапсырмаларының 5 нұсқасын алдын ала әзірлейді.

Алдын ала таныстыру

Оқушыға дайындалған 5 нұсқадағы тапсырмалардың мазмұны мен орындалу алгоритмі алдын ала түсіндіріледі. Тапсырмалардың жауаптары талданып, қателермен жұмыс жүргізіледі. Мақсат – жауапты жаттату емес, тапсырманы орындау тәсілін меңгерту.

2-кезең. «Өмірмен байланыс»

Оқушының деңгейіне сай жеңілдетілген функционалдық сауаттылық тапсырмасы әзірленеді. Тапсырманың 5 нұсқасы алдын ала таныстырылып, оны шешу жолдары бірге талданады.

3-кезең. «Ойлан да, жауап бер!»

Қызықты логикалық мазмұндағы, бір ғана дайын жауабы жоқ немесе жауабын өз логикасымен түсіндіруге мүмкіндік беретін ашық сұрақтар әзірленеді. 5 нұсқасы алдын ала ұсынылып, оқушылармен талқыланады.

4-кезең. Байқау

Байқау барысында оқушыға алдын ала таныстырылған форматқа сәйкес тапсырмалардың жаңа нұсқасы ұсынылады. Оқушы өз білімін, ойлауын және алған қолдауының нәтижесін көрсетеді.

5-кезең. Нәтиже

Оқушының нәтижесі бастапқы деңгейімен салыстырылады. Бағалауда тек дұрыс жауап саны емес, оқушының жеке ілгерілеуі, тапсырманы орындау дербестігі, логикалық ойлауы және өз жауабын түсіндіруі ескеріледі.

Байқаудың 3 бағыты

Бағыт

Мазмұны

Мақсаты

«Білгенімді көрсетемін»

Оқу мақсаттарына негізделген пәндік тест

Пәндік білімдегі ілгерілеуді көрсету

«Білімім – өмірде»

Жеңілдетілген функционалдық сауаттылық тапсырмасы

Білімді өмірлік жағдаятта қолдану

«Ойлан. Тап. Дәлелде!»

Қызықты логикалық және ашық сұрақтар

Логикалық ойлау мен өз ойын дәлелдеуді дамыту


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив