Тарихи анықтама
Тарихи анықтама
Шымкент қаласы, «Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Біздің мектебіміздің іргетасы 1962-63 оқу жылында қаланған. Мектеп алғаш рет Қазақ ССР Оқу министрлігі Шымкент қаласы А.Николаев атындағы №33(65) өндірістік оқытумен орта политехникалық мектебі болып ашылды. Ол Қорғасын заутының мөлтекауданындағы ең алғашқы орта мектебі еді.
Мектептің алғашқы директоры Григорьев Константин Васильевич. Ең алғашқы оқу жылында 61 түлек бітірген.
Мектепте 1-4, 9-11 сыныптар оқыған. 1-4 сыныптарға мөлтекаудан балалары қабылданса, 9-11 сыныптарға Қорғасын мөлтекауданында орналасқан №4,5,25 мектептер оқуышылары оқуын жалғастырған. Олар аптасын 4 күн мектепте жалпы білім беру бағдарламасы бойынша, 2 күн ШҚЗ мен ШПАЗ базаларында мамандықтар бойынша оқыған. ШҚЗ оқушылар келесі мамандықтар бойынша біліктілік алған: электрқабушы, б-б тәрбиешісі, құрылғышы, ТББ бақылаушысы. ШПАЗ химик-зертханашы, сызушы,ТББ бақылаушысы, краншы, слесарь-жинақтаушы мамандықтары бойынша оқыған.
1966-67 оқу жылында зауттардың газдандыру бойынша бірінші категорияға өтуіне байланысты политехникалық оқытудан мектебіміз соңғы 11 сыныпты бітіргізіп, 10 жылдық жалпы орта мектеп бағдарламасына көшкен.
1972-73 оқу жылын мектеп жаңа оқу ғимаратында бастаған. Осы ғимаратта әлі күнге шейін мектеп тарихы жалғасуды.
Мектебіміз Шымкент қаласы, Абай ауданы, Д.Құрманбеков көшесі бойындағы №36 ғимаратта орналасқан.
Мектебіміздің қабырғасында оқып, білім алған жүз мыңдаған жастар еліміздің көлемінде және алыс-жақын елдерде абыроймен еңбек етіп, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосып келеді. Сапалы білім, саналы тәрбиені жас ұрпақтар бойына дарыта білген көптеген ұлағатты ұстаздар еңбек етіп келе жатқан бұл мектеп Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының әкімшілігі, Білім беру басқармасының 23.04.2001жылғы №213 бұйрығы негізінде «Кенесары Қасымұлы атындағы №33 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 орта мектепке» ММ жарғысы бойынша Шымкент қаласы әкімінің 11.06.2002 жылғы №757 қаулысы негізінде жер учаскесінің тұрақты жерін пайдалану құқығы берілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 05 наурыздағы «Қалалық білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» №336 қаулысы негізінде мектеп жанынан шағын орталықтың ашылуына байланысты «Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп» болып өзгертілді.
ҚР ОҚО Әділет департаментінде 05.10.2012 жылы 2721-1958-01- ММ мемлекеттік тіркеуі бойынша қайта мемлекеттік тіркеуден өтіп, заңды тұлға құқығына ие болды. Банктерде есеп айырысу, дербес балансы және есеп шоттары, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы белгіленген, атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбасы бар оқу мекемесі.
Мектеп директоры Аширбекова Дана Артаевна Шымкент қалалық білім беру саласындағы атқарушы органның заңдарда көрсетілген ережеге сәйкес конкурстық іріктеу негізінде тағайындалған. Мектептің құрылтайшысы және уәкілетті органы Шымкент қаласының әкімдігі болып табылады.
Мектептің көлемі: 4187,5 м2
Мектептің ауданы: 2853,6 м2
Мектептің қуаты: 960 бірлік
Ғимараты 3 қабатты
Мектеп телефоны: 44-47-71