Ата-аналар жиналысы өтті » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қараша
2019

Ата-аналар жиналысы өтті

Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жылдың 9 қараша күнінде жоспарлы ата-аналар жиналысы өтті.
Мектептегі оқушылар саны бір жарым мыңнан асса да, келген ата-аналар саны 300-ге жетпеді. Жиналыс тақырыбы мектеп үшін де, отбасы үшін де ауқымды, маңызды болды. Сонда бір қатар ата-ана неге баласының білім мен тәрбие алу үдерісіне көңіл аудармады деген сұрақ туындайды. Кәмелетке толмаған бала әрдайым ата-анасының қамқорлығы мен көңіл-назарына мұқтаж екенін ескерткіміз келеді. Қоғамда кең ауқымды тараған мектепке деген патерналистік қарым-қатынастың зиянын түсіндіру мақсатында мына негізгі принциптерді еске салайық:

Баланың мектептегі, қоғамдағы жүріс-тұрысы мен тәлім-тәрбиесіне ата-ана жауапты.

Оқушыға мектепте беріліп жатқан білім сапасы мен мағынасына мұғалім жауапты.

Мектепте беріліп жатқан білімді сапалы иеруге оқушы жауапты.

Жиналыста І тоқсандық қорытындысы, оқу-тәрбие үдерісінің барысы мен өзгерістері, Олимпиада жетістіктері, ҰБТ-ге кеңестер туралы, жағымды орта, "ұрпақтар теорясы" туралы талқыланды. 
Мектеп директоры Дана Артайқызы Аширбекова критериалды бағалау, өзін-өзі бағалау, оқушының оқудағы жеке  мақсаты мен жоспары туралы. "Ұрпақтар теориясын " түсіндіре отырып, білім беруде неге өзгерістер қажет екенін түсіндірді. Ата-аналар көп сұрақтар қойып, қаңағатты жауап алды. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив