"Хороший мұғалім — мектептің жүрегі. » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №33 имени Кенесары Касымулы»
управления образования города Шымкент
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Версия для
слабовидящих
18
май
2026

"Хороший мұғалім — мектептің жүрегі.

Қадірлі біздің асыл ұстазымыз, ардақты ардагер!
Сізді бүгінгі Алғыс айту күнімен Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері атынан шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздық жол -ең қиын, бірақ ең асыл жол. Сіз осы жолда талай шәкірттің «әліппесін» ашып, олардың алғашқы қалам ұстаған саусақтарына күш, санасына сәуле бердіңіз. Сіздің мейірім толы жанарыңыз бен сабырлы үніңіз қаншама баланың тағдырына жол сілтеді. Баланы тек біліммен емес, жүрекпен тәрбиелеуді, қандай жағдай болмасын, ұстаздық абыройды биік ұстауды ту еткен ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! "Хороший мұғалім — мектептің жүрегі." Сіз біздің мектептің соғып тұрған жүрегі, сарқылмас тәжірибе мектебісіз. Біз Сіздің ізіңізді басып келе жатқанымызды мақтан тұавгуст. Сіздің жүріп өткен жолыңыз — біз үшін нағыз мектеп, нағыз өнеге. Төріміздің сәні, ұжымымыздың мақтанышы болып аман-есен жүре беріңіз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив