01
қыркүйек
2022
Ескаирова Фарида Уалихановна
Мен, Ескаирова Фарида Уалихановна, математика пән мұғалімі болып Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Кенесары Қасымұлы атындағы номері 33 жалпы орта білім беретін мектебіне НR Process цифрлық жүйесі бойынша конкурс арқылы 2021 жылдың 5 қазанында қабылдандым.Жұмысқа тұру барлығы әділ, ашық түрде өтті: комиссия мүшелері пәнге байланысты және педагогика-психологиядан сұрақтар қойды. Солардың қойған баллдары жоғары болғандықтан, жұмысқа қабылдандым. Міне, осындай HR Process цифрлық жүйесі арқасында әрбір педагог бос орынға тіркеліп, конкурсқа қатысу арқылы жұмысқа қабылдана алады.