19
қыркүйек
2019
Жалпыға міндетті оқу қоры туралы
Жалпыға міндетті оқу қорынан берілетін көмек түрлері мен саны
№1. Жалпыға міндетті оқу қорынан қандай көмек көрсетіледі?
Егер материалдық жағдайға байланысты сабаққа келе алмаған оқушыға мектеп жалпыға міндетті оқу қорынан (всеобуч) көмек ретінде:
Біріншіден, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
Екіншіден, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
Үшіншіден, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, қамқорлыққа алған отбасыларда тұратын балалар;
Төртіншіден, төтенше жағдайға тап болғандықтан шұғыл көмек керек отбасы балаларына.
Егер, жоғарыда көрсетілген санаттарға кірмей, бірақ көмекке мұқтаж болсаңыз, онда сізге мектепке барып өтініш қалдыруға болады. Оны білім беру ұйымының алқалы басқару органы қарастырып, шешім қабылдайды.
Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар жоғарыда аталған санатқа кірсе ғана осы көмекті ала алады.
№3. Қаржылай көмек қандай жағдайда беріледі?
ҚР "Білім туралы" Заңының 49-бабына, ҚР Үкіметінің №64 қаулысына үңіліп қарасаңыздар, жалпыға міндетті оқу қорына бөлінген қаржыны жұмсау міндетінің ата-анаға емес, мектеп басшылығы мен қаржы қызметіне жүктелгені анықталады. Сондықтан, әр мектеп берілген қаражатты ата-ана қалдырған өтінішке сай жұмсайды, яғни қажетті заттарды сатып алып, балаларды қамтамасыз етуі тиіс.
Ескерту! Жалпыға міндетті оқу қорынан берілетін көмекті алу үшін ата-ана әлеуметтік мұғалімге келіп, өтініш жазуы керек. Әйтпесе, оларға "осы көмекті алуға тиістісің" деп арнайы келіп, ешкім айтпайды.
№4. Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасы екенін анықтау үшін қандай құжат тапсыру керек?
Қабылдап алынған құжат мектептің комиссиясына жіберіледі.
Есіңізде болсын! Құжатты жыл бойы жаңарту қажеттілігін ұмытпау керек. Өйткені, кейбір анықтамалар жыл ішінде ескіріп қалуы мүмкін, мысалы, атаулы әлеуметтік көмектің шартты немесе шартсыз түріне байланысты.
№5. Көмек қай уақытта көрсетіледі?
Күніне бір рет ыстық тамақпен қамтылуы жылдың қыркүйек – желтоқсан айларында бірінші лек, қаңтар –мамыр айларында екінші лек көрсетіледі.
Жазғы сауықтандыру лагерлерге жолдамамен жазғы маусымында қамтылады.
Мектеп формасы, мектепке қажетті құрал-саймандар, оқу құралдары (дәптер, қаламсап, т.б.) алу үшін қаржылай көмек тамыз, ақпан айларында беріледі
Мерекелік іс-шараларына қатысуға мүмкіндік Жаңа жыл, Балалар күніне орай беріледі

- Күніне бір рет ыстық тамақ береді
- Мектеп формасын, мектепке қажетті құрал-саймандар, оқу құралдарын (дәптер, қаламсап, т.б.) алу үшін қаржылай көмек;
- Жаздық лагерлерге кезекпен жібереді;
- Мерекелік іс-шараларына қатысуға мүмкіндік береді;
Біріншіден, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
Екіншіден, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
Үшіншіден, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, қамқорлыққа алған отбасыларда тұратын балалар;
Төртіншіден, төтенше жағдайға тап болғандықтан шұғыл көмек керек отбасы балаларына.
Егер, жоғарыда көрсетілген санаттарға кірмей, бірақ көмекке мұқтаж болсаңыз, онда сізге мектепке барып өтініш қалдыруға болады. Оны білім беру ұйымының алқалы басқару органы қарастырып, шешім қабылдайды.
Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар жоғарыда аталған санатқа кірсе ғана осы көмекті ала алады.
№3. Қаржылай көмек қандай жағдайда беріледі?
ҚР "Білім туралы" Заңының 49-бабына, ҚР Үкіметінің №64 қаулысына үңіліп қарасаңыздар, жалпыға міндетті оқу қорына бөлінген қаржыны жұмсау міндетінің ата-анаға емес, мектеп басшылығы мен қаржы қызметіне жүктелгені анықталады. Сондықтан, әр мектеп берілген қаражатты ата-ана қалдырған өтінішке сай жұмсайды, яғни қажетті заттарды сатып алып, балаларды қамтамасыз етуі тиіс.
Ескерту! Жалпыға міндетті оқу қорынан берілетін көмекті алу үшін ата-ана әлеуметтік мұғалімге келіп, өтініш жазуы керек. Әйтпесе, оларға "осы көмекті алуға тиістісің" деп арнайы келіп, ешкім айтпайды.
№4. Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасы екенін анықтау үшін қандай құжат тапсыру керек?
- Өтініш;
- Отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер;
- Балалардың туу туралы куәліктері (анықталу үшін және қайтарылады)
- Тұрғын-тұрмыстық жайы туралы акті т.б.