25
қыркүйек
2019
"Анама хат", "Әкеме хат"
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жоббм 7-11 сынып оқушылары арасында отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-ана мен баланың арасындағы түсінбеушіліктің алдын алу, тіл табысып кетуіне ықпал ету мақсатында "Анама хат", "Әкеме хат" тақырыбында хат жазу іс-шарасы үйымдастырылды. Оған оқушылар белсене қатысты. Іс-шара ана мен бала арасындағы ізгі байланысты бекітіп, қазақстандық қоғамдағы отбасы мерейін арттыруға бағытталған. Оқушылар өз хатында аналарына, әкелеріне деген жүрекжарды сезімдерін жеткізуге тырысты.
















