ҚР білім саласындағы заңнамалар » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қыркүйек
2019

ҚР білім саласындағы заңнамалар

ҚР білім саласындағы заңдары


2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрық
"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде № 9319 тіркелді
      БҰЙЫРАМЫН:
       1. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 78 (28017) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
       «1. Мыналар:
       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       3-1) осы бұйрыққа 3-1 қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       3-2) осы бұйрыққа 3-2 қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       6-1) осы бұйрыққа 6-1 қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       6-2) осы бұйрыққа 6-2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
       16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары.»;
       осы бұйрыққа 1 – 8-қосымшаларға сәйкес тиісінше 3-1, 3-2, 6-1, 6-2, 13, 14, 15, 16 қосымшалармен толықтырылсын.
       2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
       1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
       2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
       4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
      Министр                                          А. Сәрінжіпов











2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрық
Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелді
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-25-қосымшаларына сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
2) осы бұйрықтың 26-58-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
 3) осы бұйрықтың 59-108-қосымшаларына сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оку бағдарламалары;
 4) осы бұйрықтың 109-113-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін.
 2. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі — ҰБА) (Ж.О. Жылбаев) осы бұйрықпен бекітілетін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің, таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламаларының Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.
 3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
 5. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.
Министр Б. Жұмағұлов



2017 жылғы 13 желтоқсандағы №615 бұйрық

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 қаңтарда № 16199 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
     1. "Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарындағы нысандар:
     орта білім беру ұйымындағы бұйрықтарды тіркеу кітабы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алу кітабы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     білім алушыларды жазатын алфавиттік кітап осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     жеке іс қағазы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     1-4-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     5-11 (12)-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     факультативтік сабақтардың/үйде оқыту журналы осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     мектепалды сыныптарының журналы осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабы осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     1-4 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табель осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     5-11(12) сынып білім алушысының сабақ үлгерімі туралы табель осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     негізгі орта орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабы осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабы осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабы осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     орта білім беру ұйымынан кеткен білім алушыларды есепке алу кітабы осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
     орта білім беру ұйымына келген білім алушыларды есепке алу кітабы осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
     2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
     1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
     2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде елтаңбалық мөрімен куәландырылған қағаз данасы қосымшасының электронды тасығышта ресми жариялауды;
     3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқұқтық актілердің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін осы бұйрықты қол қоюға уәкілетті адамның куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің расталған мөрлі электронды және басылымды түрін жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;
     5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
     4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрық
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15681 болып тіркелді.
     2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.
     2. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
     3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
     1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
     2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
     4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
     5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрық
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік
 аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығы
(2012.04.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.25.12. № 590 Бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін.
 
 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
 
 1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
 
 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
 
 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив