21
қараша
2019
Кезекші мұғалім міндеттері
- Кезекші мұғалім жұмыс орнына сабақ басталудан 15-20 минут бұрын келіп, оқушыларды қарсы алады.
- Кезекшілік барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен кез келген келеңсіз жағдайларға жауапты.
- Кезекші оқушылардың бағалы заттарының жоғалуына жауап бермейді (ұялы, телефон, құнды заттар, ақша).
- Кезекші мұғалім кезекшілік ететін қабаттың тәртібі мен тазалығына жауап береді.
- Мектеп мүлкінің сақталуын бақылайды.
- Кезекшілік соңында мұғалім атқарылған жұмысы жайлы дәптерге жазып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына мәлімдейді.
Бірінші ауысым екінші ауысымға кезекшілікті тапсырады.
- Мектеп ауласындағы кезекші мұғалім оқушыларды шығарып салуы тиіс, тәртіп сақтауды қадағалау тиіс.
Кезекшілік уақыты:
I ауысым сағат 0745 – 1345
II ауысым сағат 1345- 1920
Мектеп кезекшілігінің дұрыс атқарылуына мектеп директордың ауысым бойынша тәрбие орынбасарлары жауапты.