14
қыркүйек
2026
2026-2027 оқу жылына арналған педагог- логопедтің жылдық жоспары
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры
С.А.Мамытбаева
______________
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің
2026-2027 оқу жылына арналған педагог- логопедтің жылдық жоспары
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» ескере отырып жасақталды.
Жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылармен коррекциялық құрылым аспектісі әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар оқушылармен жұмыс жасау білім беру, тәрбиелеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Логопедиялық, коррекциялық-педагогикалық әсер етулер оқушыдағы сөйлеу бұзылыстарын жою және де мектепте оқу процесінде қиындық тудырмауға болысады. Мақсатқа жету жеке және фронтальды сабақтарда логопедтің түзету жұмысымен жүзеге асырылатын, сонымен қатар сынып жетекшісімен, ата-анасымен бір қалыпты сөйлеу тәртібін құру негізінде шешілетін білім беру, тәрбиелік, түзету мен дамыту әдістерін кеңінен қолданумен қамтамасыз етіледі.
Мақсаты: Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушыларға логопедиялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру, сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу және түзету жұмыстарын жүргізу.
Міндеттері:
1.Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға диагностика жүргізу.
2.Сөйлеу тілі бұзылған оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізе отырып әлеуметтік ортаға бейімдеу.
3.Сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын ала отырып, түзете-дамыту арқылы білім беру.
Жылдық жоспарда қамтылған 5 бағыт:
1. Ұйымдастырушылық бағыт
2. Диагностикалық бағыт
3. Консультативтік бағыт
4. Дамытушылық бағыт
5. Өзін-өзі дамыту
Педагог- логопед: Р.Р.Сахова

| № | Жұмыс бағыты | Жұмыс түрі | Жауапты маман | Мерзімі |
| 1 | Ұйымдастырушылық бағыт | -Нормативтік-құқықтық базамен танысу (заңнама), педагог-логопедтің құжаттарын жасақтау; -Оқу жылының басында 2 апталық диагностика жүргізу. Оқушыларды жалпы сыныпта бақылау, логопед көмегін қажет ететін оқушылар санын анықтау. | Педагог-логопед | Қыркүйек (Құжаттар бойынша жұмыстар жыл бойы) |
| 2 | Диагностикалық бағыт | -Сөйлеу тілі бұзылған оқушыларды диагностикалау; -Оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу тілін тексеру; -Қиындықтардың себептерін айқындау | Педагог-логопед | Қыркүйек (І, ІІ жартыжылдық) |
| 3 | Консультативтік бағыт | -Ата-аналарына н/е заңды өкілдеріне, мұғалімдерге тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша көмек көрсету, бағыт-бағдар беру; -Сынып жетекшілерімен бірге оқушылардағы тіл бұзылыс түрлерін, жазу, оқу бұзылыстарын анықтау. -Логопедия сұрақтары бойынша кеңес беру; -Оқушыға жүргізілетін түзету жұмысы жайлы ата-ананы хабардар ету; -Жасалған жұмысқа анықтама жазу. | Педагог-логопед | Қажеттілігіне қарай жыл бойы |
| 4 | Дамытушылық бағыт | -ПМПК қорытындысы бар н/е мектепшілік анықталған оқушыларға сөйлеу карта, логопедиялық қорытынды, ЖДБ, дәптерлерін жасақтау; -Жеке және топтық сабақтар ұйымдастыру; -Сөйлеу тілінің бұзылысына түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану; | Педагог-логопед | Қажеттілігіне қарай жыл бойы |
| 5 | Өзін-өзі дамыту | -Ғылыми-әдістемелік құралдарды зерделеу; Біліктілікті арттыру курстарынан өтуді ұйымдастыру (Сертификат,алғыс хат, мадақтама т.б) | Педагог-логопед | Жыл бойы |