"Робот техникасы" тақырыбында сайыс » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №33 имени Кенесары Касымулы»
управления образования города Шымкент
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Версия для
слабовидящих
19
февраль
2024

"Робот техникасы" тақырыбында сайыс

Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім мектебінде информатика пәні мұғалімдері Жумабаева Л.Л, Мустафаева К.К, Байрова А.А., Зейнуллаева Т.И "Робот техникасы" атты тақырыпта сайыс өткізді. Практикалық жұмыс 1-4 сынып оқушылары арасында, Программалау тапсырмасы 5-11 сынып оқушылары арасында,Робот құрастыру жұмысы 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Сайыс өте қызықты өтті, оқушылар белсенді қатысты. Python программалау  және  HTML  тілінде программа құрау тапсырмалары орындатылды. Әділ қазы алқалары математика пәні мұғалімі Шагиева С.И., ӘБ жетекшісі Абдуайтова А.Ш. оқушылардың жасаған еңбектерін балдық жүйеде бағалап отырды. Сайыс қорытындысы бойынша І орында 4 оқушы алды. Олар 11 Б сынып оқушысы Халила Диана, 10  Ә сынып оқушылары Нәлмахан Еділ, Нәлмахан Жайық. 8 Д сынып оқушысы Радионов  Артем. ІІ орынды -  6 оқушы, ІІІ орынды - 10 оқушы иеленді. Шәкірттеріміз тек биіктен көріне берсін!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив