STEAM » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сәуір
2019

STEAM

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Кенесары Қасымұлы атындағы № 33 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектепте STEAM — білім беру үдерісін ұйымдастырудың баламалы жолдары» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинардың мақсаты — SТЕАM білім беру жұмысын жүйелей отырып, оқушыларды зерттеу мен ғылыми ізденіске баулу. Семинар барысында оқушылар өздерінің шығармашылық ойларымен бөлісе отырып, дайындаған жұмыстары жайлы мәлімдеді. Семинар аясында оқушы туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қолөнер бұйымдары, ақпараттық технология, робототехника, инженерия салалары бойынша оқушылардың жұмыстары жинақталған. Семинар барысында жоба ретінде көлеңкелі қуыршақ театрының қойылымы ұсынылды. Тәжірибелік семинарға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен қала мектептерінің ұстаздары қатысты. Атап айтсақ, ОҚМПУ-дің физика- математика факультетінің деканы А. Б. Ибашова, информатика кафедрасының меңгерушісі Л.А.Сүлейменова, Цифрландыру және IT басқарма басшысы Е. Ж. Махашов, Цифрлық білім беру ресурстары орталығының басшысы Л. М. Байырбекова қатысып,семинарға жоғары баға берді.

Похожие публикации:

02 сәуір 2019 Біз туралы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив