Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен оқушының ата-анасы (өзге де заңды өкілінің) арасындағы №_________ келісім-шарт » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен оқушының ата-анасы (өзге де заңды өкілінің) арасындағы №_________ келісім-шарт
03
сәуір
2019

Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен оқушының ата-анасы (өзге де заңды өкілінің) арасындағы №_________ келісім-шарт

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Д.Құрманбеков к., 36 үй

Түзілген уақыты: _________________________________


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексі, басқа да нормативтік-құқықтық актілер және «Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналды мекемесінің Жарғысы, мектепішілік тәртіп Ережелерінің негізінде, білім ұйымының басшысы атынан Д.А.Аширбекова, «Білім ұйымы» деп аталатын бірінші тарап (бұдан әрі – 1-Тарап) және бұдан былай «Ата-ана» деп аталатын екінші тарап (бұдан әрі – 2-Тарап) _____________________________ (ата-анасының (өзге де заңды өкілінің) аты-жөні) арасында төмендегі туралы осы келісім-шарт жасалды.


1.Келісім-шарттың мәні


1.1.      Білім ұйымы келісім-шарттың талаптарына байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру қызметін көрсетеді.

1.2.      1-Тарап және 2-Тарап бұдан былай «Білім алушы» деп аталатын «___»_____________ жылы туылған _______________________________________ білім беру, тәрбиелеу, дамыту ісінде біріге әрекет етеді.

1.3.      Тараптар өз іс-әрекеттерінің нәтижелі болуы үшін осы келісім-шартпен шектелген бірлескен жауапкершілік алады.


2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

1-Тарап:

2.1.      Мектептің, мұғалімнің, мектеп барлық қызметкерлерінің жеке тұлғасының ары мен қадір қасиетін қорғауға, сыйлауға;

2.2.      Ата-аналарға (өзге де заңды өкілдерге) психологиялық және педагогикалық көмек көрсетуге және білім алушыдан оқу жүктемесін толық меңгеруді талап етуге;

2.3.      Жеке тұлғаның интеллектуалдық, адамгершілік, эмоционалдық және физикалық дамуы үшін, оның мүмкіндігін жан-жақты дамыту үшін жағымды жағдай жасауға, жеке тұлғаның құқығы мен еркіндігін қорғауға кепілдік беруге;

2.4.      Адамгершілік - құқықтық тәрбиені тәрбие жұмысының негізі етіп алуға және оқушының негізгі оқу нәтижесін жазып алып, Ата-аналарына (өзге де заңды өкіліне) таныстыруға;

2.5.      Ата-аналарды (өзге де заңды өкілінің) Жарғымен, білім ұйымының ішкі тәртіп ережелерімен, оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін басқа да білім ұйымы актілерімен таныстыруға;

2.6.      Білім алушының білім ұйымындағы және сабақтағы кезеңдегі денсаулығы мен өмірі қауіпсіздігінің сақталуына жауапкершілік алуға; 

2.7.      Білім алушы мен оның ата-аналарынан (өзге де заңды өкілдерінен) осы келісім-шарттың барлық талаптарын орындауын талап етуге құқылы.

2.8.      Әр оқу жылы соңындағы білім алушының базалық және қосымша саланы меңгеру деңгейін көрсететін құжат ұсынуға (үлгерім табелі) міндетті.

2-Тарап:

Білім алушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

3.1.      Білім алушының тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім ұйымын таңдауға;

3.2.      Ата-аналар комитеттері арқылы білім ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3.3.      Білім ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына, тәртібіне және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

3.4       Өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық, педагогикалық консультациялардан кеңес-көмек алуға;

3.5.      Балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

3.6.      Білім алушыларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

3.7.      Баласының жалпы білім беру ұйымында одан әрі білім алуы үшін мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;

3.8.      Білім ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

3.9.      Білім алушылардың оқу орнындағы сабаққа толық қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

3.10.    Білім ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

3.11.    Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

3.12.    Білім ұйымында белгіленген оқушының киім формасын сақтауға міндетті.


4. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері:

4.1.      Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға, жақсы оқуға, өзін әдепті ұстауға, оқуға байланысты тапсырмаларды орындауға, мектептің әрбір мұғалімі мен қызметкерлерінің ар-намысы мен қадыр қасиетін сыйлауға;

4.2.      Білім ұйымы басшылыққа алатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқу жоспарлары, білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

4.3.      Оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

4.4.      Өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

4.5.      Білім ұйымдарын өзін өзі басқару жұмысына қатысуға;

4.6.      Білім ұйымдарында білім алушылар үшін, оның ішінде, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

4.7.      Спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

4.8.      Өзінің пікірін еркін білдіруге;

4.9.      Өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

4.10.    Оқудағы, ғылыми және шығармашылық, спорттық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және марапатталуға құқығы бар.

4.11.    Білім ұйымында білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.


5.Білім алушыларға тыйым салынатын талаптар:

5.1.      Білім ұйымына қару, отта және жарылу қауіптілігі бар заттарды, уландыру газдарды, спирттік ішімдіктер, темекі және есірткі өнімдерін әкелуге, таратуға және қолдануға;

5.2.      Ересектермен басқа оқушылармен қарым-қатынасты күшпен анықтауға, қорқыту, қоқан-лоққы көрсету арқылы күш көрсетуге;

5.3.      Қоршаған орта үшін қауіпті саналатын кез келген іс-әрекет қолдануға, мемлекеттік мүлікке зарар беруге; 

5.4.      Жалған анықтамалар, ата-аналар атынан жазбалар және басқа жалған құжаттар ұсынуға, журналдағы бағалар мен басқа да құжаттарын түзетуге;

5.5.      Білім ұйымында және ауласында темекі шегуге, балағат сөздер айтуға, қоқыс шашуға;

5.6.      Білім ұйымының мүлкіне зиян келтіруге, оқу бөлмелері мен қосымша кабинеттерді, ауланы ластауға;


6. Келісім -шаттардың мерзімі

6.1.      Келісім-шарт қол қойылған уақыттан бастап, білім алушының білім ұйымында оқыған мерзімінің соңына дейін жарамды.


7. Келісім шартты өзгерту және бұзу талаптары

7.1.      Келісім-шарт қол қойған уақыттан бастап күшіне енеді;

7.2.      Келісім-шарттың мерзімі білім алушы мектепті толық бітіргенге дейін. Егер тараптардың екеуі де келісім-шартты оның аяқталу мерзіміне дейін өтініш жасамаса, келісім - шарт жыл сайын созылады

7.3.      Келісім-шарт мерзімінен бұрын:

7.4.      Білім алушының тұрғылықты мекенжайы өзгеріп басқа білім ұйымына ауысқан жағдайда;

-           Тараптардың бірінің өз міндетін орындамаған жағдайында келесі тараптың ұсынысымен;

-           Ата-ананың (өзге де заңды өкілінің) әдепсіз мінез-құлық көрсету немесе білім алушының білім ұйымының ішкі тәртіп ережелерін жүйелі түрде бұзу жағдайында білім ұйымының ұсынысымен;


Тараптардың қолы:

1-ші Тарап__________________________                                          2- ші Тарап_____________________________

____________________________________                                         _________________________________________

Мекенжайы:________________________                                           Мекенжайы:_____________________________

____________________________________                                         _________________________________________

Телефоны:__________________________                                           Телефоны:_______________________________

Қолы:  _____________________________                                           Қолы:___________________________________ 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив